Сабақ Пән: Жаратылыстану Сынып: 3 Жанды табиғат. Адам



бет34/42
Дата07.02.2022
өлшемі1,58 Mb.
#83737
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42
Пән: Жаратылыстану
Сынып: 3
Жанды табиғат. Адам

Мектеп:
Мұғалім:
Қатысқандар саны:
Қатыспаған оқушылар:

Күні:






Тақырыбы:



Ағза аурудан қалай қорғанады?

Оқу мақсаты:

3.2.3.5 адам ағзасының ауру мен инфекциядан қорғану жолдарын түсіндіру
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау;

Сабақтың
мақсаты:

Оқушылар:
иммундық жүйе, вирустық инфекция туралы түсінік алады;
адам ағзасын инфекциялардан қорғау жолдарымен танысады;

Бағалау критерийі

Жұқпалы аурулар, олардан қорғану жолдарын біледі;
Өз беттерімен зерттеу-ізденушілік жұмыспен айналысып, ақпараттармен бөліседі.

Тілдік мақсат

Оқушылар:
Инфекциядан қорғану туралы әңгіме құрастырады.
Иммунитетті нығайту туралы құнды пікірлермен ой бөліседі.
Ауырмаудың жолы туралы жазылым тапсырмасын орындайды.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Иммунитет

Құндылықтар

тазалықты сақтау

Пәнаралық байланыс

әдебиеттік оқу

АКТ қолдану
дағдылары

Презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Қанайналым жүйесінің жұмысын біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



Сабақтың басы



Ұйымдастыру
Шатасқан әріптер ойыны. Орны ауысып кеткен әріптерден сөз құрастыру. цияфекин (инфекция)
ББҮ кестесінің 1, 2-бағанын толтыру. Инфекция туралы не білетіндерін және не білгісі келетіндерін жазу. 3-ші бағанды сабақ соңында толтыру.



Білемін

Білгім келеді

Үйрендім










Сабақ тақырыбымен таныстыру.
- Адам денсаулығына не қауіпті болуы мүмкін?
- Неліктен адамдар ауырады?
- Адам ағзасы қалай қорғанады?
- Қандай инфекциялық ауруларды білесіңдер?

Әріптер

кесте


Сабақтың ортасы



Мұғалімнің түсіндіруі. Біз қауіпті аурулар туралы жиі айтамыз. Медицинада мұндай аурулар жұқпалы деп аталады. Латын тілінде «инфекция» деген сөз жұқтыру, бүлдіру дегенді білдіреді. Ауру адамнан немесе жануардан (иттерден, мысықтан) жұғуы мүмкін. Бірқатар жұқпалы аурулардың таралуына қан соратын жәндіктер де қатысады. Инфекция ауа, су, тамақ арқылы таралады. Науқастың қаны инфекция көзі болуы мүмкін. Бұл қан құю немесе медициналық құралдарды бірнеше рет қолдану арқылы туындауы мүмкін.

  • Біздің денемізді қауіптен ең бірінші не қорғайды? (Алғашқы қорғанымыз ол-тері. Тері бізді түрлі микробтардан қорғайды)

Тері. Жұптық жұмыс. Тері жайлы ой бөлісу.

  • Маса немесе ара шаққаннан кейін теріміз қалай өзгереді?

  • Қолымызды кесіп не сырып алсақ, сол жердің терісінен не байқауға болады?

  • Ешқандай жарақаты жоқ таза тері инфекцияға неліктен тосқауыл болады деп ойлайсың?

  • Сау тері қандай болады? Инфекциямен зақымдалған тері қандай болады?

Сау тері мен зақымданған теріні сипаттау



Сау тері

Зақымдалған тері





Егер адам ағзасына микроб енген болса, оған ағзаның қорғаныс күші иммунитет қарсы тұрады. Иммунитет дегеніміз адам ағзасының инфекцияға қарсы тұру қасиеті. Оны иммундық жүйе басқарады. Инфекциямен қанның құрамындағы арнайы элементтер күреседі. Иммунитеті жақсы адам аз ауырады.
Мұрын «Бұл қандай ауру?»
Айым бүгін мектептен келді,
Кітаппен бірге ауру әкелді.
Жөтелді, түшкірді, пысқырды,
Көзінен жас тоқтамай,
Қайта-қайта сүртінді.
Басы ауырып, мұрны ісіп,
Қызуы жоғары көтерілді.
Жұтыну қиынға түсті.
Оған дәрі керегі сезілді.
Өзін бақытсыз сезінді.
- Мұрын – тыныс алу мүшесі. Ол тағы қандай қызмет атқарады?
- Өзің ауырып қалған кезің болды ма?
- Суық тигенде неліктен мұрнымыздан су ағады деп ойлайсың?
Зертте
1. Өз денсаулығына тест тапсырмалары арқылы зерттеу жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет