Сабақ мақсаты: Азықтардың химиялық және қоректілік сипаттамаларымен танысу Сабақ мазмұны



бет2/7
Дата05.09.2020
өлшемі0,66 Mb.
#77341
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 сабақ

Жануар тектес азықтар

Жануар тектес азықтардың 70-90% мөлшерін негізінен ақуыздардың құрамындағы аминқышқылдары құрайды. Олардың қазіргі кезде 200 аса түрі бар, олардың 80-і жақсы зерттелген. Атқаратын жұмыстарына қарай аминқышқылдары екі топқа бөлінеді.

Бірінші топ малдың денесінде түзелмейді, сондықтан олар «ауыспайтын аминқышқылдары» деп аталып, жалпы малдың түріне қарай орташа саны 10 деп саналады.

Екінші топ азот құрамында бар азық бөлшектерден құралады – оларды «ауысатын аминқышқылдары» деп санайды.

Азық ақуыздарының құрамындағы аминқышқылдардың көлеміне қарай толыққұнды және толыққұнды емес болып бөлінеді.

Ақуыздың құрамында ауыспайтын аминқышқылдары жеткілікті болса, ол протеиндер толыққұнды деп, ал жетпесе керісінше толыққұнды емес деп аталады.

Шикі протеиннің құрамында қарапайым азотты заттар, амидтер, азот-қышқылды тұздар, нуклеиндік қышқылдар бар.

Амидтер деп ақуыздың құрамында аяқталмаған ақуыздық синтездің өнімі, азотқышқылы мен, аммиактан немесе ақуыздың ыдырау өнімі аталады. Сондықтан амидтер өсуі тоқтамаған немесе дайындалған кезде азықтардың құрамында көп болады.

Амидтер құрамында несеп нәрі негізгі орын алады. Өте көп несеп нәрі жануар тектес азықтардың құрамында болады.



Күйіс қайтаратын малдың мес қарынында микробтардың симбиозы арқылы жеткілікті түрде ақуыз құрылады. Сондықтан күйіс қайтаратын малды азықтандырған кезде біз аминқышқылдарының мөлшеріне аса көңіл бөлмейміз. Осыған байланысты ірі қараны азықтандырғанда ыдырайтын және ыдырамайтын протеинді есептеуміз керек (3-кесте).

Сызба 3 - Азық жіктеу сызбасы

Көңіл бөле кететін жағдай азотқышқылының тұздары (нитрат және нитрит) өте улы заттар болып саналады. Бұлардың көлемі тыңайтқыш қолданған кезде, азықтың құрамында өте көп болады. Малдың денесінде нитриттер қанның гемоглобинын байлап, оны метгемоглобинге аударады, осының әсерінен торша тынысы бұзылады.

Азықтың құрғақ затының құрамындағы азот қышқылы тұздарының мөлшері: жайылым өсімдіктерінің құрамында орташа есеппен 0,02 мен 0,6%, қызылшада – 0,24%, жүгері көк сабағында –0,50-1,1%-ға дейін. Орта есеппен азықтың құрғақ затында 0,2% аспауы керек. Жалпы азықтың құрамында азоттық топ Кельдаль әдісімен зерттелінеді. Табылған азот мөлшерін азықтың түріне байланысты тиісті көрсеткішке көбейтеді.

Азықтың құрамындағы азотсыз заттардың ішінде көмірсулардың ең көп мөлшері 80%-ға дейін болады. Көмірсулар мал азықтандыруда, өсімдік тектес азықтар мен мерзімдік азық үлесіндегі құрғақ заттың басты құрамдас бөлігі және олар мал организмінде зат алмасу кезінде бірінші орында болады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет