Пән: Жаратылыстану
Сынып: 3
Бөлім: Жанды табиғат. Адам
|
Мектеп:
Мұғалім:
Қатысқандар саны:
Қатыспаған оқушылар:
|
Күні:
|
|
Тақырыбы:
|
Қанайналым жүйесінің жұмысы
|
Оқу мақсаты:
|
3.2.3.4 қанайналым жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу
|
Сабақтың мақсаты:
|
Адамның қанайналым жүйесінің жұмысымен танысады;
|
Бағалау критерийі
|
Қанайналым жүйесінің қызметін сипаттайды;
Денеге түскен күш пен тамыр соғуының өзгеруінің байланысын түсіндіреді;
Болжам жасайды, эксперимент жоспарлайды, жүргізеді, қорытындылайды.
|
Тілдік мақсат:
|
Қанайналым жүйесінің жұмысын сипаттайды.
|
Пәндік терминология мен тірек сөздер
Тамырдың соғуы
|
Құндылықтар:
|
Өзара сыйластық, ынтымақтастықта жұмыс істеу. Өз денсаулығын күту және саламатты өмір салтын сақтау.
|
Пәнаралық байланыс
|
Математика, дене шынықтыру
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Таныстырылыммен жұмыс
|
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Қанайналым жүйесі мүшелерінің ағзада орналасуын, атауын, қызметін біледі. Оның ағзада қоректік заттар мен оттек тасымалдайтынын түсінеді
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 минут
3 минут
|
Ұйымдастыру. Оқушылар шеңберге тұрады.
Cұрақ қою:Көңіл-күйің қандай? Неліктен? Сыныптастарыңа не тілейсің?
Бүгін таңертең жаттығу жасадыңдар ма? Қане, бірнеше жаттығу жасап көрейік!
Жедел жауап. Жұмысты шеңберде жалғастыру.Мұғалім оқушыларға кезекпен доп лақтыра отырып, өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды:
Қанайналым жүйесі мүшелерін ата.
Неліктен оны «Қанайналым жүйесі» деп атаймыз?«Қан айналысы» сөзінің мағынасын түсіндіре аласың ба?
Күретамыр қандай қызмет атқарады?
Көктамыр қандай қанды тасиды?
Қылтамырлардың қызметі қандай?
Жүректің қызметін сипатта.
Қанайналым мен тыныс алу жүйелерінің қалай байланысқан?
Қанайналым мен асқорыту жүйелері бір-бірімен қалай байланысқан?
ҚБ Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.
|