Ресурстар дайындау. Тамырдың соғуын санау үшін не керек? Секундомер дайындау.
Модель жасау:ермексазға тіс шұқығышты қадау, тамыр соғуын санар алдында модельді білекке жапсыру.
Нәтижесін жазу үшін кесте әзірлеу.
Жоспарлау. Эксперимент жоспарын құру (Әр жұп құрастырады. Ортақ талданады):
Нені өлшеймін? (Тамыр соғуын);
Қандай шамалар өзгереді? (Дене қалпы өзгереді: отыру, тұру, қозғалысқа түсу);
Зерттеу жұмысы. Мақсаты: «Қандай дене әрекеті жүрекке әсер етеді?» деген сұраққа жауап беру.
Жұпта орындалады.
Зерттеу барысы • Орындықта отырған қалыпта бір минуттағы жүрек соғуын есептеу. Деректерді кестеге жазу.
• Тұрған қалыпта бір минут ішіндегі жүрек соғуын есептеу. Деректерді кестеге жазу.
• 10 рет секіру. Бірден орындыққа отырып, тамыр соғуын есептеу. Деректердікестегежазу.
• 5-6 реттереңдемалып, тынысынқалпынакелтіру.Тамырсоғуынөлшеу. Деректердікестегежазу.
• Басқажұптардыңнәтижелеріменсалыстырады.
•Қорытынды жасау
ҚБ Жұптардың өзін өзі бағалауы.
Зерттеу нәтижесін талқылау. Сұрақтар:
Зерттеу өткізгеннен кейін нені сезіндіңдер?
Қандай заңдылық байқалды? (Әрекеттің өзгеруіне байланысты тамыр соғу жиілігі де артты.)
Не анықтадыңдар? (Жылдам қозғалыс жүрек соғуын күшейтеді.)
Неліктен денеге күш түскенде жүрек жылдам соға бастайды? (Ағзаға энергия қажет. Жаттығу барысында энергия қаншалықты көп жұмсалса, ағзаға сонша оттек қажет. Жүрексоғуыжиілігікүшейетүседі.)