17-қаңтар 2020 жыл
Бүгін 17 қаңтар сағат 09:00 де мектебімізде Ақтөбе облысының білім басқармасының бұйрығымен 11 класс оқушыларына Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен жалпыреспубликалық "Адалдық сағаты" атты акциясы өтті.
17-қаңтар 2020 жыл
"Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі." атты мектебімізде 9-11 класс арасында қыздар жиналысы болды. Қыздың намыс мен ары, адамгершілігі оның оқуға, қоғамдық пайдалы істерге, отбасына, құрбы-құрдастары мен ұжымға қарым-қатынасына байланысты. Әрбір қыз балаға ата-анасын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін,өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз. Қыз баланың бойына сыпайлық, мейірбандық, адалдық, сезімталдық және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді кішкентайынан бастап дарытуды халқымыз өте ежелден қолға алған.
Достарыңызбен бөлісу: |