Пән: Жаратылыстану
Сынып: 3
Жанды табиғат. Адам
|
Мектеп:
Мұғалім:
Қатысқандар саны:
Қатыспаған оқушылар:
|
Күні:
|
|
Тақырыбы:
|
Өкпені шынықтыру
|
Оқу мақсаты:
|
3.2.3.3 тыныс алу жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау
|
Сабақтың
мақсаты:
|
Оқушылар:
адамның қалай дұрыс тыныс алу керектігін біледі;
тыныс алу ағзаға оттектің түсуі мен көмірқышқыл газдың шығуын қамтамасыз ететін үдеріс екенін түсінеді.
|
Бағалау критерийі
|
тыныс алу жиілігіне байланысты зерттеу жұмысына болжам жасайды, зерттеу жүргізеді, қорытындысын шығарады, жақсарту жолдарын анықтайды.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
Тыныс алу жайлы сұрақтарға жауап береді;
Зерттеу жұмысы бойынша тұжырым жасайды;
Жазба жұмысын орындайды.
|
Пәндік терминология мен тірек сөздер:
|
тыныс алу жиілігі
|
Құндылықтар
|
төзімділік және шыдамдылыққа баулу
|
Пәнаралық байланыс
|
әдебиеттік оқу
|
АКТ қолдану
дағдылары
|
презентация
|
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Тыныс алу мүшелерін және олардың қызметін біледі
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру
Спортпен айналысып жатқан балалардың суретін көрсету.
Неліктен спортпен айналысу керек?
Дене сымбатты болу үшін не істеу қажет?
Тыныс алу мен спорт арасында қандай байланыс бар?
Ұзақ жүгіргенде адамдар өздерін қалай сезінеді?
Кейбір адамдар неліктен тез және шапшаң жүгіреді?
Кім қандай дене шынықтыру жаттығуларымен айналысады?
Дене шынықтыру жаттығуларын жасағанда қандай тыныс алу ережелерін сақтау керек?
Неліктен кеудені кең жазғанда терең тыныс алу қажет?
|
|
Сабақтың ортасы
|
Зерттеужасау. Жұптық жұмыс.
Қажетті құрал-жабдықтар:
Лента, ұзын сызғыш немесе метрлі таспа, қалам, қағаз
а) Бірқалыпты тыныс алу және кеуде тұсын лентамен өлшеу. Нәтижені жазу.
ә) Терең тыныс алу және өлшеу нәтижелерін жазу, содан кейін терең дем шығару, жаңа нәтижелерді жазу. Тыныс алғанда және тыныс шығарғанда кеуде қуысының өлшемінің нәтижелерін салыстыру.
Кеуде өлшемі
|
нәтижесі, см
|
Бірқалыпты дем алу
|
|
Терең тыныс алу
|
|
Терең тыныс шығару
|
|
Жеке жұмыс.
Бірқалыпты жағдайда және белсенді жаттығудан соң минутына қанша рет тыныс алатынына болжам жасау және өз болжамын тексеру.
|
|
|
1. Болжам жасау.
а) 1 минутта орындықта жай отырғанда тыныс алу жылдамдығына;
ә) 10 рет отырып-тұрғаннан соң тыныс алу жиілігіне;
б) 20 рет отырып-тұрғаннан соң тыныс алу жиілігіне болжам жасау. Кестені толтыру.
Одан кейін мұғалімнің басшылығымен уақытты белгілеп тыныс алуды санау
а) 1 минутта орындықта жай отырғанда тыныс алу жылдамдығы;
ә) 10 рет отырып-тұрғаннан соң тыныс алу жиілігі;
б) 20 рет отырып-тұрғаннан соң тыныс алу жиілігін есептеу және нәтижесін жазып, өз болжамымен салыстыру. Қорытынды шығару.
Тыныс алу
|
болжам
|
нақты
|
орындықта отырғанда
|
|
|
10 рет отырып-тұрғаннан соң
|
|
|
20 рет отырып-тұрғаннан соң
|
|
|
Қорытынды
|
(Әр адамның өзіндік тыныс алу ырғағы болады)
|
Зерттеуден соң сұрақтар қою:
Жай бірқалыпты отырғанда өзіңді қалай сезіндің?
Жаттығу жасағаннан кейін не өзгерді?
Жылдам қозғалған сайын нені аңғардың?
Адамның тыныс алу жиілігі дене жаттығуларына байланысты ма?
Сен білесің бе? Марафоншылардың алысқа жүгіру әдісімен танысады.
|