20-ақпан 2020 жыл
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жыл "Волонтер" жылы болып тағайындалды.
Осыған орай, №39 қазақ орта жалпы білім беретін мектебінің жанынан құрылған "Парасат" волонтерлар клубының ашылуы және клуб мүшелерін салтанатты түрде қабылдау жиыны өтті.
20-ақпан 2020 жыл
"Жаратылыстану ғылымы - ғылымдардың патшасы" атты жаратылыстану бірлестігі Туристер станциясымен бірігіп "Туған өлкем Ақтөбе" атты зияткерлік сайыс -кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды Ақтөбе қаласының тарихы,географиялық ерекшелігі туралы мәліметтер мен таныстыру.Ақтөбе өңіріне еңбегі сіңген даңқты тұлғаларды анықтау.
Оқушыларды топтасып жұмыс істеуге,өз ойларын ашық айта білуге дағдыландыру.
Оқушылардың Отанына,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Кеш барысында оқушылар Ақтөбенің тарихы, қазба байлықтары, өнеркәсіп орындары және атақты, ірі тұлғалары жайлы көптеген мағлұматтарды білетіндіктерін көрсетті. Тәрбие сағат соңында оқушылар Ақтөбе туралы өлең жырларын оқыды. Тәрбие сағат өте әсерлі, мағыналы өтті.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру,туған өлкені танып білу,туған өлке батырларын танып білу мақсатында Қобда ауданы Әлия ауылындағы Әлия патриоттық тәрбие орталығына саяхаттап келді. Мұражай қызметкері Әлия Молдағұлованың өжеттілігі, қайсарлылығы, ерлігі туралы әңгімелеп берді. Оқушылар батыр қыз есімі тек қазақ жұртына ғана емес, орыс жеріне де кеңінен танымал екендігін, атап айтқанда, Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында Ә.Молдағұлова атындағы көшелер, ескерткіштер бар екендігін айтты. Әлияның өмірі, балалық шағы мен оқу кезеңі және ең бастысы майданда көрсеткен ерлігі туралы құжаттарымен танысты.
Достарыңызбен бөлісу: |