Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) оқу бағдарламасына сілтеме



бет1/2
Дата13.04.2023
өлшемі21,07 Kb.
#174415
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Аулада




Сабақ: Аулада



Мектеп: №16 Ж.Қаражігітов атындағы мектеп-лицей

Күні:

Мұғалімнің есімі: Саулебай Нұрайна Шалқарқызы

Сынып:1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) оқу бағдарламасына сілтеме:

1.2.2.1 - сурет/үлгі бойынша хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын дұрыс қойып сөйлеу (1-2 сөйлем)

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Аулада не істей алатынын айта алады, тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып көлемінде өзара сөйлесе алады, мұғалімнің көмегімен жіктік жалғауын дұрыс қолдана алады.

Кейбір оқушылар:

Аулада не істейтіні туралы толық айтады, сабақта меңгергенін өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.

Бағалау критерийі:



Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен аулада не істейтінін,қандай ойын ойнайтынын айта алады.
Мәтін бойынша сұрақтар қоя алады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады: Сұраққа жауап бере алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: аулада-во дворе,доп-мяч, рисую-сурет саламын, ойнаймын-играю.
Диалог құруға, мәтін жазуға арналған пайдалы тіркестер:аулада асық ойнаймын, гүлдер бар, ағаштар бар.
Талқылауға арналған сұрақтар?
Сен аулада не істейсің?

Басталуы
(5минут)

І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
Біз бақытты баламыз,
Кілең бестік аламыз.
Зейініміз ашылсын,
Біліміміз тасысын!
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
«Сұрақ-жауап» әдісі
-Аула қандай?
-Аулада нелер бар?
(Қ.Б)мақтау,мадақтау

Шаттық шеңбері
«Сұрақ-жауап» әдісі



Ортасы
5
Мин

5

5

(2минут)


5
5



ІІІ.Сабақтың тақырыбын, мақсатын және критерийін таныстыру.
Сөздікпен жұмыс.
Во дворе –аулада
доп-мяч
рисую-сурет саламын
ойнаймын-играю.
1-тапсырмада оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аударамын.Берілген мәтін үлгісі арқылы жаңа сөздермен танысады және сөйлесу үлгісіне аудару.
Тыңдау арқылы оқушылар: Сен аулада не істейсің?деген сұраққа жауап береді: Мен аулада ойнаймын.Мен асық ойнаймын.Мен сурет саламын.Мен велосипед тебемін.Оқушылармен мәтінді тыңдау, қайталау жұмыстарын жүргіземін, осы сұрақ-жауап үлгілері негізінде өзінің аулада не істейтінін айтуға жаттығады.
Дескриптор.
-Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен аулада қандай ойын түрлерімен ойнайтынын айтты.
-Мәтін бойынша сұрақтар қоямын.
(Қ.Б). «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

2-тапсырмада оқушылар сұраққа жауап беріп, толықтырып айтуға жаттығады.Берілген сөздерді(футбол, асық, сурет, велосипед) тағы бір қайталайды, ойнаймын,тебемін, саламын етістіктерін пысықтайды.Оқушылар топта, жұпта бір-біріне сұрақ қояды, жауап береді.




Ширату жаттығу:
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып ,
Біраз сергіп қаламыз.

Осыдан кейін оқушылардың назарын «Есте сақта!» айдарына аударамын. Етістіктердің болымсыз түрін қалай айту керек екенін үйретемін. /асық ойнаймын, ойнамаймын, велосипед тебемін, теппеймін, сурет саламын, салмаймын / деп айтып жаттығады.


Оқушылардың назарын мына белгілерге /х, v/ аударады, бұл белгілер басқа да тапсырмаларында кездеседі, бірі болымды, екіншісі болымсыз етістікті білдіреді, яғни бір нәрсені істейтінін немесе істемейтінін көрсетеді.

3-тапсырмада оқушыларды толықтырып айтуға жаттықтырады. Алдында айтылып кеткен белгілердің сипаты бойынша оқушылар не істейтіндерін, не істемейтіндерін айтады. Оқушылардың жауаптары: Мен велосипед тебемін. Мен асық ойнамаймын. Мен сурет салмаймын. Мен футбол ойнаймын.


(Ж)4-тапсырмада арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісін бір диалог ішінде қайталайды. Оқушылар мынадай дағдыларды игеруі тиіс: мұғалімнің сұрақтарына:Сен аулада не істейсің?) жауап бере алу, өзі сұрақ қоя алу. Содан кейін оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша екі бала сөйлеседі. Бұл үлгіні алдыңғы сабақтарда үйренген сұрақтармен толықтыруға болады, яғни балалар бір-бірімен амандасады. Содан кейін бір-бірінен атын, жасын, нешінші сыныпта оқитынын, аулада не істейтінін сұрайды.
(Мен аулада велосипед тебемін.Мен асық ойнаймын.Мен сурет саламын.Мен доп ойнаймын).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет