Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары) Ньютонның үшінші заңы, Галелейдің салыстырмалылық принципі туралы оқу



Дата25.08.2017
өлшемі70,7 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы:

Ньютонның 3-заңы. Салыстырмалылық принципі.



Мектеп: «Шағын жинақталған Тасбастау негізгі орта мектебі» КММ

Күні: 07.10.15ж

Мұғалімнің аты жөні: Дутбаева Динара Ермекқызы

Сынып: 9

Қатысқандар саны: 8

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)

Ньютонның үшінші заңы, Галелейдің салыстырмалылық принципі туралы оқу

Физика сабақтарында ТҚ ережелерін қатаң сақтауды үйрену.



Оқыту мақсаттары

Барлық оқушылар: Ньютонның үшінші заңын біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: кластер құрады,формуланы есеп шығаруда қолданады.

Кейбір оқушылар: проблемалық сұрақтарға жауап іздейді,бағалайды,барлайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар: Ньютонның үшінші заңын түсіне алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Иссак Ньютон, салыстырмалылық принципі, ауырлық күші, серпімділік күші, үйкеліс күші, тіректің реакция күші, инерттілік, аддитивті, динамиканың негізгі теңдеуі.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар: Жұмсақ орындық үстіне ауыр сөмке қойсақ, онда оырндықтың сөмке қойылған жері аздап иіледі. Неліктен?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Алдыңғы оқу

Күш. Ньютонның екінші заңы. Масса.

Жоспар

Жетістік критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетті,себебі

Денелер өзара әрекеттескенде , бір-біріне қарама-қарсы бағытталған екі күш пайда болатынын біледі және мысал келтіре алады.

Ньютонның үшінші заңын, формуласын біледі, есеп шығаруда қолдана алады.

Галилейдің салыстырмалылық принципінің мәнісін біледі, мысал келтіре алады.



Оқушы оқу мақсатына талпынады,себебі

Денелер өзара әрекеттескенде , бір-біріне қарама-қарсы бағытталған екі күш пайда болатынын біледі және мысал келтіре алмайды.


Ньютонның үшінші заңын, формуласын біледі, есеп шығаруда қолдана алмайды.

Галилейдің салыстырмалылық принципінің мәнісін біледі, мысал келтіре алады.



Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Басталуы

10 мин


Сыныппен сәлемдесу, сынып оқушыларын түгендеу.

Оқушыларды сынып ортасына шеңбер құруға шақырады.

Аудиториядағы заттар

Суреттер таңдау

-топқа бөлу (осы тақырыпқа байланысты суреттер таңдау арқылы топқа бөлу)

-ойлау жұмысына ынталандыру

-белсенді іс әрекетке жұмылдыру

«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау




-Сәлеметсіз бе?
Шеңберге тұрады.
Аудиториядағы заттар арқылы көңіл-күйлерін білдіреді.

Суреттер бойынша топтасады. Топтағы әркімнің атқаратын жұмыстарын белгілейді. Топ басшысын сайлайды.


Ыстық орындық әдісі арқылы оқушылар өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді. Топ басшылары бағалау критерийлері арқылы сабақ кезеңдеріңде топ мүшелерін бағалап отырады.

Суреттер


Бағалау

парағы



Ортасы

30 мин



Ньютонның үшінші заңы. Салыстырмалылық принципі туралы интерактивті тақтадан материал көрсету.

Өткен сабақпен байланыстыра сұрақ қою


«Инсерт» әдісі бойынша тақырыпты оқуға әр топқа тапсырма беріледі:

1-топ Ньютонның үшінші заңы

2-топ Салыстырмалылық принципі

Осы тақырыптар бойынша Кластер жасауға нұсқаулық беріледі

Сергіту сәтін өткізу

Мадақтау жарайсыңдар

Топқа бөлу

Ойлан, бірік, бөліс әдісі арқылы есеп шығару


Анықтамалар мен формулалар бойынша оқушы деңгейін тексеру

Интерактивті тақтадан көрсетілген материал бойынша, сұраққа жауап беру арқылы сабақтын тақырыбы мен мақсатын ашады
- оқушылар жаңа тақырыпты Инсерт әдісі арқылы оқиды;

- топ болып тақырыпты талқылайды.

Берілген тақырыптарға топ болып Кластер жасайды. Топ ішінде спикер сайлап Кластерді қорғайды. «Бағдаршам» әдісі арқылы әр топ бір-бірін бағалайды

Оқушылар бейнероликтегі жаттығуларды қайталайды.

Нұсқау бойынша топтасады. Топтағы әркімнің атқаратын жұмыстарын белгілейді. Топ басшысын сайлайды.

1-топ 2-топ

Жекелей есептерді шығарады, топ болып бөліседі.

Тест сынағы арқылы алған білімдерін көрсетеді.



Бейнематериал

Маркер, ватман, бағдаршам


Бейнеролик

Аспан денелері (күн, бұлттар)




Аяқталуы

5 мин



«Бағалау парағы» критерий арқылы бағалау

Оқушыларға кері байланыс қағаздарын таратып береді.



Күнделікке баға қойдырады.

Стикерге кері байланыс жазып береді.



Стикер

Қосымша ақпарат: Үйге тапсырма беру: 8-жаттығу

Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушыларадың үйренген тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пән аралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.

АКТ мен байланыс

Құндылықтармен байланыс.




Формативті бағалау:

Екі жұлдыз, бір тілек, Бағдаршам



Суммативті бағалау:

Критерий арқылы бағалау парағы



Электронды оқулық, презентация

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен.



Сабақтың мақсаты шынайы болды, себебі оқуш Ньютонның үшінші заңы, Галелейдің салыстырмалылық принципі туралы білді. Топқа бөлудегі суреттерді А деңгейлі оқушы жаңа сабақтың тақырыбын ашуда тиімді қолдана алды. Уақытты тиімді пайдалана алдым, себебі тапсырмаларды шағын етіп алдым. В деңгейлі оқушы: «Менің көңіл күйім сыныптағы интерактивті тақта сияқты ашық және бүгінгі сабақта сол тақта сияқты барлығының назарында болғым келеді»- деген жауабынан, сабақтарымда назардың оқушыға аз бөлетінімді, оқушы ерекшеліктерін ескеру керек екен деген түзету енгіздім.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?

1 Ыстық орындық әдісімен үй тапсырмасын сұрау.

2 Ойлан, бірік, бөліс әдісін қолданып есептер шығару.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алар еді (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1 Инсерт әдісі арқылы жаңа тақырыпты оқу

2 Тест сынағы әдісі арқылы сабақты қорытындылау

Сынып немесе жекеленген оқушылар туралы не білдім?



Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аулданы

Шағын жинақталған Тасбастау негізгі орта мектебі физика пәнінің мұғалімі Дутбаева Динара Ермекқызы
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу