Сабақ Пән: Жаратылыстану Сынып: 3 Жанды табиғат. Адам



бет22/42
Дата07.02.2022
өлшемі1,58 Mb.
#83737
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42
Қосымша ақпарат. Тыныс алу мүшелерінің көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы штангистерде - 4 л., футболшыларда - 4, 2 л., боксерлерде - 4, 8 л., қайықшыларда - 5, 5 л. Тыныс алу жиілігі спортшыларда минутына 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда - 14-20 рет. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады. Бұл ағзаның үнемді қызмет етуінің белгісі. Терең дем шығарғанда олардың сыртқа айдалған ауасының құрамындағы көмір қышқыл газы 2 есе көп болады. Мұндай терең дем алу жүрекке «массаж» жасайды да, оның қоректенуін және физиологиялық қалпын жақсартады. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Ауасы таза бөлмеде ұйықтау, бөлмелерді желдету, таза ауада серуендеу, жеңіл, денені қыспайтын, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмейтін киіммен жүру барлығы да еркін, жайлы тыныс алуға, сол арқылы денсаулығымызды мығым етуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет