6-қараша 2019 жыл
ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ "АДАЛДЫҚ САҒАТЫ"
Бүгін мектебімізде Жалпыреспубликалық "Адалдық сағаты" акциясы аясында мектеа оқушыларына "Сыбайлыс жемқорлыққа қарсы күрес" тақырыбында баяндамалар оқылды. Сағат барысында түрлі материалдар пайдаланылып, бейнажазбалар көрсетілді.
7-қараша 2019 жыл
АТА-АНАҒА ҚҰРМЕТ
Күні кеше мектебіміздің 9-10 кластарындағы қыз балалар облыстық "Анаға тағзым" орталығына барып қайтты. Ол жерде қыздарымыз теолог маманның "Ата-анаға құрмет" тақырыбында дәрісін тыңдап, біраз жаңа мағлұматтар білді.
10-қараша 2019 жыл
Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Ақтөбе қаласының әкімі М.Е.Абдуллин бекіткен, Ақтөбе қаласы Алматы ауданы прокурорының ұсынған жоспары негізінде, білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 9-11 сынып оқушылары арасында «Мен құқық бұзушылыққа қарсымын» атты 1 минуттық видеоролик түсіру бойынша байқау өткізілген болатын. Ағымдағы жылдың 8- қарашасында байқаудың үздіктерін және қатысушыларын марапаттау рәсімі өткізілді. Байқауға белсенді қатысқан мектебіміздің 7"А" класс білім алушылары мектеп абыройын биіктен қорғап, нәтижесінде алғыс хатқа ие болдық. Жарайсыңдар!!! Зор алғыс!!!
Достарыңызбен бөлісу: |