Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Шаттық шеңбер құру.Физикалық терминдер айту,бас әріпімен аяғындағы әріпін жалғастыру.Сурет арқылы топқа бөлу.
Зерттеушілер елі «Үй жұмысын тексеру».
1.Электр тогы деген не?
2. Электр тогы бар болу үшін қандай шарттар орындалуы керек?
3.Тұрақты ток деген не?
4.Электр тогының қандай әсерлері болады?
5.Электр тогын сипаттайтын физикалық параметрлерді атаңдар
6.Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.
7.Ток күші дегеніміз не, анықтамасын бер.
ІІІ. Жаңа сабаққа көшу үшін берілетін сұрақтар (сұрақ қою техникасы) (5 минут)
Елімізде 2017 жылы не өтейін деп жатыр? (ЭКСПО 2017 көрмесі)
Осы көрменің тақырыбы қалай аталады? (Болашақ қуаты)
Осы қуат деген сөзді бұрын естулерің барма? ( 7 сыныпта механикалық қуат)
Қуат неге байланысты? (жұмыс)
(Осылай сұрақтарға жауап бере отырып оқушылар өздері жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын біледі.)
Жаңа сабақ: «Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы»
Электронды оқулықты көрсету
Зияткерлер елі «Жаңа сабақ» Постер қорғау
І топқа. Электр тогының жұмысы
ІІ топқа. Электр тогының қуаты
ІІІ топқа. Джоуль-Ленц заңын түсіндіру.
Яғни бүгін токтың жылулық әсері Джоуль- Ленц заңы тақырыптарымен таныса отырып білімімізді толықтырамыз.
Егер өткізгіш қозғалмаса, токтың барлық жұмысы өткізгішті қыздыруға жұмсалады. Сол кезде бөлінетін жылу мөлшері мынаған тең болады. Q=A=I2 Rt. Бұл формула Джоуль- Ленц заңын сипаттайды.
Өмірмен байланыстыру- өндірісте, тұрмыста қолданыстағы электр приборларының жылуының мөлшері осы заңға негізделген. Заңның тұжырымдамасы: өткізгіштегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және электр тогының өту уақытына пропорцианал.
Электр тогының жылулық әсері тұрмыстық, өнеркәсіптік жылу қондырғыларында қолданылады. Олар электр шамдарында, өлшеу техникаларында, аспаптарында, электрлік дәнекерлеуде, тағы да басқа көптеген қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылады.
Анықтамасы
|
Формуласы
|
Өлшем бірлігі
|
Электр тогының жұмысы – ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең
|
P=I·U
|
Вт
|
Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп,олардың көбейтіндісін табу керек
|
Q=I2 ·R·t
|
Дж
|
Өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал болады
|
A=I·U·t
|
В
|
Зерделілер елі. Есеп шығару
Теориялық есептер мен топтамаға байланысты есептер шығару
А деңгейінің есептер
1. Егер қалта фонары шамының кернеуі 3,5В, ал ток күші 0,28 А болса, ондағы электр тогы 5 минутта қандай жұмыс істейді.
2. Кернеуі 400В электр двигателіндегі токтың күші 92А.Электр двигателінің орамындағы токтың қуатын анықтаңдар.
3. Кернеуі 220В болатын дәнекелегіштегі ток күші 0,9А. Дәнекерлегіштегі токтың қуатын табыңдар.
В деңгейінің есептері
1. Егер резистордағы ток күші10мА,ал кедергісі 1кОм болса, онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады.
2. Кедергісі 1кОм резисторды кернеуі 100В тізбекке қоссақ,онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады.
3. Тізбектегі деректерді пайдаланып шамның қуатын есепте. Кернеуі 25 вольт, ток күші 0,25 ампер, токтың қуатын табу керек.
С деңгейінің есептері
1. Тізбектегі деректерді пайдаланып, токтың жылу мөлшерін есепте. Вольтметрдің көрсетуі 5,2 В, амперметрдің көрсетуі 2 А, кедергісі 2 Ом, уақыт 5 минут.
2. Тізбектегі деректерді пайдаланып токтың қуатын есепте. Амперметрдің көрсетуі 0,3 А, вольтметр -120В.
3. Тізбектегі деректерді пайдаланып токтың жұмысын есепте. Вольтметр – 100В, резистор -30 Ом, уақыт – 3 сек.
2А ток күші мен 220 В кернеуінде 10 м биіктікке массасы 100 кг жүкті 30 с аралығында көтеретін электр двигателінің ПӘК-ін анықтау
Қуаты 100 Вт электр шамы күніне 6 сағ. жанады. 1 ай (30 күн) ішіндегі токтың атқарған жұмысын тап, 1 кВт*сағ біздің қалада 15 теңге тұрады?
Тәжірибе жасау
«Бой сергіту» (сергіту сәті)
Жұмбақ.Жауабын үш тілде айту
Сәйкестендіру тесті
Электр тогының әсерлері сәйкес дұрыс жауабын көрсету керек. Қаламмен сызу арқылы.
Жылулық
|
Тогы бар өткізгіштің айналасында магнит тілшесінің ауытқуы.
|
Химиялық
|
Өткізгіштің, электр приборларының қызуы.
|
Магниттік
|
Медициналық ақпараттардың. Жұмсы.УДЗ, рентген, лазер сәулелері
|
Биологиялық
|
Заттың химиялық құрамының өзгеруі.
|
Анықтамасы
|
Формуласы
|
Өлшем бірлігі
|
Электр тогының жұмысы – ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең
|
P=I·U
|
Вт
|
Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп,олардың көбейтіндісін табу керек
|
Q=I2 ·R·t
|
Дж
|
Өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал болады
|
A=I·U·t
|
В
|
|