Сабақ Өткізілген мерзімі : қазан айы Оқушы саны: 25 Қатысқаны: 25



Дата30.01.2020
өлшемі70 Kb.
#56819
түріСабақ
Байланысты:
ҰБТ -ға дайындық

ҰБТ –ға дайындаламыз

Жоғары класс оқушыларына арналған тренинг сабақтар




  1. Сабақ


Өткізілген мерзімі: қазан айы

Оқушы саны: 25

Қатысқаны: 25

Өткізген тренер: педагог-психолог

Тақырыбы : «ҰБТ дегеніміз не және оның мен үшін маңыздылығы?»
Мақсаты : ҰБТ-ның ерекшеліктерімен бітіруші түлектерді таныстыру

«Ассоциация» жаттығуы

Қатысушыларға инструкция беріледі: «Ассоциация –бұл естіген немесе көрген зат жайында соған қатысты ойлардың басыңа келуі. Ең бірінші бізге қатысушының айтқан сөзіне байланысты ассоциация ойлау керек. Көп ойланбауға тырысыңыз, ойыңызға тез түскен нәрсені атауыңызға болады. Ал мен бастаймын: емтихан....»


Тақырып презентациясы

Жүргізуші: Сіздің жақында мектептегі жылдарыңыз аяқталады. Алдарыңызда өте маңызды сынақ –емтихан тұр. Бұл емтиханды ерекше формада тапсырасыздар. Бұл –ҰБТ деп аталады.

ҰБТ жайында информациядан, бұрын оқушылардан ҰБТ жайында не білгілері келетінін анықтап алу қажет.


Информация

ҰБТ –бұл әр пән бойынша тегін емтихан жүйесі. ҰБТ қорытындылары мектеп аттестаты мен жоғары оқу орнына түсу кезінде жарамды болып табылады. Әр пән бойынша емтихан сұрақтары мен тапсырмалары әр түрлі типте болады. ҰБТ тапсыру процесі үшін: жоғары мобильділік, тез қабылдағыштық, жоғары дәрежеде зейінді шоғырландыру, қиюластырғыштық.


Ойландыру

Ең маңыздысы оқушылар өздері ҰБТ жайында ой қалыптастырғаны жөн. Сондықтанда «ҰБТ маған не бере алады.» деген тақырыпта ой түйіндеген жөн. Оқушыларды мынандай сұрақтарға жауап іздеулерін қарастыру керек: ҰБТ мен үшін дәстүрлі формадағы емтихан және оның мен үшін маңыздылығы?



«Мен неге қол жеткізгім келеді» жаттығуы

Мақсаты : жеңіске жетуге талпындыру.

Инструкция : «Бірнеше уақыт тыныштықта отырып, мен неге қол жеткізгім келеді деп, ойланыңыз. Сіз ол үшін не істеу керек екенін анықтаңыз. Сіз осы ойыңызды сөзсіз, мимика, жест көмегімен көрсете аласыз ба? »
Анализ

    • Маңызды мақсатты таңдау қиын болды ма ?

    • Өз мақсатыңызға жету үшін не істеу керек?

    • Сіздің мақсатыңыз глобальды немесе ұсақ түйек емес пе? Әлде қазіргі жетістіктеріңіз бе?


Рефлексия

Сабақ қорытындысын өткізу. Бітірушілер келесі сұрақтарға жауап береді:



    • Қазір сіз өзіңізді қалай сезінесіз?

    • Не ұнады немес ұнамады?

    • Сіз өзіңіз үшін жаңадан не білдіңіз?


2 Сабақ

Тақырыбы : «Емтихан кезіндегі стресстен қалай арыламыз?»

Мақсаты : Қатысушыларды стресс жағдайынан арылудың негізгі әдістемелерімен таныстыру.
Керекті материалдар: доп, қағаз және автоқалам.
«Ең қиын» жаттығу

Жүргізуші: Кімде –кімнің қолына доп түссе сол «Емтихандағы ең қиыны –бұл ....» деген фразамен кез келген біреуге допты лақтырады. Ол сол қиын жағдай туралы баяндап емтиханға байланысты қиындықты айтып, әрі қарай анықтай түседі.
Сауалнама

«Емтиханға дайындалу. Стреске қарсы тұру.»
Мақсаты : Берілген сұрақтар бойынша қатысушыларды қадағалап, проблемаларын анықтау.
Сауалнама сұрақтары:

  1. Қалай ойлайсың сен стрестен зақымдалғанбысың?

  2. Стресс жайында материалдар оқып па едің?

  3. Стрес белгілерін білесің бе?

  4. Сен қалай ойлайсың, стрес саған кері әсерін тигізе ме?

  5. Стресті бейтараптау жаттығуын білесің бе?

  6. Келе жатқан емтиханға байланысты қандай сезімді басыңнан өткеіп жүрсің?


Тақырып презентациясы

Жүргізуші : Емтихан тапсыру оңай емес. Оны қиындататын адам, оның қорқынышы, мазасыздануы, уайымдауы болып табылады. Қатты толқу мен мазасыздану мұқияттылықты төмендетіп, ойын шоғырландыруға кері әсерін тигізеді. Бірақ, бұл қалып саналы түрде реттеуге көнеді. Емтиханға байланысты үрей, қорқыныш жағдайын бағындыруға, жеңуге байланысты бірнеше психологиялық әдістер бар. Біз бүгін солармен танысамыз.
Информация

Өз қорқынышыңды, үрейіңді жеңудің көптеген әдістері бар. Жай бірақ, өте эффкетивті әдіс –аутотренинг. Аутотренинг формуласы біздің жат сана сезімімізге тікелей бағытталады.


«Аутотренинг формуласы » жаттығуы

Жүргізуші: Ережені басшылыққа алып, аутотренинг формуласын өзіңе құрастыр. Қатысушылар өздері құрастырған формуланы пайдалануға болады.

Бұл жаттығуды орындағаннан екейін талқылау жүреді:



    • Аутотренинг формуласын құрастыру қиын немесе оңай болды ма?

    • Формула құрастыру барысынды не көмектесті, не кері әсерін тигізеді?


Рефлексия

Сабақты қорытындылау.

Жүргізуші : Бүгін біз тек қана үрейді бағындырудың бір ғана әдісін үйрендік. Ол аутотренинг формуласын құрастырып, сол формуламен жаттығуды үйрендік. Келесі сабақта біз үрей, қорқыныш, мазасыздануды бағындырудың психологиялық әдістерін үйренеміз. Өз -өзімізге қалай көмектесуді ұйымдастырамыз.

3 Сабақ

Тақырыбы : «Емтихан кезіндегі стресстен қалай арылуға болады?»

(жалғасы)



Мақсаты : Стресс жағдайынан пайда болған үрейді жеңудің негізгі әдістерімен бітірушілерді таныстыру.

«Үрейлі және сабырлы қалып » жаттығуы

Мақсаты : Қатысушыларды үрей мен қорқыныш ситуациясын сезініп, өзінің осы ситуацияға байланысты қалпына көңіл бөлуге үйрету.

Қатысушылар көздерін жұмып, үрей мен қорқыныш пайда болған жағдайды еске түсіруі керек.

Оқушылардың барлығыда үрей, қорқыныш сезімін басынан өткереді, бірақ олардың физикалық түрдегі қал –жағдайына көңіл аудару керек.

Олар өздеріне еш үрей, толқу жағдайын еске түсірмейтін ситуацияны көз алдарына елестетіп, тағыда физикалық қал –жағдайына көңіл аудару керек.

Жаттығу аяқталуында қорытындыларға сүйене отырып «үрей портретін», және «сабырлық портретін» құрастыру керек.

Үрей әрқашанда қысыммен, ал сабырлылық –босаңсу мен сергуден тұратынын білу қажет.



Тақырып презентациясы

Жүргізуші : Мазасыздану –есте сақтау мен зейінді шоғырландырудың маңызды бір кедергісі болып табылады. Кез келген адам үрей сезімін жеңудің психологиялық әдістерін білуі керек.
Информация

Үрей қалпы әрқашан бұлшық еттердің қысымымен байланысты. Кей кезде сабырлылық қалыпқа келу үшін тек бұлшық еттерді босату, сергітудің өзі жақсы әдіс болып табылады. Оны релаксация деп атайды. Бұлшық ет релаксациясы мен тыныс алу релаксациясын өткізуге болады.

Үрейді жеңуге тағы да- медитация әуені де көмектеседі. Медитация қалпы бір объектке зейін шоғырландырумен байланысты. Бұл қалып жан дүние тепе-теңдігі мен сергуді алып келеді.
«Бұлшық ет релаксация» жаттығуы

Мақсаты : Бұлшық ет қысымынан босаңсу әдісін үйрену.

Инструкция: Өздеріңе ыңғайлы қалыпта отыруларыңды сұраймын. Қолдарыңды тізелеріңе қойып, көздеріңді жұмыңдар. Барлық зейіндеріңді қолдарыңа шоғырландырыңдар. Сендер өз қолдарыңның жылылығы мен жұмсақтығын сезінесіңдер. Егер қолдарыңда қысым, күштің бар екенін сезінсеңдер онда қолдарыңа осы қысымнан арылуына ерік беріңдер.

Толық түрдегі сергуге қолымыз ауырлай бастағанда ғана нәтижеге жетеміз.


Анализ

    • Бұл жаттығу сенде қандай сезімдер туғызды? Сен босаңсып, серги алдың ба?

Сергіту жаттығуларына тыныс алу релаксациясы көмектеседі.


«Тыныс алу релаксациясы» жаттығуы

Мақсаты : үрейді жеңудің әдісі тыныс алу арқылы орындауға үйрету. Жай, қарапайым әдіс- санау арқылы тыныс алу. Балалар көзлерін жұмып, ыңғайлы, отырып, тыныс алу жаттығуына көңіл бөлуі керек. Төрт рет тыныс алу, төрт рет дем шығару.
Анализ

    • Сіздің қалпыңыздың қалай өзгергенін байқадыңыз ба ?

    • Жаттығуды орындау кезінде кедергілер болды ма?


Белгілі бір затқа зейінді шоғырландыру.

Мақсаты : үрейді медитация көмегімен жеңуді үйрену,

Инструкция : «Әр қайсымыз кез келген (ручка, сағат) затты алдымызға қойып, 4 минут бар зейінімізді бағыттаймыз. Еш нәрсе бізге кедергі жасамауы керек.»

Анализ

    • Тапсырманы орындай алдыңыз ба?

    • Жаттығуды орындауда не кедергілер болды немесе көмектесті?


Рефлекция

Қатысшыларға кейбір сұрақтарға жауап беру ұсынылады.



    • Өзіңізді қалай сезінесіз?

  • Сіз үшін үрейді жеңудің қандай әдісі тиімді?

  • Сізге не оңай не қиын болды?

  • Келесі тренинг сабаққа қандай ұсыныстарыңыз бар?



Сабақ 4

Тақырыбы : «Жүйке жүйесіне түсетін күштен психологиялық арылу әдісі»

Мақсаты : Бітіруші түлектерге жүйке жүйесіне түсетін күшті жеңудің қарапайым психологиялық әдістерін үйрету.

Керекті құрал- жабдықтар : қағаз, түрлі –түсті қалам, қағаздан қиылған күннің суреті.

«Суретті жалғастыр және қасында отырғанға бер»

Мақсаты : психофизикалық қысымнан арылу, топты белсендіру.

Инструкция : «Қолыңа қағаз бен түрлі –түсті қалам ал. Мен қолымды шапалақтағанда сен сурет салуды баста, ойыңа қандай сурет түссе сол суретті сал. Қолымды шапалақтағанда суретті қаламымен бірге қасыңдағы көршіңе бер. Осылай топ бойымен айналдыра суретті мен қолымды шапалақтаған сайын бір- бірлеріңе беріп, жалғастыра бересіңдер. Тек сурет өз қожайынына келгенде ғана аяқталады. Суретті бастап салған оқушыдан өз суретіне алып қосары бар ма екенін анықтаймыз.»
Анализ__Өзің_жайлы_баянда___«Сілкіну»_ойыны__Мақсаты'>Анализ

  • Сурет сендерге ұнады ма? Өз сезімдеріңмен, көңіл күйіңмен бөлісуге дайынсың ба?

  • Саған басқа адамның салған суретінің тақырыбын қолдау қиын болды ма?


Презентация тақырыбы

Жүргізуші:Бірден бір қысымнан босаудың эффективті әдісі толық түрде сергу болып табылады. Бұл арқылы ішкі мазасызданудан арылуға болады. Біз алдыңғы сабақтарда көптеген сергу жаттығуларын қарастырдық. Бүгін біз сергіту жаттығуларының басқа психологиялық әдістерін қарастырамыз.
Информация

Белгілі бір қысымнан арылу үшін өз- өзі игеру болып табылады. Бұл түсініктің астарында өз іс -әрекетін бағалаумен, сезімдерін басқару әдістері жатыр.


«Эксперимент» жаттығуы

Мақсаты : Қатысушыларға өзін -өзі басқарудың қажеттілігін түсінуге ой салу.

Әр қатысушыға әртүрлі біріккен сөздер жазылған карточка таратылады. Қатысушылар осы жазылған дардың арасынан сөйлем құраулары керек.



Инстркуция :Сізге 30 секунд ішінде мына үзіндіні оқу керек.
ОқыпталдапҒибратқыл.

Қоршағанортағасабырлылықтанытукерек.

темПераментбойыншаанықтаудаКрыловпенкутузовбосаңІпетрпушкинсуворовжәнепавловқызумінездігерценлермонтовжәненаполенетітірігогольменчайковскийуайымшыладамдарболғанекен.

«Аааааа» жаттығуы

Мақсаты : қысымнан сергуге үйрету.

Инструкция : «Терең дем алып, дем шығар. Сосын өкпеңді толтыра дем алып, дауыс арқылы сыртқа қайта шығарыңдар. Дем алу барысында Ааааа деп айтуға тырыс. Дем шығаруда барлық уайымдарың мен қорқыныштарың бірге шығып жатқандай елестет. Дем алғанда қуанышты, көңілді ойларды ішкі жан дүниеңе тартып жатқандай елестет.»
Анализ


  • Өзің жайлы баянда?


«Сілкіну» ойыны

Мақсаты : жағымсыз нәрселерден арылуға үйрету.

Инструкция : Мен сендерге қарапайым, жай әдіспен жағымсыз нәрселерден арылуды көрсетемін. Саусақтарың мен иықтарыңды сілкуден бастаймыз. Жаман ойлар мен сезімдер сілкіну арқылы түсіп қалғандай елестетіңдер. Сосын аяқтарыңды, жамбастарыңды сілкуді жалғастырыңдар. Бастарыңды сілкіңдер. Беттеріңді сілкіңдер. Барлық жағымсыз жүк үстеріңнен түскендей өздеріңді сергек сезінетіндей көз алдарыңа елестетіңдер.

Анализ

  • Жаттығуды орындағаннан кейін өзіңді қалай сезінесің?


Рефлексия

«Келесі кездескенше» жаттығуы

Мақсаты : қорытындылау сабағына байланысты қатысушыларға кері байланыс жүргізу.

Инструкция : Менің қолымда керемет күн тұр. /қағазбен жасалған күн/. Ол бүгінгі күнге жылы, жарық, қуаныш, бақыт нұрын төгіп тұр. Енді сендер бір- бірлеріңе осы күнді беріп, жақсы сезімдеріңмен бөлісіндер. Бір –бірлеріңе жақсы тілектер айтып, бүгінгі күн жайлы талқылаңдар.
Сабақ 5

Тақырыбы : «Емтихандағы өз -өзіне сенімділік»

Мақсаты : өз-өзіне сенімділікті жоғарылату мен өз күшіне сенуді үйрету.

Керекті құрал- жабдықтар : қатысушылардың барлығына қағаз, түрлі- түсті қалам, автоқалам.
«Шапалақ ұруды жалғастыру» ойыны

Оқушылар бір –бірінің алақандарын қасында отырған көршісінің алақанына тигізе кезекпе –кезек үзіліс жасамай шапалақтайды.


Презентация тақырыбы

Жүргізуші: Емтиханды жақсылап тапсыру үшін өзіне сенімділік пен өз күшіне сенуді қалыптастыру керек. Емтихан уақытындағы үрей мен қорқынышты жеңудің біз көптеген әдістерін қарастырдық. Бүгін біз емтихан кезіндегі сенімді сезім жайында білеміз.
Информация

Сенімділік екі жағдайда қалыптасады: сен өзіңді қалай сезінесің немесе қалай көрінесің. Жан дүниеңдегі сенімділік сезімін аутотренинг, релаксация көмегімен қалыптастыра аласың. Өз- өзіне деген сенімділікті қалай қалыптастыруға болады? Ең алдымен өзіңді сенімді ұста. Егер сен сенімді қалыпты ұстансаң, өзіңе деген көзқарасың тез өзгереді. Кез келген адамның стресстен шығатын немес соған сүйенетін өзіндік ресурстары бар.


«Сенімді немесе сенімсіз статуясы» жаттығуы

Мақсаты :өзіне деген сенімділікті қалыптастыруды дамыту.

Инстркуция : «Сендер мектеп алдына скульптура қоюды ақылдастыңдар «Өз- өзіне сенімді немес сенімсіз бейне» скульптурасы. Қазір біз барлығымыз скульптура бейнесіне енуге тырысамыз. Екі топқа бөлінуіміз керек. Бірінші топ сенімді скульптураны сомдаса, екінші топ сенімсіз скульптураны сомдайды. 4 минуттан кейін өздері сомдайтын скульптураны көрсетеді. Кейін қорытындылау кезінде «сенімді бейне»образын құрастыру керек. Ватман қағазына сенімді болу үшін қандай қасиеттер керек екенін жазулары керек.»
«Менің ресурстарым.» жаттығуы.

Мақсаты : қатысушыларға емтихан кезінде өзін сенімді сезінуіне көмектесетін қасиеттерін табуға көмектесу қажет.

Инструкция : Парақты екі бөлікке бөліңдер. Бір бөлігіне: «Мен немен мақтана аламын». Бұл жерге сендер өздерің мақтанар күшті қасиеттеріңді жазыңдар. Бірінші бөлім біткеннен кейін екінші бөлімге «Менің бойымдағы осы қасиеттердің қайсысы емтихан уақытында көмектеседі?». Өздерің мақтанар күшті қасиеттерің қайсысы емтихан кезінде көмектесетінін анықтау керек. Кімде- кім қатысушылардың өзі еркімен жазғандарын оқуға мүмкіндік бар.
«Еске түсіруге жағымды» жаттығу.

Мақсаты : өзіне сенімсіз жағдайда өзін -өзі сендіруге үйрету.

Инструкция : Бұл жаттығуларды қандай да бір тапсырманы шешуге сенімсіздікті сезінгенде орындауға болады. Аналогиялық мәселені шешу қорытындысын өткен тұрғыда шешіп, өздеріне нақты түрде: «Мен бұдан да қиын тапсырманы шешкенмін. Бұны да шеше аламын!»

«Сенімділік образы» жаттығуы

Мақсаты : қатысушыларға өзіне сенімділікті нықтап қалыптастыруға үйрету.

Инструкция : «Көздеріңді жұмып, өздеріңді сенімділікке алып келетін қалыпты елестетіңдер. Енді елестеткен бейнелеріңді сурет пен символдармен бейнелеңдер»

Жаттығу аяқталар алдында қатысушылардың суреттерні қарап қысқаша баяндама беруге болады.


Анализ

  • Қандай жағдай қиын болды немесе жеңіл болды?

  • Бұл символ саған қалай әсер етеді?

Егер қатысушылар өздері айта алмаса, оларға бұл салған символдар қиын жағдайда өздеріңде сенімділікті күшейте алады деп түсіндіру керек.


Рефлексия

Сабақты қорытындылау.



Оқушылар мына фразаны жалғастыру керек: «Сенімділікмен үшін- бұл ...»
Қорытындылауға біршама сөздер айта кеткім келіп отыр. Соңғы уақытта ҰБТ жыл өткен сайын күрделене түсуде сондықтанда емтиханға дайындық психологиялық актуальды мәселе болып табылуда. Осы тұрғыда ғылымда ашық түрде зерттелген бағдарламалар жалпы және жеке тиісті мәселені шешуді қарастыруы керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет