Сабақ: Механикалық жұмыс
|
Мектеп: НЗМ ФМН Семей қаласы
|
Мұғалім: Байсеитова Сауле Шакенқызы
|
Сыныбы:
7 сынып
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі
|
7.2.3.1. Механикалық жұмыстын физикалық мағынасын түсіну
7. 2.3.3. A=F·s формуласы бойынша механикалық жұмысты есептеу
|
Сабақтың мақсаты
|
Жаңа сабақтағы негізгі білімдер:
Механикалық жұмыстың анықтамасы
Механикалық жұмыс атқарылуы үшін қажетті шарттар
Механикалық жұмыстың формуласы
Жұмыс бірліктері
Механикалық жұмыстың мысалдары
A=F·s формуласын қолданып механикалық жұмысқа есептер шығару
|
Тілдік міндеттер
Пәндік лексика және терминология
Орындалған жұмыс, механикалық жұмыс, күш, уақыт, механикалық қуат, жұмыстың орындалу шапшаңдығы,МВт,кДж.
Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері
Механикалық жұмыс орындалу үшін мына екі шарт орындалу қажет….
Қуаттың өлшем бірлігі….
«механикалық жұмыс» … деп
«күш»дегеніміз...;
«жол» дегеніміз …;
Қазақша
|
Орысша
|
Ағылшынша
|
Механикалық жұмыс
|
Механическая работа
|
Mechanical work
|
Күш
|
Сила
|
Force
|
Орын ауыстыру
|
Перемещение
|
Displacement
|
Жылдамдық
|
Скорость
|
Speed/velocity
|
Уақыт
|
Время
|
Time
|
|
Алдыңғы білім
|
Қысым. Гидростатикалық қысым. Паскаль заңы. Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
|
Жоспар
|
Уақытты жоспарлау
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар
|
Ресурстар
|
0-2 мин
|
Амандасу, балаларды түгендеу,сабақтың мақсатымен таныстыру
|
|
3-25 мин
|
Жаңа сабақты меңгерту
Жаңа сабақты меңгерту үшін орындалатын шаралар:
Презентация бойынша мұғалімнің түсіндіруі; алдымен проблемалық сұрақ қою: күнделікті өмірдегі «жұмыс» және физикадағы «механикалық жұмыс» терминдерінің арасында қандай айырмашылық бар? Осы айырмашылықтарды өз сөздеріңмен жеткізіңдер.
Ғаламтор ресурстарымен жұмыс – Қазақстанның білім сайттарындағы материалдар мен бейне көрсетілімдерді пайдалану (http://Bilimland.kz)
Оқушыларды топтарға бөлу
1 топ сұрақтарға жауап береді
2 топ өз мысалдарын келтіреді
3 топ тақтада есеп шығарады
Оқушылардың материалды меңгергендігін тексеруге арналған сұрақтар:
Механикалық жұмыс деп қандай шаманы айтады?
Механикалық жұмыс атқарылуы үшін қажетті шарттарды атаңыздар
Механикалық жұмыстың формуласы қалай жазылады?
Жұмыстың ХБЖ-дегі өлшем бірліктерін атаңыздар
Механикалық жұмысқа өз мысалдарыңызды келтіріңіздер
A=F·s формуласынанан күшті анықтайтын және орын ауыстыруды анықтайтын формуланы қорытып шығарыңыздар
|
Презентация
http://Bilimland.kz
http://interneturok.ru/physics/7-klass/rabota-moshnost-energija/mehanicheskaya-rabota-moschnost-zotov-a-e
7 сыныпқа арналған физика оқулығы және есептер жинағы
|
26-35 мин
|
Сыныпта механикалық жұмыс тақырыбына есептер шығару, тапсырмалар орындау - формативтік бағалау
|
Қосымшалар -1-2-3
|
35-40 мин
|
|