Пән: Жаратылыстану
Сынып: 3
Жанды табиғат. Адам
|
Мектеп:
Мұғалім:
Қатысқандар саны:
Қатыспаған оқушылар:
|
Күні:
|
|
Тақырыбы:
|
Қанайналым жүйесі
|
Оқу мақсаты:
|
3.2.3.4 қанайналым жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
|
Сабақтың
мақсаты:
|
Оқушылар:
қанайналым жүйесі мүшелерімен танысады;
қантамырлар адам ағзасын қоректік заттармен қамтамасыз ететінін түсінеді.
|
Бағалау критерийі
|
қанайналым жүйесін құрайтын мүшелердің орналасуын және қызметін біледі
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
қанайналым мүшелерінің қандай болатынын және қалай аталатынын айтады;
қанайналым жүйесі бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
Пәндік терминология мен тірек сөздер:
|
жүрек, күретамыр, көктамыр, қылтамыр
|
Құндылықтар
|
жүректің қалыпты жұмысын жақсарту және сақтау
|
Пәнаралық байланыс
|
әдебиеттік оқу
|
АКТ қолдану
дағдылары
|
презентация
|
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Тыныс алу мүшелерін және олардың қызметін біледі
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру
Жұмбақ жасыру.
Жанды мотор сынбайды,
Күні – түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін
Дәрігерлер тыңдайды. (Жүрек)
Тарам - тарам бір ғалам,
Айқыш - ұйқыш шырғалаң.
Толған ағыс тоқтаса,
Жоғалады бірге адам. (Қан тамырлар)
Оқушылардың алғашқы білімдерін анықтау.
- Жүрек қайда орналасқан?
- Қанайналым жүйесі туралы не білесіңдер?
-Жүректің қызметі қандай?
|
|
Сабақтың ортасы
|
Суретпен жұмыс. Оқулықтағы суретке қарап, сұрақтарға жауап алу.
Қанайналым жүйесі қандай мүшелерден тұрады?
Күретамыр қандай болады?
Көктамыр қандай болады?
Қылтамыр ше?
Олар қайда орналасады?
Қандай қызмет атқарады?
Мотор
Көбіне жүректі моторға теңейді. Мұндай салыстыру қалай пайда болды деп ойлайсың? Оқушылардың ойларын тыңдау.
- Қолдарыңды кеуделеріңе қойып тыңдаңдар. Не сезіледі? Жүрек тоқтамай жиырылып және босаңсып тұрады. Сондықтан да біз оның бірқалыпты соғуын естиміз.
- Кеуделеріңде соғып тұрған жүректің мөлшерін білгілерің келе ме?
- Жұдырықтарыңды түйіңдер. Кеуделеріңе дәл осы көлемде жүрек соғып тұр.Жүрек –бұлшық ет.
- Неліктен үлкен әрі бойы биік адамның жүрегі бойы аласа адамның жүрегіне қарағанда үлкенірек болады?
- Қалай ойлайсыңдар, жүректің қызметі қандай?
- Қоректік заттар ағзамызға қалай жетеді?
- Оттек қалай келеді?
- Қалдық заттар мен көмірқышқыл газ ағзамыздан қалай шығады?
Бұл сұрақтарға жауап табу үшін мәтінмен жұмыс жасау.
|