Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Орда ауданы,
Мұратсай ауылы, А.Құсайынов атындағы ЖОББМБ-ның
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кадралиева Ғалия Жексенбаевна
педагог-психолог Саламатова Гулдана Каирболатовна
(кіріктірілген сабақ)
«Наурыз - думан тамаша!»
ЖОСПАРЫ:
1) Салтанатты жиынның ашылуы:
- Мектеп директорының құттықтауы
- Рәсімдер көрсету : Қыдыр атаның батасы,
шырақ жағу, шашу, аластау
2) Салт-дәстүрден көрініс көрсету: бет ашар, бесікке салу, тұсау кесу.
3) Концерттік бағдарлама
4.Мерекелік дастархан (Қазақтың ұлттық тағамдарын қонақтарға ұсыну)
Өтетін орны: Мектеп АКТ залы
Өтетін уақыты: 18,19 наурыз, сағат 10.00
(Өтілетін орын мерекеге сәйкес безендіріледі, ұлттық киіз үй,тағамдардан дастархан әзірленеді т.б.) (Фанфар, қол ұстасқан екі жүргізуші музыка әуенімен топты жарып ортаға шығады )
Ән: « Бәйге » (хабарлаусыз Ерназар мен Райымбек орындайды)
1 –жүргізуші: Армысыздар, халайық,
2-жүргізуші: Бармысыздар, халайық!
1-жүргізуші: Наурыз тойын жұп жазбай,
2-жүргізуші: Жылда қарсы алайық!
1 – жүргізуші: Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі.
Алаштың баласына нәсіп болған,
Құтты болсын, Наурыз мерекесі!
2 – жүргізуші: Наурызым ғажап туысың,
Ұлыстың ұлы күнісің.
Жылыттың жердің жүрегін
Жүрегі елдің жылысын
1 -жүргізуші: Қош келіпсіз, қонақтар.
Келіп тұрған алыстан.
Құттықтайды сіздерді,
Наурызда бізбен қауышқан-
2 -жүргізуші:Наурыз – жаңғырған жылдың басы.
Соқпақ даңғыл болар хақ жылдың басы.
Сөз күйттеген қашан да халықпыз ғой
Жиын тойда айтылар сөздің басы - құттықтау сөз кезегін мектеп-балабақша директоры Мастура Нәсиқызына беріледі.
1 – жүргізуші: Алдарыңызда әсем ән мен көркем билерімен мектепалды даярлық тобын қарсы
алыңыздар. (0-сынып такпак, ән мен би орындайды)
2 – жүргізуші: Ақпан кетті араз боп Наурызбен
Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.
Көктем жетті көрісіп жанын үзген
Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен
«Көктем келді» әнімен 1-сыныптың қыздарын қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші: Наурызда тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірім танысым деп тасып өткен.
Наурыз сән-салтанат,ұлттық рух
Бақытты Наурызы бар халқым неткен
Наурыз келсе, құт келгені, халайық.
Есік ашып, шашу шашып, қол соғып Ұлысты қарсы алайық!
Әнші - бишілер екіге жарылып тұрады да, әдемі әуеннің ырғағымен Наурыз Бағлан Гумаров Ақылжан мен Наурыз-Ару Насиева Тәттігүлді қарсы алады.
НАУРЫЗ: - Бағлан
Ашық болса Күніміз, Ашылады нұрымыз. Бай, тұлғалы өңірде Айтылады жырымыз. Жайнатамыз бар гүлді, Сайратамын бұлбұлды. Мейрам етем бұл күнді. Наурыз құтты болсын!
НАУРЫЗ-АРУ: Нұр төгіп ғажап күміс күн, Жарқырар ай мен пүліш түн. Сағынтып ашқан қауызын, Ақ самал – Ару-Наурызбын! Жайнатып гүлін даланың, Сайратып жырын бабаның Тіршіліктің тұтқасы Ғажайып Наурыз – жыл басы! Наурыз келсе, құт келгені, халайық! Есік ашып, шашу шашып, Ел болып қарсы алайық! (Қазақша киінген Наурыз ұл бала, Наурыз ару шығып ортаны қақ жарып наурыз тойға шашу шашады,төмендегі өлең сөздері оқылып тұрады
2 –жүргізуші:Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай боп көк аспаннан нөсер жаңбыр
Уа, жамағат теріп ал несібеңді,
Ризығың болсын көл – көсір!
1 –жүргізуші:Қашанда күт береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібеңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Би: «Қамажай». 1-сыныптың бишілер тобын қарсы алыңыздар.
2 -жүргізуші:Ұлыстың ұлы күні атанған
Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып,
тілектеріңіз қабыл болсын.
«Наурыз - думан тамаша!» атты мерекемізді жалғастыруға рұқсат етіңіздер!
1 -жүргізуші: Су жылтырап, бүршік ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап, қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік наурыз айдан басталған
Ән: «Нұрлы көктем» әнімен 2б-сынып оқушыларын қарсы алыңыздар
2 – жүргізуші:Уа, жараңдар, жараңдар,
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз – думан басталды
Бір сәт зейін салыңдар.
1-жүргізуші: Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар
Биші қыздар келіп тұр,
Шапалақты ұрыңдар
Би: Бипыл. Алдарыңызда 2б-сынып оқушылары
2 -жүргізуші:Шалқытып мерекеде ән салайық,
Би билеп, ән өнерге тамсанайық.
Аңызбен ертегімен бізге жатқан.
Наурызды қарсы алайық!
«Жеті шырақ» рәсімі.Жеті келін шырақ алып шығады. Жеті келін екіге жарылып тұра қалды. (Гүлнұр, Шынар, Ғалия, Жаннұр, Ару, Гүлмира, Эльмира)
Осы кезде аттың дүбірі естіліп ортаға Қыдыр ата келеді.( Құбайтов Ерхан)
Қыдыр – ата бата береді:
Қыдыр бабаның батасы: Ұлыстың ұлы күнінде, Ұлың оңға қонсын, Қызың қырға қонсын, Қыруар малың өріске толсын, Елдеріңнің іргесі берік болсын, Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын, Сөздерің серттей берік болсын, Еккендерің өнімді болсын, Өмірлерің көңілді болсын, Төрт - түлік төлді болсын, Баққандарың шөлді болсын, Ақ көп болсын, Уайым – қайғы жоқ болсын, Сапарларың оң болсын, Дәулетіңді асырсын, Дұшпаның келіп бас ұрсын. Әумин!
(Сахнаға Жер ана шығады Елекенова Мақпал апай кимешек шылауышымен отпен аластайды)
Жер ананың аластау рәсімі: Алас, алас пәледен алас, Алас, алас баладан алас, Алас, алас жаманнан алас, Көзі жаманның көзінен алас Тілі жаманның тілінен алас, Елімнен алас, жерімнен алас, Алас, алас! Алас, алас!
1- жүргізуші:Келді Наурыз теңіздей шаттығымен,
Таңғы шықтай көңілдің ақтығымен.
Құтты дәмі, береке байлығымен,
Нұр дидарлы мәңгілік жастығымен деп аулымызға жас келін түсіпті,сол келініміздің бетін ашу рәсіміне куәгер болайық
Көрініс: «Беташар» жаратылыстану пән бірлестігінің өнерлерін тамашалыңыздар.
2 – жүргізуші : Жан қалмасын жай тұрған,
Мәз болсын жас-кәріміз.
Күй шертілсін, ән айтып,
Би билейік бәріміз-
Ендеше, 2а сынып оқушыларының өнерлерін тамашалаңыздар.
1- жүргізуші: Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Ән: «Дәстүрлер-ай» 2а сынып оқушысы ________________________
2-жүргізуші: Қандай ғана анадан туады адам,
Сәбилердің ұйқысын қуалаған
О,тыныштық! Тыныштық қандай Рахат!
Қандай рахат сәбилер жыламаған,- деп, бесікке салу рәсіміне кезек берейік.
Көрініс: «Бесікке салу» ортада гуманитарлық пән бірлестігі. Тамашалыңыздар!
Би: «Қара жорға» 3-сыныптың өнерпаздарын қарсы алыңыздар.
2- жүргізуші:Көктем ана, жазылып алақаны,
Бусанғандай бүгін бір дала таңы,
Нәркес көзін төңкеріп ару қыздай,
Наурызым тұр аймалап Сарыарқаны.
1- жүргізуші: Тұсау кесіп,той жасау-ата дәстүр,салтымыз,
Жақсылықты тілейміз тойға келген жалпымыз.
Думанды тойын жасап дүбірлетіп,
Салт-дәстүрді ежелден қастерлеген халқымыз-деп келесі тұсау кесу рәсіміне кезек берейік.
Көрініс: «Тұсау кесу» Бастауыш пен тәрбиешілер пән бірлесітігінің өнерлерін тамашалаңыздар!
2- жүргізуші:Келді Наурыз даладай кеңдігімен,
Көк байрағы желбіреп желді күнмен.
Тәуелсіздік ұранын аспандатқан
Айналамын Теңдігім, Елдігімнен.
1- жүргізуші:Арайыңдай көрінген таңғы үміттің,
Басын қостың сан халық,сан бір ұлттың.
Жарқырай бер,жер-көкте, жаса, Наурыз!
Ұлт достығы мейрамы, мәңгіліктің.
Ән: «Наурыз» 3-сынып оқушылары
2-жүргізуші: Алтын күні шуақ шашып аспаннан,
Жаңа жылым, жыр думаннан басталған
Ақ дастархан жайып қазақ төріне,
Ақ ниетпен, үлкендерден бата алған.
1-жүргізуші: Күреп алтын күрекпен,
Қарды еріткен Наурыз!
Жатыр көктем түлетіп,
Бүрлеп бақша – бауымыз.
Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түнді теңеген
Тәтті дәмін ырыстың
Таттық Наурыз көжеден.
2- жүргізуші Ау, жараңдар, жарандар!
Қызыққа мына қараңдар!
Ұлыс күні жаңаша,
Болыпты бір тамаша.
Ән: « »
(4-сынып оқушыларының өнерлерін тамашалайық)
1- жүргізуші:Наурыз құтты болсын,
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін,
Барлық халық бақытты бола берсін,
2 –жүргізуші: Қош келіпсің! Наурыз жылдың басы,
Қазағымның той тойлар кәрі-жасы,
Қазан қайнап дәстүрлі шелпек пісті.
Наурыз көже, дәмін тат, ұлыс асы, – деп баршаңызды әр сыныптың дайындаған
мерекелік дастарханнан дәм татыңыздар, құрметті қонақтар!
1- жүргізуші: Осымен «Наурыз -думан тамаша!» атты концерттік бағдарламамыз аяқталды
( Наурыз тойымыздың соңында барша қатысушылар дастарханға шақырылып, ұлттық ойындармен жалғасады)
Достарыңызбен бөлісу: |