Кейбір оқушыларға жасушаның екі түрін үлгілеу тапсырмасын беруге болады.
Саралау оқушыларға қосымша ресурс түрлері мен мазмұнды саралау және өз мүмкіншілігіне сай жұмыс жасау (сурет салу, аппликация жасау, басқаша үлгілеу), ақпараттың қосымша көздерін ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
Қызығушылығы жоғары оқушыларға прокариот жасушаларының генетикалық ақпаратының ерекшеліктерін зерттеу тапсырмасы ұсынылады.
Қабілеті төмендеу оқушыларға, немесе кейбір сурет салуды ұнататын оқушыларға прокариоттық және эукариоттық жасушалардың суретін салу тапсырмасын ұсынуға болады.
Қабілеті төмен оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қою, кейбір ақпараттарды талдауда көмек көрсетіледі.
|