Сабақ Пән: Жаратылыстану Сынып: 3 Жанды табиғат. Адам



бет19/42
Дата07.02.2022
өлшемі1,58 Mb.
#83737
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42
Пән: Жаратылыстану
Сынып: 3
Жанды табиғат. Адам

Мектеп:
Мұғалім:
Қатысқандар саны:
Қатыспаған оқушылар:

Күні:






Тақырыбы:



Тыныс алу құпиялары

Оқу мақсаты:

3.2.3.3 тыныс алу жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау;

Сабақтың
мақсаты:

Оқушылар:
адамның қалай тыныс алатынын біледі;
өкпедегі ауаның көлемін зерттейді.

Бағалау критерийі

Өкпенің көлемін анықтап үйренеді;
Тыныс алғанда және тыныс шығарғанда адам денесінде болатын өзгерістерді сипаттайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар:
Тыныс алу мүшелеріне байланысты сұрақтарға жауап береді;
Мәтінмен жұмыс жасау арқылы сөздік қорларын дамытады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

көкет

Құндылықтар

тазалықты сақтау

Пәнаралық байланыс

әдебиеттік оқу

АКТ қолдану
дағдылары

презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Тыныс алу мүшелерін біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



Сабақтың басы



Ұйымдастыру.
«Иә, жоқ»
Белсенді оқушыларды анықтау. Оқушыларды шеңбер жасап тұрғызу.
1. Ауасыз өмір сүре аламыз. (жоқ)
2. Ауаны жылытып, ылғалдандыратын мүше-мұрын. (иә)
3. Ауа тек қана далада болады. (жоқ)
4. Оттегі таза ауа. (иә)
5. Асқорыту мүшесі – өкпе. (жоқ)
6. Ауамен тек қана адамдар демалады. (жоқ)
7. Таза ауа өкпеге кеңірдек арқылы енеді. (иә)
8. Күн сайын таза ауада серуендеу зиян.(жоқ)
9. Дені сау адам аурушаң. (жоқ)
10. Өз денсаулығың өз қолыңда. (иә)


Пазлдар
Мозайканы жинап, сұрақтарға жауап беру.
• Тыныс алу жүйесін қандай мүшелер құрайды?
• Ағзада ауа қандай жолдардан өтеді?




Сабақтың ортасы



  1. Ауаның саяхаты. Сурттермен жұмыс.

  • Ауаны жұтқанда бірінші қайда барады?

Мұрынның суретін тақтаға ілу.

  • Мұрын қандай қызмет атқарады?

  • Мұрыннан кейін қайда түседі?

Кеңірдектің суретін ілу.

  • Ауа өкпеге не арқылы жетеді?

  • Тыныс алу жүйесінің басты мүшесі не?

Тыныс алу мүшелерінің суреттерін ретімен ілу.

  1. Тыныс алуды бақылау.

  1. 5-10 рет отырып тұру.

- Тыныс алу қалай өзгерді?
2) 1 мин демалу
- Тыныс алу қалай өзгерді?
- Қандай қорытынды шығаруға болады?
Қорытынды: қозғалыс жасағанда тыныс алу жиілейді, тыныштанғанда ақырындайды.

  1. Салыстыру.

Қолдарын кеуделеріне қойып терең тыныс алу және қалыпты тыныс алу.
Терең тыныс шығару мен қалыпты тыныс шығару көлемін салыстыру.

  1. Жұппен шар үрлеуден жарыс ұйымдастыру.

  1. Қалыпты дем алып, шарды үрлеу. Шарларды салыстыру.

  2. Терең дем алып шарды үрлеу. Не өзгергенін сұрау. Жұптасып диаграмманы түсіндіру.

Диаграмма.

  1. Зертте

Терең тыныс шығарудың көлемі қандай болады?
Эксперимент жасау.
Экспериментке қажетті құралдар:
1. Су құйылған ыдыс
2. Су құйылған 1,5 л пластик бөтелке
3. Пластик түтікше
Эксперимент барысы: Су құйылған ыдысқа су құйылған бөтелкені басын төмен қаратып,алақанмен жауып, су бар ыдысқа батырып төңкеру. Бөтелкенің ернеуі суға батып тұратындай етіп ұстау. Пластик түтікшені су құйылған 1,5 л пластик бөтелкенің аузына тығу.
Ауамен терең дем алып, демді пластик түтікше арқылы бөтелкеге үрлеу. Бөтелкеден қанша су шыққанын анықтау. Соған байланысты өкпедегі ауаның көлемін білуге болатынын түсіндіру.
Барлық топтан мәліметтерді жинақтап, қорытындысын шығару.
Қорытынды:түтікше арқылы бөтелкеге кірген ауа суды итеріп шығарды.Шыққан судың деңгейін өлшеу арқылы ауаның да көлемін өлшеуге болады. Әрбір адамның дем шығару көлемі әртүрлі болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет