Сапқа тұрғызу, кезекші мәліметі, сәлемдесу. Сабақ мақсатын түсіндіру. Саптағы жүру, жүгіру, жалпы дамытатын жаттығуларды орындау. Тыныс алу жаттығулары.
10′-12′
Оқушылардың киіміне, тәртібіне, бұйрықтың дұрыс орындалуына назар аудару.
Негізгі бөлім
Тосқауыл қою – қарсыластың шабуылдау соққысынан соң доптың ұшуына кедергі жасау мақсатында тордың үстіңгі деңгейіне екі алақанды қосып, қарсы тосу керек.Бұл қорғаныс әрекеті кей жағдайда қарсы шабуыл жасау тәсілі болып табылады. Тосқауыл жасауды бір, екі, кейде тіпте үш ойыншы бірігіп жүзеге асыра береді. Тосқауыл қойушылардың орындарын қасындағы әріптестері қорғап қалу керек. Тосқауыл қоюды әдетте бойы биік ойыншылар қойған жөн. Екі жақты волейбол ойынын ойнату.