№ 9 Сабақ жоспары
Пәннің аты:__________________Физика___________________
Сабақ өткізілетін күн
|
Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы
|
Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)
|
Сабақ өткізілетін уақыты
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
І. Сабақтың тақырыбы: Қатты денелердің сызықтық және көлемдік ұлғаюы.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға қатты денелердің сызықтық және көлемдік ұлғаюы туралы түсінік беру.
б) ой-өрісін дамытушылық: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.
в) тәрбиелік: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың типі: құрама сабақ.
ІV. Сабақтың түрі: теориялық.
V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша.
VІ. Сабақтың көрнекілігі: презентация, электрондық кітапша, оқулық.
Пән аралық және пән ішілік байланыс
Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы:
Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы:
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.
2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-15 минут:
1. Есеп шығару: А.П.Рымкевичің «Физика есептерінің жинағы» № 605, 606, 611, 612-
åñåïòåð.
3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.
4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:
Қатты денелердің сызықтық және көлемдік ұлғаюы.
Жылулық ұлғаюдың табиғаттағы және техникадағы алатын орны.
5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 40 минут
Тәжірибелердің көрсетуіне қарағанда абсолют нөлден алшақ тұрған температура аралығында көлемнің салыстырмалы өзгерісі температураның өзгерісіне пропорционал:
,
мұндағы -көлемдік ұлғаю коэффициенті, яғни 1 Кельвинге келетін көлемнің салыстырмалы өзгерісі. V=V-V0, бұнда V0 – t0=00C температураға сәйкес дененің көлемі және T=t-t0=t деп алсақ, онда V=V0(1+t). Дененің тығыздығы үшін осыған ұқсас =0(1+t).
Көлемдік жылулық ұлғаю қатты денелер мен сұйықтарға бірдей қатысты болса, сызықтық жылулық ұлғаю тек қатты денелерге ғана тән.
Сызықтық жылулық ұлғаю берілген температуралық аралықта сызықтық ұлғаю коэффициентімен сипатталады: l=l0(1+t), мұндағы l0- дененің t0=00C температура кезіндегі ұзындығы, l-дененің t температурадағы ұзындығы шамасы 1 Кельвинге келетін ұзындықтың салыстырмалы өзгерісі.
6. Жаңа материалды бекіту – 10 минут
7. Сабақты қорытындылау-5 минут:
Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут
9. Үй тапсырмасы-5 минут:
1. Оқушылардың өзіндік ізденіс жүмысы «Cүйек – қатты дене»
10. Әдебиеттер:
Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006
Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001
Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г
11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!
Оқытушының қолы:___________________ Тексерушінің қолы: ___________________
Қатты денелердің сызықтық және көлемдік ұлғаюы.
Тәжірибеге сәйкес температура жоғарылаған сайын қатты денелер мен сұйықтардың көлемі артатыны белгілі.
Қатты дене мен сұйықта берілген температурада молекулалар бір-бірінен белгілі қашықтықтарда орналасады да, тепе-теңдік қалыптарының маңында тербеліп тұрады. Температураның жоғарылауымен тербеліс энергиясы артады. Басқаша сөзбен айтқанда температура артқан сайын молекулалар бір-бірінен қашықтайды.
Тәжірибелердің көрсетуіне қарағанда абсолют нөлден алшақ тұрған температура аралығында көлемнің салыстырмалы өзгерісі температураның өзгерісіне пропорционал:
,
мұндағы -көлемдік ұлғаю коэффициенті, яғни 1 Кельвинге келетінкөлемнің салыстырмалы өзгерісі. V=V-V0, бұнда V0 – t0=00C температураға сәйкес дененің көлемі және T=t-t0=t деп алсақ, онда
V=V0(1+t).
Дененің тығыздығы үшін осыған ұқсас
=0(1+t).
Көлемдік жылулық ұлғаю қатты денелер мен сұйықтарға бірдей қатысты болса, сызықтық жылулық ұлғаю тек қатты денелерге ғана тән.
Сызықтық жылулық ұлғаю берілген температуралық аралықта сызықтық ұлғаю коэффициентімен сипатталады:
l=l0(1+t),
мұндағы l0- дененің t0=00C температура кезіндегі ұзындығы, l-дененің t температурадағы ұзындығы шамасы 1 Кельвинге келетін ұзындықтың салыстырмалы өзгерісі.
Қатты денелердің басым көпшілігі үшін =(10-5 – 10-6) К-1, яғни іс жүзінде температура тәуелсіз деп есептеуге болады.
Ал температура аралықтары үшін сызықтық және көлемдік ұлғаю коэффициенттерінің байланысы мына өрнекпен беріледі:
≈.
Достарыңызбен бөлісу: |