Тақырыбы:
|
«Өнер мен еңбек - егіз»
«Искусство и труд - единны»
|
Уақыты мен қолданылатын ресурстар
|
Мақсаты:
|
Оқушыларға еңбектің керектілігі туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіру. Оқушының жеке қабілетіне сай рухани, шығармашыл, өз бойындағы құндылықтарын сақтап дамытатын саналы, білімді, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.
|
Интерактивті тақта, музыкалық аспаптар, стикерлер, маркерлер
|
Білімділігі:
|
Жапон елінің театрымен таныстыру. Өз елінің театрларынан мағлұмат алу. Еліміздің әйгілі актерларын еске алу.
|
|
Дамытушылығы:
|
Оқушылардың есту қабілетін жан – жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту. Төзімділіктерін, еңбекқор болу қабілеттерін дамыту.
|
|
Тәрбиелегі:
|
Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу. Қажымай еңбектенугетәрбиелеу.
|
|
Міндеттері:
|
- оқушыларға еңбектің маңыздылығы туралы түсінік беру;
- өнер шыңына жетелер – еңбек екенін түсіндіру;
- оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;
- еліне, халқына абыройлы қызмет етуге тәрбиелеу;
- жапон халқының әйгілі театрының мәдениетімен таныстыру
|
Бейнежазбалар, суреттер, дәйексөздер, постер жасату, жұмыстарын қорғау парақтары, бағалау парақтары
|
Сабақтың эпиграфы:
|
«БЕЙНЕТІҢ ҚАТТЫ БОЛСА, ТАТҚАНЫҢ ТӘТТІ БОЛАДЫ»
ДЕЙДІ ДАНА ХАЛҚЫМЫЗ
Эпиграф урока: «Искусство и учение вызывают расположение и уважение»
|
Итерактивті тақта
|
Сабақ барысы:
|
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды белгілеу. Балалар, сендермен кезекті сабағымызда кездескеніме өте қуаныштымын. «Музыка және өзін-өзі тану» пәніне асыға келгендеріңе өте қуаныштымын.
Сабағымызда «Театр» әлеміне саяхатымызды жасай отырып, еңбексүйгіштік арқылы өнердің шыңына жету туралы мәліметтер аламыз.
Бір - бірімізге қарайық. Мен сендердің көздеріңнен қуаныш пен қызығушылық көріп тұрмын. Осындай ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен де қуаныштымын. Ендеше бізде бір - бірімізге күлімсіреп, алақанымыздың жылуын сезіне отырып сәлем берейік. Бүгінгі күніміз сәтті де, жарқын аяқталу үшін өзімізге, келген қонақтарға жақсылық көтеріңкі көңіл тілейік.
|
1 минут
|
Оқушылардың сәлемдесуі
|
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға гүл шашылды
Қайырлы күн!
Біз нәзік қыздармыз!
Қайырлы күн!
Мен ержүрек ұлмын!
|
1 минут
|
Топқа бөлу:
|
Сабағымызды жалғастыру үшін топқа бөлу рәсімін жүргізейік:
Оқушылар ортадағы столда тұрған бетперделерді таңдап алады. Әр бетпердеде жасырын қойған сыйлық бар, ол сыйлықта топтың әндерінің аты жазылған. Әндер бойынша топқа бөлу рәсімі жүргізіледі.
|
1-2 минут
|
Топпен ән айту
|
Әр топ өз әнін орындайды:
1-ші топ «Еңбек» үстеліне жайғасады
2-ші топ «Өнер» үстеліне жайғасады
Топ басшылары сайланып, бағалау парағы таратылады. Әр топ өз әндерін орындайды.
|
1 минут
1 минут
|
Өткен сабаққа шолу:
|
Доп арқылы музыка мұғалімі өткен сабақтан қайталау сұрақтарын қояды. Екі топтың жауаптарын жалпы критериалды бағалауға өзін-өзі тану мұғалімі қойып отырады. Ал топ басшылары, топтарындағы оқушыларды бағалау парағына бағалап отырады.
|
2-3 минут
Сқрақ, жауап
|
|
Бейне жазба «Жапон театры Кабуки» туралы көрініс
|
1 минут
|
Жаңа ақпарат:
|
Музыка мұғалімі жаңа сабақты өнер сөзімен бастайды.
«Түртүп алу стратегиясы» сабақта қолданылады. Оқушыларға тақырыптан тыс мәліметтер жазылған парақтарды тарату арқылы, олардың білімдерін толықтарады. Оқушылар түртіп алған мәліметтерін оқиды.
|
3 минут
Мәтін жазылған парақтар
|
Постер жасау:
|
«Еңбек» тобына постердің тақырыбы:
Еңбекпен адам шыңдалады дегенді қалай түсінесіңдер?
«Өнер» тобына постердің тақырыбы:
Өнердің шыңы – еңбектің жемісі» дегенді қалай түсінесіңдер?
Постер жасауға 5 минут уақыт беріледі. Уақыт бітісімен оқушлар постерларын қорғайды. Топ бағалары тақтадағы критериалды бағалауға қойылады.
Постерді қорғау:
|
7 минут
Маркерлер, фломастерлер, ватман қағаз,
парақшалар
2 минут
|
Тапсырма:
|
Мына криптограмманы дұрыс шешсең, «Еңбекке» байланысты мақалды оқуға болады.
І. Отанға, қоғамға көрсеткен қызмет, жақсылық – 1, 2, 3, 4, 5.
ІІ. Барлығы, баршасы, тегіс - 6, 7, 8, 9.
ІІІ. Дауыссыз дыбыс – 10
ІV. Киімнің бір бөлігі – 11, 12, 13.
V. Бекем, мықты, берік - 14, 15, 16.
1 2 3 4 5 - 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Е ң б е к - б ә р і н ---ж-- е--ң- б-- е –к
|
2 минут
Интерактивті тақта, дәптер, қалам
|
Дәйексөз:
|
«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді» - деген орыс жазушысы Л. Н. Толстой
«Еңбекті жан-тәнімен сүймейінше, ешбір талант та, кемеігер де шықпайды»
Д.И.Менделеев
Өз өнерлеріңізді еңбектену арқылы көрсеттіңіздер, ендеше бүгінгі сабағымыздың дәйексөзін дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.
|
2-3 минут
Интерактивті тақтада дәйексөз, дәптер, қалам
|
Серуен:
|
Бейне жазба «Театрға барамыз» (орысша)
|
2 минут
|
Шығармашылық жұмыс:
|
«Алты қалпақ» көрінісі:
«АТАДАН ҚАЛҒАН МҰРА»
Бүгінгі сабақтан алған мәліметтеріңіз бойынша шығармашылық жұмысымызды жалғастырайық.
«Алты қалпақ» көрінісі «Театр және еңбек» жөнінде ой түйіндеу. 5 минут уақыт беріледі.
Алты қалпақ (Ақ, сары, қызыл, жасыл, қара, көк қалпақтардың пікірлерін ортаға салайық. Оқушылар өз қалпақтарының түстеріне байланысты Еңбек пен – өнер егіз атты тақырыпта пікірлерін ортаға сала отырып, оз ойларын түйіндейді. Жазғандарын өз өмірлерімен байланыстыра отырып мәнін ашады.
|
7-8 минут
Алты қалпақ,
Парақтар, маркерлер
|
Сабақты жалпылау:
|
Еліміздің мақтаны «Театр» - еңбекқорлар ортасы атты бейнежазба
|
2 минут
Интерактивті тақта
|
Үй тапсырма:
|
Жалпы түсіндіру арқылы мағлұмат беру.
|
1 минут
|
Оқушыларды бағалау:
|
Оқушылар бағалау парағының қорытынды бағаларын оқиды.
Мұғалім журналға түсіреді.
Жалпы критериалды баға қорынтындысымен өзін-өзі тану мұғалімі топтарды марапаттайды.
Күнделік.кз журналына бағалар түсіріледі.
|
1-2 минут
Бағалау парағы, электрондық бағалау журналы
|
Рефлексия:
|
Баяу ән әуені ойнап тұрады. Оқушыларға алдыларындағы стикерлерге өз пікірлерін жазу ұсынылады. «Екі жұлдыз бір тілек» атты пікірлер жазылған стикерлер тақтадағы «Жеміс ағашына» ілінеді.
|
2 минут
Стикерлер, тақтада плакаттар
|
Тарту, қонақтарға сыйлық:
|
Осымен сабғымызды аяқтай келе, қадірлі қонақтар Сіздерге ән шашуын тарту етеміз. Музыка мұғалімі домбырамен ән айтады, тілектер мен сыйлықтар қонақтарға тарту етіледі.
|
2-3 минут
Домбыра әуені, қонақтарға сыйлық
|