Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) 5 1 жарық пен қараңғылықты салыстыру



Дата05.06.2017
өлшемі73,36 Kb.
#17840
түріСабақ
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Пән: жаратылыстану

Тақырыбы: Жарық не үшін қажет?

Мектеп: «№16 ЖОББМ» КММ

Күні: 19.04.2017 жыл

Мұғалімнің есімі: Шакенова Ж.К.

Сынып: 1«В»

Қатысқандар

саны: 20 оқушы

Қатыспағандар

саны: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

1.5.2.1 жарық пен қараңғылықты салыстыру;

1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату;

1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: жасанды жарық көздерін және оның қажеттілігін анықтайды




Оқушылардың көпшілігі орындай алады: қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасайды




Кейбір оқушылар орындай алады: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Тілдік мақсат

Оқушылар: мектепте жасанды жарық көзін жарықтандыру үшін пайдаланатынын біледі.

Негізгі сөздер мен тіркестер: жарықтандыру, безендіру

Сыныптағы диалог/жазылым үшін тіл стилі: айтылым, жазылым,оқылым

Талқылауға арналған тармақтар: Жаңа жыл мерекесінің қандай ерекшелігі бар?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? Әр түрлі жарық көздері не үшін керек?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Алдыңғы тақырып

Жасанды жарық көздерің атаңдар.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар


Басталуы


Психологиялық дайындық:

Шеңберге тұру

Амансың ба, алтын күн

Амансың ба, көк аспан?

Амансыз ба, мұғалім!

Сәлем көрші, сәлемімді қабыл ал!

Жабырқамай күлімдеші, тамаша күн

Ары қарай өткен сабақтар бойынша жібек жіппен «Өрмекші торын» құрып жауап беру арқылы үй тапсырмасын бекітеді. Оқушылар суреттерді таңдау арқылы топқа бөлінеді.

1-топ: Электр шамы

2-топ: Көше шамы

3-топ: Бағдаршам

4-топ: Отшашу


Сабақты бұрын оқушыларға мектепте қолданылатын қалташам немесе басқа жарық көзі туралы танымдық фильм көрсетемін Фильмнен соң оқушылардан қандай жасанды жарық көздерін көргендерін және оны не үшін қолданатынын сұраймын.

«Менің ойым» әдісін қолдандым. Оқушылар топ атауына байланысты постер құрайды.

Қосымша мәлімет

Жарық жарықтандыру үшін ғана емес, жақсы көңіл күй сыйлау және жанға жайлы жағдай жасау үшін де керек екені туралы әңгіме. Сабаққа байланысты деректі материалдарды пайдаланып, жарық жетектері туралы Жарық көздерін сипаттау барысында күн сәулесін өткізетін терезелердің үлкендігіне назар аудартамын Егер табиғи жарық көзі ғимаратты толығымен жарықтандыра алмаса, онда жасанды жарық көздерін пайдалану керек.

Сахнаны жарықтандыратын софиттер. Қосымша жарық алуға арналған прожектор. Үлкен аспашам



















Жібек жіп



Қиынды суреттер

парақшалар, маркерлер, таратпа материалдар




Интернет-ресурстар:



Ортасы


Жұптас ойлан-бөліс» әдісі

Мақсаты: Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдық әдісі

Ойлан! Жаңа жыл мерекесінің қандай ерекшелігі бар?

Оны безендіру үшін қандай жасанды жарық көздері пайдаланылады?

Мерекелер не үшін қажет?

Оны қалай безендіруге болады?

Ол не үшін қажет?

Жауабы:

Ғимараттарды және шыршаны безендіру үшін шам тізбегі қолданылады.



Прожекторлар.

«Мерекелік қойылымдар»

Жасанды жарық көзін қолданатын мерекелерді еске түсіріңіз. Мерекеде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек екенін атап өтемін.

Оқушылар мерекелердің әрбір отбасын, халықты және елді біріктірудегі маңызын түсінуі керек. Ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрді сақтау біздің бірлігімізді нығайтатынын және басқа мемлекеттермен бейбіт қатынас құруға көмектесетінін атап өтемін

Жауабы:


Ұшатын шам, әр түсті шам тізбегі, алау, отшашу, шам, қызғалдақ сипатты шам.

Оқулықпен жұмыс:

Қызғалдақ мерекесі. «Қызғалдақ мерекесінің» суретін қарастыруын ұсынамын. Мерекеге қандай жарық көзінің қатысы жоқ? Оқушылар дүкен көрмелері мен жарнамаларға назар аударады.Жарық не үшін қажет? Безендіруге ме, әлде жарықтандыруға ма? Күнделікті өмір үшін жарықтың маңызын сұраймын.



Сен білесің бе? Ұшатын шамдарды тұрғын үйлерден, ағаштардан, жанғыш заттардан алыс жерлерде ересек адамдармен бірге ұшырады. Егер оны дұрыс пайдаланбаса, өрт қаупі тууы мүмкін.

Жаңа жылда мектепте өткізілген ертеңгіліктер дегі фотосуреттер

парақшалар, маркерлер

Оқулық


Аяқталуы


(Ж)Дәптермен жұмыс

Мерекелер. Оқушылар дәстүрлі көктем уақытында атап өтетін. «Қызғалдақ мерекесіндегі»­цирк алаңы мен сахнадағы суреттерді қарастырады. Сюжеттік­ суреттердің оң жағында жасанды жарық көздері бейнеленген. Ұсынылған үлгілерді пайдаланып, балалар жарық көздеріне сәйкес келетін бос торкөздердегі суретті аяқтайды.

Зерттейік.

Топтық жұмыс. Оқушыларға бөлме ішінде жан-жаққа қарап, қандай жарық көздерін көріп тұрғанын атап беруді сұраймын Одан кейін мектеп ішінде асханаға, акт залына шағын саяхат жасаңыздар. Көрген жарық көздерін жазады



Жұмыс дәптері, түрлі-түсті қарындаштар

Сынып, акт залы, асхана. парақша, қалам



Қосымша ақпарат


Саралау. Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?


Бағалау. Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?


Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс


Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?






Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды



жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет