Математика пәні бойынша 6 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
I тоқсан
Сабақ нөмірі: 25 Күні 05.10
Сабақтың тақырыбы: Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар (1-сабақ)
Мақсаты: 6.1.1.4координаталық түзудің анықтамасын білу және координаталық түзуді салу; 6.1.1.7қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеру, оларды координаталық түзуде белгілеу
Сілтеме:
Алдамұратова Т.А., Байшоланова Қ.С., «Математика»-6, 2-бөлім, Алматы «Атамұра», 2018
Әбілқасымова А.Е., Кучер Т.П., Жұмағұлова З.Ә. Математика-6, Алматы: Мектеп, 2018
Жаңа тақырыпқа қысқаша түсініктеме
Шамалардың өзгерісінің сан мәнін жазғанда, оқығанда оның тура мағынасының сан мәнінің алдына «+» таңбасы қойылады. Шаманың қарама–қарсы мағынасының сан мәнінің алдына
«–» таңбасы қойылады. Өмірде пайда-шығын, биіктік-тереңдік, жылы-суық, т.б. сөздерді пайдаланамыз.
Мысалы, жылы «+», суық «-»; биіктік «+», тереңдік «-», т.б.
1-мысал. «+», «-» таңбаларын пайдаланып жаз:
17 жылы
|
+17
|
10 суық
|
-10
|
1400 тг шығын
|
-1400 тг
|
1702 тг пайда
|
+1702 тг
|
5 ұпай ұту
|
+5
|
3 ұпай жеңілу
|
-3
| Оң және теріс сандар ұғымын координаталық түзуді түсінейік.
Координаталық түзу деп санақ басы, бірлік кесіндісі және санау бағыты таңдалынып алынған түзу сызықты айтады. Санақ басы ретінде О нүктесіне 0 санын сәйкестендіреміз. Оң сандар 0 санынан оң бағытта (стрелкамен оң бағыт көрсетілген) орналасады, ал теріс сандар 0-ден белгілі бір қашықтықта қарама-қарсы бағытта орналасады. Түзу көлденеңінен немесе тігінен орналасады.
Оң сандардың алдына «+», теріс сандардың алдына «-» таңбасын қоямыз. 0 саны оң сандарға да, теріс сандарға да жатпайды.
Дәптерде жазамыз 05.10 Сынып жұмысы
Тапсырмалар.
№1. «+», «-» таңбаларын пайдаланып жаз: 300 м биіктік; 96 м тереңдік; 9 ұпай ұтыс; 22 жылы; 90000 тг шығын.
№2. Сызбадағы суреттердің қайсысы координаталық түзу болады?
№229 бет 72
Кері байланыс
-Балалар сұрақтар болса сұраймыз, жазамыз. Есептерді шығарғанда мұқият болыныз
- Балалар, орындаған тапсырмаларыңызды мұғаліміңіздің электронды почтасына немесе «WhatsApp» мобильді қосымшасына жіберіңіздер
Сәттілік тілеймін!
Әзірлеуші: Борамбаева Гульмира Ернаровна математика пәні мұғалімі.
Достарыңызбен бөлісу: |