Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Шағалалы ауылы
«Балдырған» балабақшасы
Ашық сабақ
Музыка
Тақырыбы: Бесік жыры
Тәрбиеші: Нәкен М
2015- 2016 оқу жылы
«Күншуақ» тобы
Тақырыбы: Бесік жыры
Мақсаты: Балаларға бесік және бесік жыры туралы түсінік беру.
Балаларға музыканың ырғағын сезінуге тәрбиелеу. Мейірімділікке, бауырмалдыққа үйрету.
Әдіс- тәсілдері: а) Түсіндіру әдісі
ә) Сұрақ- жауап әдісі
б) Көрнекілік әдісі
Көрнекіліктер: Бесік, бесіктің суреті, қуыршақ, домбыра.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар марш әуені арқылы топқа кіріп, жарты шеңбер бойымен тұрады.
Шаттық шеңбері:
Балалар музыка әуені арқылы қимылды жаттығулар жасайды.
Негізгі бөлім:
Балалар орындарына отырады.
Балалар суреттен не көріп тұрсыңдар?
Бесік не үшін керек?
Кішкентай балаларды бөлеп ұйықтату үшін керек
Мына суретте ана не істеп отыр ?
Балалар баланы бесікке бөлегеннен кейін жылап ұйықтамаса қандай ән айтып береміз?
Сендер бесік жырын естіп көрдіңдер ме?
Балалар бесік жырын айтып үйренбес бұрын ауыз қуысына арналған жаттығулар жасайық.
Деммен қолымызды жылыту. (Балалар алақандарын бір- біріне үйкеп,үрлейді)
Бөлмені ауаға толтырады. ( Балалар үрлейді)
Дыбысты сыбырдан бастап күшейту. (хха, хха, хха)
Машинаның дыбысын салайық.
Балалар мен сендерге бесік жырының толық нұсқасын орындап берейін мұхият тыңдаңдар.
Кәне бәріміз бесік жырының сөздерін бірге қайталайық
Әлди- әлди балашым,
Әлдилейді анашың.
Бесігіңе жата ғой,
Тәтті үйқыға бата ғой.
Әлди- әлди балам- ай
Әлдилейді анаң ай.
Бесігіңді тербетіп,
Әлдиіме салам ай.
Достарыңызбен бөлісу: |