ҚБ Мұғалімнің ауызшақалыптастырушы бағалауы
Пайдалы таңғы ас. Оқушылар жұпта таңғы ас мәзірін дайындайды. Ол тағамдарды неліктен таңдағандарын талқылайды.
Талқыланатын сұрақтар:
- Тәуліктің қай бөлігінде ботқа жеген дұрыс? Неліктен?
- Таңғы асқа тағы не ішуге болады?
- Күнбағыс майы мен сарымайдың құрамында не бар?
ҚБ Өзара бағалау: «Кімнің ас мәзірі ұнады?»
Суретпен жұмыс. Суреттен пайдасы аз тағамдарды көрсетіп, жауапты талқылау.
Дәмді әрі пайдалы. Оқушылар дұрыс өсу мен даму үшін қандай тамақты тұтыну керектігін анықтайды және талдайды.
Сергіту сәті.Дене жаттығуларын орындау, билеу
- Дене жаттығуларының қандай пайдасы бар?
- Дене жаттығуын жасағанда біз не жұмсаймыз?
Суретпен жұмыс. Энергияны жұмсау және орнын толтыру. Сурет салып отырған оқушылар мен спортпен шұғылданып жатқан оқушылардың суретін көрсету.
- Олардың қайсысы түскі аста көбірек тамақ ішеді?
-Неліктен?
-Жұмсалған энергияны қалай толықтырамыз?
Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.