Тексерілді:
Пәні: Сауат ашу
|
Тақырыбы: Ұлттық ойындар туралы не білемін?
Э э дыбысы мен әріп.
|
Күні:10.03.2017.
|
Мұғалімнің есімі: Мағжан Әлия
|
Сынып:1"Е"
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
|
Ээ дыбысы мен әріпті тану және ажырату.
1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер,сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Жаңа білімді меңгереді.
|
|
Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
|
|
Кейбір оқушылар: Алған білімді өмірде қолдана алады.
|
Жетістік критерийлері
|
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Өнер, дүниетану, жаратылыстану
|
Көрнекілік
|
Бейнелі суреттер, асықтар, дәнді дақылдар, нан, ұн, жарық беретін құрылғы.
|
Тілдік мақсат
|
Сөздің мағынасын білу, жаңа сөздерді түсіндіру.
|
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: Анықтама берілуі керек сөздер.
Экран - теледидар, телефон, компьютер беті.
Электр – қуат күшінен алынатын жарық.
Элеватор - астықты қабылдап алуға, тазартуға, кептіруге, сақтауға арналған астық қоймасы.
Эстрада - сахна және сахнаға шығатын әртістер.
Экскаватор - кен өндірісінде, құрылыста, тас, топырақ, кен қазатын, тиейтін машина.
Эскалатор – жылжымалы баспалдақ.
Экипаж - көлік жүргізу тобы.
|
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
"Ұлттық ойын" бағдарламасы.
|
|
Талқылауға арналған тармақтар: элеватор (ұн, бидай, нан)
|
|
Жазылым бойынша ұсыныстар: Ээ әрпін көркем сауатты жазу. Э әрпі бар сөздерді жазып үйрену.
|
Алдыңғы оқу
|
Вв дыбысы мен әріп
|
Жоспар
|
Жоспарлаған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
Ынтымақтастық атмосферасы
Өткенді шолу
Жаңа сабаққа кіріспе
"Ой қозғау"
|
Сабаққа әзірліктерін тексеру.
-Балалар,бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.
-Қане қонақтармен сәлемдесейік.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлемдесеміз біз.
-Бүгін нешесі?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Бүгін аптаның қай күні?
- Ал кеше біз қай дыбысты өттік?
- Дұрыс Вв дыбысы.
- Вв дыбысы бар қандай сөздерді үйрендік?
- Велосипед, трамвай, автобус.
- Осы сөздерді буынға бөлейік.
(Ережені күнделікті талдау жұмысына сүйене отырып еске түсіру.
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Дыбыс дегеніміз не? (Дыбысты естиміз,айтамыз.) Әріп дегеніміз не? (Әріпті көреміз,оқимыз,жазамыз.)
- Жақсы. Бұл сөздер қай ұлттың тілінен алынған?
- Орыс тілі.
- Керемет, балалар.
1. Жұмбақ шешу.
Жіппен келеді,
Үзсең сөнеді.
(Электр шамы)
Диқаншының еңбегін.
Қысы - жазы ақтайды,
Астықты тазалап,
Қай жерде сақтайды?
(Элеватор)
Жылжымалы баспалдақ,
Сатыларын бассаң нақ.
Не жоғары, не төмен
Сырғимын да жетем мен
Көзді жұмып, ашқанша - ақ.
(Эскалатор)
- Олай болса, айтылған жаңа сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
- Э
- Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Э э дыбысы мен әрпі.
- Мақсатымыз Ээ дыбысын тану, ажырату.
2. Хормен әндетіп айтқызу.(- э - э - э)
Э - дауысты дыбыс, сөздің бірінші буынында кездеседі.
- Э дыбысы қандай дыбыс?
- Дауысты дыбыс.
- Оны қалай ажырата алдыңдар?
Ережені қайталау. Дыбысты айтқанда ауа еш кедергіге ұшырамай, ұзақ айтылып тұр. Оқулықта қызыл түспен берілген, буын құрайды.
3. Айтылым дағдысы.
Экранға назар аударыңыздар. Бүгін эфирде - "Ұлттық ойын" бағдарламасы.
-Ал балалар, бізде бүгін "Ұлттық ойын" бағдарламасы және оның жүргізушісі Әділет.(қолында микрофон және қолдан жасалған экран)
- Құрметті көрермендер. Бүгінгі эфирде сіздердің назарларыңызда "Ұлттық ойын" бағдарламасы. Енді келген қонақтарымызға сұрақтар қояйық.
- Сіз қандай ұлттық ойындарды білесіз?
Балалар ұлттық ойындарды атайды. Екі оқушы асық ойынын көрсетеді.
|
Сергіту сәтіне арналған жинақтар
Вв әрпінің үлгісі, бейнелі суреттер
Жұмбақтар жинағы
Ээ әрпінің үлгісі
Асық сүйегі, микрофон.
|
Ортасы
Топтық жұмыс
Сергіту сәті
|
4. Оқылым дағдысы.
Оқулықтағы жаңа сөздерді оқып, буындық талдау жасау. Сөздік қорын молайту.
эк - ран
э - фир
эс - тра - да
э - ле - ва - тор
э - лектр
э - ки - паж
эс - ка - ла - тор
экс – ка - ва - тор
5. Жаңа сөздерге анықтама беру.
Экран - компьютер беті.
Электр - жарық шамы.
Элеватор - ұн, бидай, нан.
6. Дыбыстық талдау жасау. Кестемен жұмыс. Топта орындалады. Әр топқа таратпа қағаздар беріледі. Жұмыс соңында әр топтан бір оқушы жауап береді.
1-топ: элеватор
2-топ: эскалатор
3-топ: экскаватор
4-топ: электр
Мысалы:
1 Сөзді оқы-------------------------- Экскурсия
2 Буын санын анықта ---------------Экс - кур - си - я (4 буын)
3 Әріп санын анықта ----------------9 әріп
4 Дыбыс санын анықта -------------10 дыбыс
5 Неше дауысты дыбыс бар-- 4 дауысты дыбыс
6 Неше дауыссыз дыбыс бар -----5 дауыссыз дыбыс
Аққу болып ұшамыз,
Көлге келіп қонамыз.
Көлдің бетін құшамыз,
Қайта самғап ұшамыз.
|
Жаңа сөздер жазылған плакат.
Бейнелі суреттер.
Компьютер, жарық шамы, бидай, ұн, нан.
Тапсырма жазылған қағаздар.
Сергіту сәтіне арналған жинақ
|
Аяқталуы
Дәптермен жұмыс.
Қорытындылау.
Топтық жұмыс.
Сұрақ - жауап.
Рефлексия
|
7. Жазылым дағдысы. Жеке жұмыс.
Э - әрпінің баспа, жазба және бас, кіші әріптерімен таныстыру.Тақтада үлгі көрсетіліп тұрады.
Кіші және бас әрпін ауада жазып көрсетемін, оқушылар қайталап жазып қол үйретеді.
Жазу дәптеріндегі э әрпінің бас және кіші әріптерін көркем етіп жазу.(Э э 34 бет)
8. Шығармашылық жұмыс.
Сөздерді араластырып беру.
"Э немесе Е".
...м...н
көб...л...к
дәпт...р
...р...ж...
к...м...
к...р...г...
көм...к
|
...л...ктр
...кипаж
...л...ватор
...кран
...фир
...скалатор
...кскаватор
|
- Балалар, біз бүгін қандай әріпті таныдық?
- Э қандай дыбыс?
- Э сөздің қай жерінде жазылады.
|
Жұмыс дәптері.
А4 қағазы, маркер.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |