Пән: Жаратылыстану
Сынып: 3-сынып
Бөлім: Жанды табиғат. Адам
|
Мектеп:
Мұғалім:
Қатысқандар саны:
Қатыспаған оқушылар:
|
Күні:
|
|
Тақырыбы:
|
Тыныс алу мүшелері
|
Оқу мақсаты:
|
3.2.3.1 адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау;
3.2.3.3 тыныс алу жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.
|
Сабақтың
мақсаты:
|
Адамның тыныс алу жүйесімен танысады және оның ағза үшін маңызын біледі.
|
Бағалау критерийі
|
Адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтап, сипаттайды;
Тыныс алу жүйесі маңызын сипаттайды;
Ақпарат көзінің түрлерін анықтайды.
|
Тілдік мақсат
|
Өкпе, ауатамырлар мен кеңірдектің қызметін сипаттайды.
|
Пәндік терминология мен тірек сөздер: Өкпе, ауатамырлар, кеңірдек.
|
Құндылықтар
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу
|
Пәнаралық байланыс
|
Математика, дене шынықтыру.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Таныстырылыммен жұмыс
|
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттайды.
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақта жоспарланғаніс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы 1 минут
4 минут
|
Ұйымдастыру. Оқушылар шеңберге тұрады.
Ойсергек.
Сәттілік біздер тілейік.
Мен саған, сен маған,
Күндей күліп жүрейік.
Күннің нұрын төгейік,
Мен саған, сен маған.
Кіріспе тапсырма. «Тыныс алу – тыныс шығару». Мақсаты: Тыныс алғанда және тынысты шығарғанда ауаның ағзаға ықпалын түсінеді.
Оқушыларқабырғаларына қолдарын қойып, бірнеше рет қатты дем алып, дем шығарады. Сұрақтар:
- Дем алғанда қандай өзгерістер болды?
- Дем шығарғанда ше?
- Демді біраз уақыт іштеұстап тұрса не болады?
- Демді қанша уақыт іште ұстап тұруға болады?
-Демді қалай ұзақ ұстап тұруға болады?
ҚБ Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау.
Бүгінгі сабақта тыныс алу үрдісіне қатысатын мүшелермен танысатынын, тыныс алу жүйесі қалай құрылғандығын зерттейтінін хабарлау.
|
Слайд №1
Слайд №2,3
|
Сабақтың ортасы
4 минут
4 минут
2 минут
7 минут
2 минут
4 минут
7 минут
|
Қалай дұрыс тыныс алу керек?
Мақсаты:Мұрын қуысының ерекшеліктерін сипаттау. Тапсырма төменгі ретпен орындалады:
Мұрынға алақанды тосып, баяу тыныс алу.
Оқушылардан нені сезінгендерін сұрап, ойларымен бөлісу. Олар шыққан жылы демді сезінгендерін айтады.
Оқушылар өз бетінше оқулықтағы сурет бойынша мұрын қуысының ерекшеліктерімен танысады.
«Мен журналистпін» ойыны арқылы бір оқушы кейбір оқушылардан «Әрдайым мұрынмен демалу зиянды емес пе?» – деп сұрап, оған жауап алады.
|