Сабақ өткізілетін күн Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы Өткізілетін орны



бет1/10
Дата21.04.2017
өлшемі1,16 Mb.
#14203
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
15 Сабақ жоспары
Пәннің аты:__________________Физика___________________


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақ өткізілетін уақыты


















































І. Сабақтың тақырыбы: Геометриялық оптика.
ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Жарық құбылыстарының жаңа қасиеттерімен танысу, сыну және шағылу ұғымын қалыптастыру, сыну және шағылу заңы мен формуласын үйрету, оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру, сыну және шағылу құбылысының схемалық суретін сала білу;

б) ой-өрісін дамытушылық: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.

Әлемнің тіршілігі үшін жарықтың алатын орны туралы өзіндік ой қорыту, білімдерін тереңдете түсу, оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;



в) тәрбиелік: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың типі: құрама сабақ.
ІV. Сабақтың түрі: теориялық және тәжірибе.
V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша, тест жұмысы.
VІ. Сабақтың көрнекілігі: стакан, май, тиын, қалам.
Пән аралық және пән ішілік байланыс
Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы:
Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы: офтальмология
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.
2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-15 минут:

Эссе «Жасанды және табиғи жарық көздері»
3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.
4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

  • Жарықтың сыну және шағылу заңдары.

  • Толық шағылу құбылысы.

  • Сынудың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштері.

  • Линза және оның оптикалық параметрлері.

  • Линзада кескін алу.

  • Оптикалық аспаптар.

  • Көз оптикалқ жүйе ретінде.


5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 40 минут

Физиканың жарықтың электромагниттік толқындарының шығарылуына, таралуына және затпен өзара әсерлесуіне байланысты құбылыстар мен заңдылықтарды зерттейтін бөлімі оптика деп аталады. Жарық толқындары электромагниттік толқындар шкаласында ультрақысқа миллиметрлік радиотолқындардан бастап, гамма – сәуле шығаруға дейінгі орасан зор диапазонды қамтиды.

Геометриялық оптикада жарықтың біртекті ортада таралу заңдылықтары қарастырылады.

Егер ортаның сыну көрсеткіші оның барлық жерінде бірдей болса, онда орта оптикалық біртекті орта деп аталады. Оптикалық біртекті ортада жарық түзу сызық бойымен таралады.


6. Жаңа материалды бекіту – 10 минут

1. Бекіту сұрақтары:

  1. Геометриялық оптика нені оқытады?

  2. Жарық сәуелесі және сәуленің түсу жазықтығы деген не?

  3. Шағылу заңын кім айтады?

  4. Оның матемтаикалық өрнегін тақтаға кім жазып көрсетеді?

  5. Жазық айнада айнадағы кескіннің шын кескіннен қандай айырмашылықтары бар?

2. Есептер шығарту: Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. 1022, 1023, 1033 есептер.

3. Тест.

4. Семантикалық картаны толтыру.
7. Сабақты қорытындылау-5 минут:

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.


8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут


Бағалар

Топтар













5













4













3













2















9. Үй тапсырмасы-5 минут:

  1. Өзіндік ізденіс жұмысы «Көз-оптикалық жүйе»

  2. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. 1005, 1006, 1009 есептер.

  3. Мына кесте бойынша есептерді шығарыңыз.







n

Қандай зат?

1

450

270







2

450







алмас

3




300

1,56





10. Әдебиеттер:

  1. Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006

  2. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001

  3. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г


11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Оқытушының қолы:___________________ Тексерушінің қолы: ___________________
Геометриялық оптика
Физиканың жарықтың электромагниттік толқындарының шығарылуына, таралуына және затпен өзара әсерлесуіне байланысты құбылыстар мен заңдылықтарды зерттейтін бөлімі оптика деп аталады. Жарық толқындары электромагниттік толқындар шкаласында ультрақысқа миллиметрлік радиотолқындардан бастап, гамма – сәуле шығаруға дейінгі орасан зор диапазонды қамтиды.

Геометриялық оптикада жарықтың біртекті ортада таралу заңдылықтары қарастырылады.



Егер ортаның сыну көрсеткіші оның барлық жерінде бірдей болса, онда орта оптикалық біртекті орта деп аталады.

Жарықтың вакуумдегі жылдамдығының оның берілген ортадағы жылдамдығына қатынасын осы ортадағы сынудың абсолют көрсеткіші деп аталады.

Екінші ортаның біріншіге қатысты салыстырмалы сыну көрсеткіші n21 деп жарықтың бірінші және екінші ортадағы сәйкес 1 және 2 жылдамдықтарының қатынасын айтады: . Егер n211 болса, онда екінші орта біріншіге қарағанда оптикалық тығызырақ орта деп аталады. Жарық екінші ортаға өтерде ол бөлу шекарасына перпендикуляр түспеген жағдайда оның таралу бағыты өзгереді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет