Оқушыларды топқа бөлу
Әр оқушы өздеріне ұнаған аңдарды алады. Жыртқыш аңдар, үй жануарлары, құстар, бунақденелілер, жорғалаушылар
Жаңа сабақ
Оқушыларға бейне фильм көрсету
Бейне фильнен не көрдіндер? Жыртқыш жануарларға не жатады екен?
Үй жануаларына ше?
Құстар немен қоретенеді екен?
Тоқылдақ жазда да, қысты да ағаштың діңін тоқылдатумен болады. Ол ағаш қабығының астынан дернәсілдерді жейді. Оның тұмсығы мықты болады, тұмсығымен ағаштың қабығын оңай теседі, сөйтіп саңылаудағы жәндіктерді құртады. Оны «орман дәрігері» деп атайды.
Құмырсқалар илеуде тіршілік етеді. Олар зиянды жәндіктермен қоректенеді. Бір илеудің құмырсқалары тәулігіне 20 000 зиянкес жәндікті құртады. Олар бір-біріне көмектеседі.
Аю қоңыр түсті, аяғы күшті, тырнағы өткір, тісі мықты, ірі аң. Аю алуан түрлі азықтармен ‒ шөппен, ағаш тамырымен, жидек, саңырауқұлақ, жәндіктердің дернәсілімен, балықпен қоректенеді. Бірақ аюдың негізгі азығы ‒ ұсақ аңдар.
Бұлан Қазақстандағы ең ірі тұяқты жануар. Оның биіктігі 2 метрге, салмағы 600кг-ға дейін жетеді. Еркегінің күрек тәрізді орасан зор мүйізі болады, ұрғашысы мүйізсіз болып келеді. Жазда шөппен қоректенеді, ал қыста ағаш пен бұтаның бұтақтарын жейді.(Фильм көрейік)
Түлкі Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Түлкінің терісі ашық сары, сұрғылт қызыл түс болады. Негізінен тышқандармен, тоқалтіспен қоректенеді. Жерге ұялайтын құстардың ұясын іздеп тауып, жұмыртқасы мен балапандарын жейді.
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді тізбектей оқыту
Мәтіннен түсінгендерін сұрау
Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс
Сәйкестендір
Топпен жұмыс. Постер құрау. Жануарлар жайлы не білетіндерін, немен қоректенетіні туралы постер қорғау.
1-топ Үй жануарлары
2-топ Жыртқыш аңдар
3-топ Құстар
4-топ Қосмекенділер
5-топ Бунақденелілер
«Сен білесің бе?» ойыны
1.Бұлан қыс уақытында тәулігіне 10 кг шөп жейді екен. 3 бұланға тәулігіне неше кг шөп керек?
2.Ең ірі тоқылдақтың денесінің ұзындығы 50см. Осындай 3 тоқылдақ денесінің ұзындығы қанша см?
1.Бұлан қыс уақытында тәулігіне 10 кг шөп жейді екен. 3 бұланға тәулігіне неше кг шөп керек?
2.Ең ірі тоқылдақтың денесінің ұзындығы 50см. Осындай 3 тоқылдақ денесінің ұзындығы қанша см?
1.Ақ аюдың салмағы 1000кг-ға дейін жетеді. Осындай 2 аюдың салмағы қанша болады?
|