Осы тапсырмада Мадақтау әдісі арқылы бағаланады. Егер толық жауап берсе сенің мүмкіндігің өте жоғары деп мадақтау сөзін айтамын, тапсырманы жартылай орындаса сен бұдан да жақсы жасауға лайқтысың деймін, тапсырманы түсініп орындай алмаса өткенді еске түсір деп қолдау көрсетемін.
ЕББҚ оқушыға тапсырманы дұрыс көріп түсініп орындауы үшін сәйкестендіру тапсырмасын арнайы қағазға үлкен шрифпен шығарып беремін, оқушының қасына жақындап тапсырманы дауыстап оқып тапсырманың берілгенін түсініп орындауына қолдау көрсетемін. Сондай ақ оқушыға сенің қолыңнан келеді , арифметикалық және геометриялық прогрессияның формулалары сенің есіңде ғой деген сияқты қолдау сөздерін айтып отырамын.
Сабақ мақсатна сай №2.ТАПСЫРМА Жұптық жұмыс алдым Бұл тапсырманы «Мен саған, сен маған»әдісі арқылы берем, оқушылар тапсырманы өзі орындап сосын қасындағы оқушымен талқылайды. Демек бұл әдіс арқылы оқушыларда жұбының яғни өзгенің пікірін тыңдау, өз пікірін қорғау шешімін дәлелдеу, креативті бағалау дағдылары дамиды.
1 . Барлық екітаңбалы жұп сандардың қосындысының мәнін табыңдар.
Шешуі: = 10, d = 2, = 98 болса, демек = + (n - 1) d формуласын пайдалана отырып, n = 45 екенін есептейді. Мәндерін орнына қойып, екенін табады.
Жауабы: 2430
2. Геометриялық прогрессияда q = 2, = 62 болса, онда - ді табыңдар.
Шешуі:
62 =31
= 2
Жауабы: 2
Оқушылар бүл тапсырманы орындау барысында арифметикалық және геометриялық прогрессияның формулаларын сабақ мақсатына сай қолдана отырып есептер шығарады
ЕББо яғни көру қабілеті бұзылған оқушым үшін жұбы дауыстап оқып беріп тапсырманы талдауға көмектеседі
Бас бармақ әдісі арқылы жұптар бір бірін бағалайды.
Тапсырмада формулаларды тиімді пайдаланып толық орындаса бас бармақ жоғарыға қаратады.
Егер формуланы дұрыс пайдаланып шығару жолы дұрыс болса бірақ жауабына жетпесе бас бармақ көлденең көрсетеді
Ал форманы жазып, бірақ есептің шығару жолын білмесе бас бармақты төмен қаратады
Бүгінгі сабағымның мақсаты