Сабақ Музыка пәні 10 «а» сынып «Композитор С. Бәйтерековтың шығармашылығы»



Дата01.08.2017
өлшемі65,11 Kb.
#22499
түріСабақ
Облыстық №3 мектеп-интернаты
Ашық сабақ
Музыка пәні

10 «а» сынып

«Композитор С.Бәйтерековтың шығармашылығы»


Өткізген: Музыка пәні мұғалімі

Сахипов Б.Қ.

Атырау – 2012 жыл
Сахипов Болатбек Қияқбайұлы

Музыка пәні мұғалімі

Облыстық тіл мүкістігі бар балалардың №3 мектеп-интернаты

Атырау қаласы

Музыка сабағы. 9 ЖТК сыныбы

Тақырыбы: «Композитор Сейдолла Бәйтерековтың шығармашылығы».

Мақсаттары:

Білімділігі: қазіргі қазақ композиторлары музыкасының туындап сақталуымен; композитор өмірімен, шығармашылығымен таныстыру.

Коррекциялық: ән орындау кезінде айтылуы қиындық туғызатын дыбыстарды түсіндіру. Әнді орындағанда немесе тыңдағанда алған әсерін, сезімін білдіре алу қабілетін қалыптастыру.

Тәрбиелік: оқушыларды Отансүйгіштікке, туған жердің қадір- қасиетін бағалауға тәрбиелеу. Туған жер табиғатын сүюге, аялап қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: компьютермен жабдықтау, үйретілетін әндердің аудио- бейне жазбалары, текстер мен жаңа сабаққа байланысты сурет, бейнежазбалар,слайдтар.

Сабақтың түрі: танымдық әңгіме, ән үйрену түріндегі дәріс.

Сабақтың жүрісі:

1. Ұйымдастыру

2. Оқушылардың сабаққа қатысын, оқу құралдарын қарау. Оқушылар назарын басталатын сабаққа аудару.

3.Орындалатын әндерге байланысты оқушылардың дауыс аппаратына шағын әуендер, әр түрлі дыбыстармен жаттығу жасау.

4. Үй тапсырмасын тексеру. Е.Хасанғалиев шығармашылығы. «Айналдым, елім» әнін орындау. Композитор өмірін қысқаша әңгімелеу, шығармаларын атау.

5. Е.Хасанғалиевтің «Айналдым, елім» әнінің мазмұнын әңгімелей отырып, С.Бәйтерековтың шығармашылығына ауысу.

6.С.Бәйтерековтың шығармашылығымен таныстыру.

7. С.Бәйтереков «Сарыарқа», «Дала гүлі», «Қазақстан», «Айдана», «Жалқаубек», «Биле,жастық» тыңдау.

8. Видео- аудио материал. «Әлия» әнін тыңдау

9. С.Бәйтереков «Жусан иісі» әнін үйрену.

10. Қорытындылау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру


  1. Көзге арналған жаттығу.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Ескендір Хасанғалиев туралы не білеміз?

  • Қандай әндерді орындаған?

  • Өткен сабақта қандай ән үйрендік?

ІІ.Жаңа сабақ. Орындалатын әндерге байланысты оқушылардың дауыс аппаратына шағын әуендермен «ля», «а», «э», «ы», «у» дыбыстарына жаттығу жасау.Шағын әуендер жарты тондармен жоғары, төмен сатылай отырып, қайталанады.

Е.Хасанғалиевтің «Айналдым, елім» әнінің мазмұнын әңгімелей отырып, әнді орындату.

Е.Хасанғалиев пен С.Бәйтереков шығармашылығының байланыстылығы түсіндіріледі.

Түсіндіру. Бәйтереков Сейдолла (1945-1998) - композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Кентау қаласында дүниеге келген.Шымкент музыкалық училищесін, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясын бітірді. 1977 - 1992 жылдары С. Бәйтереков Алматы мемлекеттік консерваториясының ұстазы, “Қазақконцерт” бірлестігінің көркемдік жетекшісі, бас дирижері, Алматы қалалық музыкалық ансамбльдер бірлестігінің директоры көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарды. 1990 жылдан өмірінің соңғы күніне дейін Мемлекеттік “Саз” дыбыс жазу студиясының директоры болып қызмет атқарды. С.Бәйтереков кинофильмдерге, драмалық қойылымдарға музыка жазды. Оның симфониялық оркестрге, хорға жазған туындылары Қазақстан композиторларының үздік шығармаларының қатарынан берік орын алды. Оның “Әлия”, “Күнге табыну”, “Дос туралы жыр”, “Түркістан” әндері музыка сүйер қауымның рухани азығына айналды.

(«Сарыарқа», «Қазақстан» әндері мұғалімнің орындауында орындалады. Оқушылар мультимедиялық бейне құралынан «Айдана», «Жалқаубек», «Биле,жастық» әндерін тыңдап, тамашалайды)

С.Бәйтереков көптеген ақындармен бірлесіп жұмыс жасады, соның ішінде Ә.Тәжібаев, Т.Молдағалиев, Ш.Сариев. Ақын Әбділда Тәжібаевтың сөзіне жазылған «Әлия»- әні әнші Роза Рымбаеваның орындауында бүкілдүние жүзіне танымал болды. (слайд)

ІІІ. Қосымша материал. « Қазақтың батыр қызы Әлия». Таныстыру, түсіндіру.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова

(шын есімі Әлия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданында туған. Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.



Кеңес Одағының Батыры (1944), снайпер, ефрейтор.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.


ІҮ. Видео- аудио материал. «Әлия» әнін тыңдау.

Ү. Жаңа сабақты бекіту. С.Бәйтереков әндері сан алуан тақырыптарды қамтиды. Ғашықтық, балалық, жастық тақырыбынан басқа Отан,туған ел, туған жер туралы әндері де көптеп саналады. Соның бірі ақын Ш.Сариевтың сөзіне жазылған «Жусан иісі» әні. Бұл ән туған жерге, даланың табиғатына деген сүйіспеншілікті суреттейді.Ән әуенінен туған жерге деген ғашықтық, сағыныш сезімі білініп тұрады. (слайдтан суреттер)

ҮІ. Аудио материал. Мультимедиялық құрылғыдан Жеңіс Ысқақованың орындауында «Жусан иісі» әні тыңдалады.

ҮІІ. Мәтінмен жұмыс. Ән мәтінін экраннан көрсетіп отырып мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Ән мазмұны түсіндіріледі. Жусан өсімдігі туралы қысқаша түсінік беріледі. Мұғалімнің аспапта сүйемелдеуімен ән музыкасы үйретіледі.

«Жусан исі»

Әнін шығарған С. Бәйтереков

  1. Жанардың отын жаулаған,

Жыл сайын өсіп қаулаған.

Жусаның қандай туған жер,

Балалық шағым аунаған.

Далам боп құшақ айқарар,

Желбіреп желмен жайқалар,

Жарықтық иісі – ай жусанның,

Жаның бір толқып жай табар.


  1. Тағдырым саған табынып,

Жетелеп алдан тағы үміт,

Оралам жолдан өлкемнің,

Жусанды исін сағынып.

Балауса балғын гүл шағым,

Ансарым, шөлдеп сусарым.

Аунасам жанға батпайтын,

Туған жер, қандай жусанның!


  1. Жайлауы жанның жайланар

Анамдай сүйіп аймалар,

Туған жер, жұпар далана,

Жететін бақыт қайда бар?!

Тапқандай содан қутты,

Күндерді кештім шуақты

Жарықтық жусан жұпар – ай,

Даламның демі сияқты

ҮІІІ. Жаңа сабақты бекіту және қорытындылау.


  1. Бүгінгі сабақта қандай әндер орындап, үйрендік?

  2. «Аяулым, елім» және «Жусан иісі» әндерінің байланысы қандай?

3. Авторлары кім? С.Бәйтереков кім?

4. С.Бәйтереков әндерін ата.



Үйге тапсырма. С.Бәйтереков шығармашылығын әңгімелеп айтып беру. «Жусан иісі» әнінің сөзін жатқа айту, әнді орындау.
Сабаққа қатынасуына қарай оқушыларды мадақтау және бағалау.


Каталог: uploads -> doc -> 02c6
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет