Талғаулы салалас құрмалас сөйлемдердің жасалуын түсінеді,түрлендіріп қолданады.
Суреттер сөйлейді
Бүгінгі әлемде Қазақстан жер көлемі бойынша тоғызыншы орын алса, халық саны жағынан алпыс екінші орында. Жері- кең, халқы- аз. Бұл түптің түбінде ұлт қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіретінін ұғынған абзал. Елбасының халыққа арнаған жолдауында 2020 жылы Қазақстан халқының санын 20 миллионға жеткізу межесі қойылған.Ал демографтардың ресми зерттеулеріне сүйенсек,2020 жылы халық саны 18 миллион шамасында ғана болады екен. Ал халық санының көбеюіне кедергі келтіріп отырған салдарға тоқталсақ,ең басты мәселе ретінде әлеуметтік жағдай алдымыздан шығады. Жас отбасылар әлі де қамқорлыққа зәру. Күнделікті тапқан нәпақасы жалдаған пәтері мен тамағынан аспайтындар көпбалалы болуды қалай ойласын... Бұған қоса,екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жастардың отбасы құрып , бала тәрбиелеп демографиялық ахуалды жақсартуға үлес қосуға талпыныс білдірмейтіні белгілі. Әлеуметтік жағдай нашар болған жағдайда ,бала туу көрсеткіші өспейді. Осы себептерден ажырасу саны да артып келеді.
Демограф-демография мәселелерімен айналысатын маман.