Бейнеанимация көру. Көргендерін сипаттау.
Тыныс алу жүйесі. Оқушылар жұптасып тыныс алу жүйесіне қандай мүшелер жататынын талдайды. Талқыланатын сұрақтар:
Неліктен өкпені жұп мүше деп айтады? (Оң және сол жақ жұптардан тұрады.)
Тыныс мүшелері қайда және неліктен олай орналасқан? (Қабырға астында, көкірек қуысында).
Оқушыларға ауаның ағзада таралу бағытын кескін сызбада түрлі түсті нұсқарлар арқылы көрсетуді тапсыру.
ҚБ. Смайликтер арқылы өзара бағалау.
Зерттеу жұмысы. Мақсаты: Дереккөз түрлерін анықтай алуды үйренеді, тыныс алу жүйесі құрылысының ерекшелігі мен орналасу ретін үйреніп, оларды атап көрсете алады, тыныс алу жүйесі қалай құрылғандығын анықтайды, зерттеу жұмысы барысында модель құрастырады.
Оқушыларды тақырыпқа сәйкес ұғымдарды пайдаланып бірнеше топтарға біріктіру. Мысалы, «Өкпе» тобы, «Кеңірдек» тобы т.б.
Ресурс таратып беру: қағаз парақтар, поролон/киіз, мақта, жапсырма, фломастер.
Модель жасау.
- Тыныс алу жүйесінің қалай құрылғанын қарастыру.
- Ватман қағазға адамның шынайы көлемдегі кеудесінің сұлбасын салу.
- Адам кеуде қуысының сұлбасын салу.
- Тыныс алу мүшелерін сызбаға орналастыру.
- «Мен зерттеушімін» бөлімін жүзеге асыру. Зерттеу жұмысы барысында қандай дереккөздер пайдаландыңдар? Қай ақпарат көзі пайдаланған тиімді болды?
- Зерттеу жұмысын қорытындылау. Басқа топтардың нәтижелерімен танысып, талдау. Өз жауаптарымен салыстыру.
Модельдеу барысында қойылатын жетекші сұрақтар:
Тыныс алу жүйесі қандай мүшелерден құралады?
Мұрынның қызметі қандай?
Өкпе қайда орналасқан?
Өкпеге ауа қалай жетеді?
Қан оттекпен қай жерде толығады?
ҚБ. «Галереяны шаралау» ойыны арқылы оқушылардың жұмысын ауызша бағалау.
Сергіту сәті. Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу.
http://balapan.kaztrk.kz