Сабақ. Латын ветеринариялық терминологиясы пәніне кіріспе. Латын әліпбиі (алфавиті). Латын тілі және оның қысқаша тарихы Жоспар: Латын тілі және оның қысқаша тарихы



бет2/4
Дата25.12.2021
өлшемі22,61 Kb.
#105376
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
№1 сабақ. Латын вет терминологиясы
психология сабак11, 1. леуметтану а кіріспе. леуметтанулы иял леуметтанулы орта , Гос экзамен жауаптары, otchet o rabote s odarennymi detmi, Speaking, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж
Архаикалық кезең (б.э.д. 650-480 жылдары) осы заманнан қалған қолжазбалардан дерек береді. Б.з.б. IV ғасырда өмір сүрген Аристотель жануарлар және өсімдік әлемін қорытындылауға тырысқан, ал оның оқушысы Феофраст (IV—III б.з.б.) өсімдіктердің құрылысы және көбеюі туралы трактат жазып қалдырған.

Классикаға дейінгі кезең (б.э.д. 3 және 2 ғасырларда) - әдеби латын тілінің аяққа тұру кезеңі болып саналады. Бұл заманнан Теренция мен Плавтаның комедиялары, Энния мен Невияның поэзиялары, Катонның «Жер игеру» туралы трактаты хабар береді.

Латын тілінің ең жоғары биігіне жеткен кезеңі, бұл б.з.б. I ғасырда император Августың билік құрған кезеңі – «Алтын кезең». Алтын немесе классикалық кезең, латын тілінің грамматикалық, синтаксикалық және стилистикалық мәресіне жеткен кезеңі. Бұл заманның көрнектілігін шыңырау биігіне жеткізген Цицерон, Цезарь сияқты жазушылар, Вергилий, Гораций және Овидий сияқты ақындар болатын. Ғалым Диоскорид (б.э.д. I ғ.) 400-дей өсімдік туралы мағлұмат беріп кеткен. Соңынан көптеген жануарлар мен өсімдіктердің аты латындандырылып, зоологиялық және ботаникалық номенклатураға енгізілді. Көне Римде табиғаттану ғылымына философ Лукреций Кар (б.з.б. I ғ.) «De rerum natura» («Заттардың табиғаты туралы») поэмасымен, натуралист Плиний Старший (б.з.б. I ғ.) «Historia naturalis» («Естественная история») атты ғылыми еңбегімен, энциклопедист Авл Корнелий Цельс (б.з.б. I ғ.) «De medicina» («Медицин туралы») атты сегіз томдық қолжазбасымен латын тілінің қорына өшпес із қалдырды. Латын тілінің алтын дәуірінің ең жарқын көрінісі — Вергилийдің Гомерге еліктеп жазған Енеида жыры. Соған ұқсас үрдістерді Горацийдің шығармаларынан байқауға болады: оның одалары мен сатиралары грек үлгілерімен жазылған. Овидий де сол сияқты мифологиялық тақырыптарға көлемді жырлар жазған. Ол «Махаббат өнері» (Ars Amatoria) деп аталатын жырдың да авторы. Тибулл мен Проперцийлер де грек үлгілеріне негізделген шығармалар жазды.

Латын тілінің «Күміс дәуірі» (б. з. 14-117 ж) классикалық латын тілі дәуірінен шегінген уақыты. Бұл кезде латын әдеби тілінің фонетикалық, морфологиялық заңдылықтары және орфографиялық анықтамалары толық деңгейіне жеткен кезеңі болатын. Бұл заманның көрнекті жазушылары - Петроний, Марциал, Тацит, Сенека и Ювенал.

Келесі кезеңді латын тілінің соңғы дәуірі (б.з. 2-5 ғасырлар) алады. Бұл дәуір латын тілі Еуропаның басқа да елдерінің тілдерімен араласып кеткен кезеңі. Бұл кезеңде тарих, заң, жер игеру, сәулет өнері дамып, әдеби шығармалар көп жазылды. Біздің заманыздың 5 ғасырында Рим империясы құлдырағаннан кейін де, латын тілі әдеби және сөйлесу құндылықтарын жойған жоқ. Бара-бара Еуропа елдері бір-бірінен алшақтап, әр елде ұлттық тіл пайда бола бастады. Бұл кезеңде қазіргі Италия, Франция, Испания, Португалия, Румыния елдерінің территориясында роман тілдері (Romanus — римдік) қалыптаса бастайды. Осыған қарамай, әр мемлекет ортақ тілге зәру болды – бұл тіл көп ғасырлар бойы мемлекеттік мекемелер, дипломатия, шіркеу, білім және ғылымда пайдаланған - латын тілі болып келді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет