Жер асты сулары туралы түсіндіру,минералды сулар,олардың маңызы мағлұмат беру.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:Жер асты сулары және минералды сулар,олардың маңызы туралы мағлұмат алады.
Оқушылардың басым бөлігі:Жер асты сулары және минералды сулардың маңызы туралы түсінеді,топпен жұмыс жасауға қатысады.
Кейбір оқушылар:Жер асты сулары, минералды сулар олардың маңызы туралы мағлұмат алады,топпен жұмыс жасайды,қорғайды,сұрақтарға толық жауап береді,өлең құрастырады, суды жарнамалайды.
Тілдік мақсат:
Оқушылар:Мәтінді оқып,өзара талқылайды,ауызша түсінігін айта алады,сұрақтарға байланыстырып жауап береді, мақал- мәтел айтып, өлең құрастырады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:жер асты суы, минералды сулар, шипалы сулар,ащы су.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:Жер асты сулары қалай минералданады? Минералды сулар қалай пайда болады?Минералды сулар дегеніміз не?
Сіз неліктен ..... екенін айта аласыз ба? Мысал келтіру; Өмірмен байланыстыру.
Жазылым бойынша ұсыныстар:Өзің тұрған жерде минералды су бар ма? болса, Минералды судың қаншалықты пайдасы бар мәнжазба дайында;
Оқулықтан алған білімдерін пайдалана отырып,күнделікті өмірде көрген тәжірибемен салыстырып,бір-біріне тақырыпты талқылау барысында есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, жалпы танымдық қабілеттері дамиды.