Өз денсаулығы жайлы қорытынды шығару.
ә) Ақпарат көздерінен мәліметтер іздеу. Постер жасау.
Топтық тапсырма Кубизм әдісі бойынша.
1.Суретте. Вирустық аурулардың қандай түрлері болады?
2. Салыстыр. Ауру адам мен сау адамның арасындағы айырмашылықты салыстыру.
3. Зертте. Олардың пайда болу себептерін анықтау.
4. Қолдан. Вирустық аурулармен ауырмау жолдары.
5. Дәлелде. Вирустық ауруларға көбінесе кімдер шалдығады?
6. Талда. Вирустық инфекция науқастанған адамнан онымен бір бөлмеде отырған адамдарға қалай тарайды?
Әр топ постер жасап қорғайды.
Асүйде. - Асханада тамақ дайындағанда және тамақ ішкенде қандай гигиеналық талаптарды сақтауымыз қажет?
- Ішек ауруларының алдын алу неліктен осы асханадан басталады деп ойлайсыңдар?
- Неліктен тамақты тоңазытқышта сақтау қажет?
Оқушылардың ойын тыңдау.
Сен білесің бе? Сабақ оқу мен демалуды араластырып отыру, қатты шаршауға жол бермеу, таза ауада көбірек болу, толыққанды ұйықтау, уақытылы тамақтанып, таңғы гимнастика жасау, салқын сумен жуынып, денені шынықтыру өте маңызды шаралар екенін ескерту.