29-қараша 2019 жыл
ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ САБАҚ!
Ақтөбе облысы әкімдігінің бастамасымен 29 қараша күні мектебімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге арналған "Қазіргі заманғы Қазақстан Елбасының көшбасшылық сабақтары" тақырыбынды жалпыреспубликалық ашық сабақ өтті. Атаулы шара Ақтөбе облысы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ажниязов Руслан Амирхановичтің қатысуымен жоғарғы деңгейде өткізілді. "Елбасының дара жолы" деп аталатын ашық сабаққа мектебіміздің 8"б" және 9"а" класының оқушылары тарих пәнінің мұғалімі Салиева Анар Айткуловнаның қолдауымен қатысқан болатын. Аталмыш сабақта оқушылар Тұңғыш Президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайлы көптеген ақпарат алмаса отырып, шығармашылық тапсырма ретінде топқа бөлініп, әр топ өз партияларын құрған болатын. Және де әр партия Президенттік үміткер ұсынып, өз ойларын көрермен алдында ашық айтты.
Достарыңызбен бөлісу: |