1. Тыныс алу жүйесін қалпына келтіру ойыны: «Кім ұқыпты орындайды? »
Оқушылар сапта тұрып немесе шеңберде тұрып берілген команданы орындайды. Команда беру алдында бір сөз қолданады, мысалы «сынып» деген сөзді қолданып бұйрық бергенде орындалу керек, егер «сынып» сөзі қолданылмаса онда бұйрық орындалмауы керек. Мысалы, « Сынып, оңға бұрыл!» немесе «Сынып отыр!». Қате жіберген бала бір адым алға шығып, ойынды жалғастырады, үш рет қателескен оқушы ойыннан шығады н/е айып ретінде жүргізушінің кез келген тапсырмасын орындайды.
2. Кері байланыс. Рефлексия. Әрбір оқушы төмендегідей «Бүгінгі сабақ қаншалықты ұнады? Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдым?» деген кері байланыс парағын толтырады.
Түрлі-түсті қағаз, қалам,толтыру парақшасы.
Саралау
Оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау
Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Оқушыларға қимыл-қозғалыс әрекеттерінің тиімді қолдану реттілігін түсініп, білу және түрлі әдіс-тәсілдерді тапсырмада қолдану барысын дұрыс жоспарлай білу
Сөз қорын тереңдету үшін диалог арқылы қабілетті оқушыларға күрделі сұрақтар қою.
Сәл әлсіз оқушыларға жеңілдетілген жекелеген тапсырмалар беру немесе топ мүшелері санын азайтып, қабілетті оқушының көмегімен жұмыс жасау.
Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
Пікір алмасып,ой бөлісу
Бағалаудың түрлі тәсілдерін қолдану
Оқушы мен мұғалім арасына кері байланыс орнату
Қазақтың ұлттық ойындарындағы кездесетін жалпы сақтандыру шаралары мен қауіпсіздік техникасы.
Оқушылардың бір-бірін және өз-өздерін қауіпсіздіктен сақтану іс-шаралары.