Сәлемдесу, түгелдеу.
Оқушыларды ұшақтар арқылы топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру.
Тарихи диктант арқылы үй тапсырмасын тексеремін.
1836-1838 жылдары Бөкей хандығында, Кіші жүздің батыс бөлігінде аса ірі ұлт –азаттық көтерілістердің бірі болды.
Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы жер тапшылығынан зардап шекті.
Халық көтерілісін елге белгілі батырлар Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарды.
1836 жылғы ақпанда көтерілісшілер Жәңгір ханға қарсы ашықтан ашық шабуылға шықты.
Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісшілер 1837 жылғы қазан айының аяқ кезінде Хан ордасына он шақырымдай жақын келді.
1837 жылдың 15 қарашасында Тастөбе деген жерде көтерілісшілер мен жазалаушы отрядтар арасында кескілескен қанды шайқас болды.
1838 жылы Қиыл және Ақбұлақ өзендерінің бойында көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында шешуші шайқас өтіп, Исатай Тайманұлы қаза тапты.
2003 жылы Махамбет Өтемісұлының туғанына 200 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.
Қ/б: оқушылар дұрыс жауабына сай бағаланады.
|