Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау.Дене жаттығуларын жасағаннан кейін қандай өзгеріс сезіндіңдер? Жүгіру, секіру, баспалдақтан көтерілу, билеуденкейін ше?
Бүгінгі сабақта денеге түскен күштің қанайналымы жүйесінің (жүректің) жұмысына әсерін зерттейтіндерін хабарлау.
Саралау: қанайналым жүйесі арқылы ағзадағы қоректік заттың тасымалдануын түсіндіру.
Бейнеанимация көру.Көргендерін сипаттау және сызбамен байланыстыру.
Зерттеу мәселесі. Оқушыларды жұптарға біріктіру. Тапсырма: Нені анықтауым қажет? Мен нені зерттеймін? деген мәселе туралы ойланып, зерттеу сұрағын құрастыру. Мысалы:
Физикалық жаттығулар қанайналым жүйесіне қалай әсер етеді?
Дене қозғалысынан кейін тамыр соғуы қалай өзгереді?
Болжам жасау.Тамыр соғуының жиілеуіне не әсер етуі мүмкін? Жауап шаблоны: «Мен … болады деп ойлаймын». (Жүрек соғу жиілігі артады). Болжамдарын жазып қою.