30-қаңтар 2020 жыл
Басмагамбетова Гульзада Курманбаевна мектебіміздің 1 класс оқушыларына "Абай-дара тұлға" жұмыс байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты-оқушылардың Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасы туралы білімдерін тексере отырып, ақынды жас ұрпаққа таныту. Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу.
31-қаңтар 2020 жыл
Мектебіміздің мәжіліс залында қыздар кеңеснің басшысы Манас Ақбота"Ана-барлық көркемділіктің үлгісі" атты қыздар жиналысын өткізді.Жиналыска көп балалы ана Мұртазаева Күлайхан қонаққа келіп , балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты,қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық туралы мағлұмат беріп сыр шертті.
Достарыңызбен бөлісу: |