7-ақпан 2020 жыл
Байтакова Айсын Мурсиновна "Қыз -елдің көркі" клубының жетекшісі мектебіміздің қыздарына "Қыз-елдің көркі" жобасының мәдени-көркемдік оқу бағдарламасы туралы мәлімет берді. Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл — жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін білдіреді. Өйткені қыз баланың тәрбиелі, әдепті болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы-құрдастарының, дос-жарандарының әсері мол. Халқымыздың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыю» деген нақыл сөздері өмір тәжірибесінен алынғаны сөзсіз екені рас. Соған байланысты кездесу барысында қыздарға:
"Сән және сымбат", "Денсаулық және сұлулық","Қыз дамуының психологиясы","Мәдениет , өнер және поэзия","Өзін-өзі ұстау этикеті","Көркем сурет","Музыка,вокал және кароке","Үй шаруасын жүргізу және тігін тігу","Ұлттық салт-дәстүрлер","Қолөнер","Флористика","Еуропалық және ұлттық асхана","Қазақ биі және боди балет","Шет тілдері" туралы айтылды.
Достарыңызбен бөлісу: |