Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарына жетуге қолдау көрсетеді.
Маңызды оқу материалдары іріктеліп алынған.
Тапсырмалар оқу мақсатына жетуге бағытталған.
Тапсырмаларға қатысты нұсқаулар түсінікті және барлық қажетті қадамдарды қамтиды. Тапсырманы тексеруге өткізу уақыты және тексеру нұсқалары көрсетілген (платформадағы автоматты тексеру, өзін-өзі тексеру, өзара тексеру, мұғалімнің тексеруі).
Тапсырмалар бойынша дескрипторлар әзірленген.
Оқу қызметін ұйымдастыру нысандары – жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлері көрсетілген.
Оқушыларға қолдау көрсету нұсқалары ойластырылған.
Оқыту барысында қолданылатын АКТ қызметтері мен құралдары анықталған (төменде сілтемелері берілген).
Онлайн сабақтың әр бөлігіне уақыт белгіленген.
Оқушылардың оқу материалдарымен және тапсырмалармен жұмыс істеуге жұмсайтын уақыты (санитарлық-гигиеналық талаптарды ескере отырып) белгіленген.