Сабақ өткізуге дайындығы. «Саптық тәсілдер және қарусыз қозғалыс жасау»


«Саптық тәсілдер және қарусыз қозғалыс жасау» тақырыбы бойынша саптық дайындықтан сабақ өткізу тәжірибесі



бет2/2
Дата18.10.2023
өлшемі0,62 Mb.
#186468
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Саптық дайындық Т-2,сабақ-1

«Саптық тәсілдер және қарусыз қозғалыс жасау» тақырыбы бойынша саптық дайындықтан сабақ өткізу тәжірибесі:
1). Әскери сәлемдесуді қарусыз орнында тұрып және қозғалыста орындау.
2). Саптан шығу және сапқа қайта тұру. Бастыққа келу және одан кету.


Сабақ өткізу «Кіріспе бөлімнен» басталады.
Онан кейін «Негізгі бөлім» орындалады:
Әскери сәлемдесуді қарусыз орнында тұрып және қозғалыста орындау.
Әскери сәлемдесу нық және көрнекті орындалады.
Әскери сәлемдесуді саптан тыс орнында бас киімсіз орындау үшін бастыққа (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда ол жаққа бұрылып, саптық қалыпты қабылдау керек және оның соңынан басын бұра отырып, оған қарау керек.
Егер бас киім киілген болса, онда, одан басқа саусақтар бірге, алақан тік, ортаңғы саусақ бас киімнің шетіне (күнқағарға) тиіп тұратындай, ал шынтақ иық деңгейінде және биіктігінде болатындай етіп оң қолды қысқа жолмен бас киімде ұстау керек (11-сурет). Бастық (атағы үлкен) жаққа басты бұрған кезде қолдың бас киімдегі жағдайы өзгеріссіз қалады.
Бастық (атағы үлкен) әскери сәлемдесуді орындаушының жанынан өтіп бара жатқанда басты тік ұстау керек және онымен бір уақытта оң қолды төмен түсіру керек.
Әскери сәлемдесуді саптан тыс қозғалыста бас киімсіз орындау үшін бастыққа (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда аяқты жерге қоюмен бір уақытта қолмен қозғалыс жасауды тоқтатып, басты ол жаққа бұру керек және қозғалысты жалғастыра отырып, оған қарау керек. Бастықтан (атағы үлкеннен) өтіп кеткеннен кейін басты тік ұстау және қолмен қозғалыс жасауды жалғастыру керек.
Бас киіммен болған кезде аяқты жерге қоюмен бір уақытта басты бұру керек және оң қолды бас киімге апарып, сол қолды қозғалтпай жанында ұстау керек (12-сурет); бастықтан (атағы үлкеннен) өтіп кеткеннен кейін сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта басты тік ұстап, оң қолды төмен түсіру керек.



11-сурет.


Әскери сәлемдесуді
орнында орындау

12-сурет.


Әскери сәлемдесуді
қозғалыста орындау

Бастықты (атағы үлкенді) басып озған кезде әскери сәлемдесу басып озудың бірінші адымымен орындалады. Екінші адыммен басты тік ұстау және оң қолды төмен түсіру керек.


Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, әскери сәлемдесуді бастық (атағы үлкен) жаққа қарай басты бұрумен орындайды.
Саптан шығу және сапқа қайта тұру.
Әскери қызметші саптан шығу үшін команда беріледі.
Мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов. САПТАН ШЫҚ (осынша АДЫМҒА САПТАН ШЫҚ)» немесе «Қатардағы жауынгер Әлімов. МАҒАН КЕЛ (ЖҮГІРЕ МАҒАН КЕЛ)».
Әскери қызметші өзінің тегін естігеннен кейін «Мен» деп, ал саптан шығу туралы (шақыру туралы) команда бойынша «Құп болады» деп жауап береді. Әскери қызметші бірінші команда бойынша саптық адыммен бірінші қатардан бастап үш адымға (көрсетілген адым санына) саптан шығады, тоқтайды және сапқа қарап бұрылады. Екінші команда бойынша әскери қызметші бірінші қатардан тура бір-екі адым жасап, жүріп келе жатып бастық жаққа қарай бұрылады, қысқа жолмен саптық адыммен оған келеді (жүгіріп келеді) және екі-үш адым қалғанда тоқтап, аяқты қоюмен бір уақытта оң қолын бас киімге апарады, одан кейін келгені туралы баяндайды. Баяндау аяқталғаннан кейін қолын төмен түсіреді.
Мысалы: «Лейтенант мырза. Қатардағы жауынгер Әлімов сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр».
Әскери қызметші екінші қатардан шыққан кезде ол алдында тұрған әскери қызметшінің иығына сол қолын ақырын қояды, ол алға бір адым және оң аяғын қоймастан, оңға бір адым жасап саптан шығатын әскери қызметшіні өткізіп жібереді, одан кейін өз орнына тұрады.
Әскери қызметші бірінші қатардан шыққан кезде оның орнына екінші қатарда оның артында тұрған әскери қызметші тұрады.
Әскери қызметші екіден, үштен (төрттен) тұратын лектен шыққан кезде ол саптан алдын ала оңға (солға) бұрыла отырып, жақын қаптал жаққа шығады. Егер жанында әскери қызметші тұрса, ол оң (сол) аяғымен жанына бір адым жасайды және сол (оң) аяғын қоймастан, артқа бір адым жасап, саптан шығатын әскери қызметшіні өткізіп жібереді және одан кейін өз орнына тұрады.
Әскери қызметші қарумен саптан шыққан кезде қозғалыстың басталуы кезінде «аяққа» күйіне алынатын, «иыққа» күйіндегі карабинді қоспағанда, қарудың күйі өзгермейді.
Әскери қызметшіні сапқа қайтару үшін команда беріледі, мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов. САПҚА ТҰР» немесе тек «САПҚА ТҰР».
Сапқа қарап тұрған әскери қызметші «Қатардағы жауынгер Әлімов» командасы бойынша өзінің тегін естігеннен кейін бастық жаққа бұрылады және «Мен» деп жауап береді, ал «САПҚА ТҰР» командасы бойынша, егер ол қарусыз немесе «арқаға» күйіндегі қарумен болса, қолын бас киіміне апарып «Құп болады» деп жауап береді, қозғалыс жағына бұрылып, бірінші адым жасаумен қолын төмен түсіреді, саптық адыммен қозғала отырып, қысқа жолмен саптағы өз орнына тұрады.
Егер тек қана «САПҚА ТҰР» командасы берілсе, әскери қызметші алдын ала бастыққа бұрылмастан, сапқа қайтып оралады.
Қарумен әрекет жасау кезінде сапқа қайтып оралғаннан кейін қару сапта тұрған әскери қызметшілерде ұсталған күйге алынады.
Бастыққа келу және одан кету.
Әскери қызметші саптан тыс бастыққа келген кезде осы Жарғының 72-тармағында көрсетілгендей әрекет жасайды.
Бастыққа қарумен келген кезде әскери қызметші бастықтың алдына келіп тоқтағаннан кейін «аяққа» күйіне алынатын, «иыққа» күйіндегі карабинді қоспағанда, қарудың күйі өзгермейді. Қару «арқаға» күйінде тұрған жағдайды қоспағанда, қол бас киімге апарылмайды.
Әскери қызметші бастықтың жанынан кеткен кезде кетуге рұқсат ала отырып, оң қолын бас киіміне апарып «Құп болады» деп жауап береді, қозғалыс жағына бұрылады және бірінші адыммен қолын төмен түсіреді.
Бастықтың жанынан қарумен кеткен кезде «аяққа» күйіндегі карабинді қоспағанда, қарудың күйі өзгермейді, егер қажет болса әскери қызметші «Құп болады» деген жауаптан кейін басқа күйге алады.
«Негізгі бөлімнен» кейін «Қорытынды бөлім» орындалады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет