Сабақ өтті. Қоғам мен білім беру кеңістігінің қазіргі жаһандану жағдайында азаматтылық пен патриотизмді тәрбиелеу аса өзекті болды



бет35/80
Дата04.01.2022
өлшемі58,38 Kb.
#108918
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   80
Байланысты:
2019-2020--

10-желтоқсан 2019 жыл

9-желтоқсан Халықаралық Жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай мектебіміздің барлық кластарында бірыңғай адалдық сағаты өткізілді.


10-желтоқсан 2019 жыл

Мектебіміздің жоғары класс оқушылары ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының мамандары мектебіміздің 10-11 класс ер балаларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында әскерилендірілген институт ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы баяндап, бейнежазбалармен оқу орнын таныстырып өтті. Және де оқушылардан сауалнама алынып, қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.


13-желтоқсан 2019 жыл

Ақтөбе облысының ғылыми-тәжірибелік орталығының педагогикалық шеберлік бөлімінің тапсырысымен класс жетекшілерге арналған "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында отбасы мен мектеп ынтымақтастығының рөлі" тақырыбында әдістемелік күн 12-желтоқсан күні біздің мектебімізде болып өтті.

Аталған күннің бағдарламасы бойынша бірнеше іс-шаралар жүзеге асырылды. Әдістемелік күн Жармуханова Индира Бактыгалиевнаның 6 класс оқушыларымен бірлесе өткізген "Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы" тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымен басталды. Тәрбие сағатына ата-аналар, оқушылар және мектеп ұстаздары мен психологтары қатынасты. Сабақ барысында сан түрлі әдістемелік әдіс-тәсілдер пайдаланылып, ата-ана мен оқушылар отбасы тәрбиесіне байланысты ой-пікірлерін ортаға салды. Ата-аналар "Балаға тілек", оқушылар " Әке-ана" әнімен сабақты тәмамдады.

12-желтоқсан күні мектебімізде "Рухани жағдыру бағдарламасында класс жетекшілерге арналған "Отбасы мен мектеп ынтымақтастығының рөлі" тақырыбында өткізілген семинар барысындағы шаралардың тағы бірі - "Қазақстан-бақытымның ордасы"атты тілдер байқауы. Байқаудың басты мақсаты - үштұғырлы тіл бағдарламасын пайдалана отырып, ата-ана, мектеп, оқушы байланысын нығайту. Байқау үш тілде өткізілді. Байқауға 7а класс оқушысы Сейлхан Ақгүл анасы Самаева Гүлбану Рыскелдиевнамен, 8а класс оқушысы Жұмаш Ислам орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кыныртаева Айгүл Жаксылыковнамен және 9ә класс оқушысы Жанабаева Камила өзінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Алшоразова Гүлайым Сәбитқызымен қатысты. Сайыс ережелері бойынша қатысушылар үш тілде креативті таныстыру ұйымдастыру керек болатын. Және интеллектуалды бөлім де, және "Менің Ертегім" атты үш тілде ертегі көрінісін музыкамен дыбыстап көрсету бөлімі болды. Қатысушылар өте жоғарғы деңгейде дайындалып, аса ерекше креатив танытты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет