Эксперимент нәтижесі. Зерттеу нәтижесін қалай тіркедік? Бұл тиімді болды ма? Неліктен? Тағы қалай тіркеуге болатын еді?
Зерттеу нәтижесін бірден жазып алу қажетін еске түсіру.
Эксперимент туралы есеп.Жұппен эксперимент туралы есеп–әңгіме құрастыру.
Эксперимент нәтижесі сапалы болу үшін нені өзгертуге болатыны туралы ұсыныстарын талдау.
ҚБ Жұптардың жұмысын өзара бағалауы.
Білімді аралық бекіту.Оқулықтағы мәтінді оқу.Мәтіндегі ақпаратты зерттеу жұмысы бойынша жасаған қорытындыларымен (әңгімелерімен) салыстыру.
ҚБ өзін өзі бағалау.
Сергіту сәті.Бейнежазба әуенімен қимылдау.
Ойлан. Күндіз және түнде адамның жүрек соғысының жиілігінде өзгеріс болатынын талқылау: Түнде жүрек соғу жиілігі баяулайды, өйткені адамдар аз қозғалады. Ұзақ уақыт бойы дене қимылсыз болады, ұйқы кезінде дененің көлденең қалыпта болуы жүрекке түсетін күшті азайтатынын анықтайды.
ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы
Жеке жұмыс ретінде дәптерде берілген тапсырмаларды орындау.