Денелер мен заттар Сынып бөлмесінен табиғи заттардан жасалған бес дене, жасанды заттардан жасалған бес дененің атын жазу. Олардың қандай заттардан құралғанын айту.
Табиғи дене
Жасанды дене
Мәтінмен жұмыс.Табиғи және жасанды денелер туралы ақпаратпен танысу.
Зертте. Дене қандай заттардан құралуы мүмкін? Оқулықтағы суреттегі денелердің атауын жазу. Әрбір дене атауының жанына қандай заттардан жасалғанын жазу. Табиғи немесе жасанды екенін белгілеу.
Жұмысты жұппен ұйымдастыруға болады. Қай жұп көбірек дене атауларын жазғандарын анықтау.
Жазған денелер бойынша жасанды немесе табиғи дене диаграммасы сызылып, қайсысы көп екенін анықтау.
Ойлан -Біздің айналамызды жасанды заттарсыз елестетіп көрейік. Адам қолымен жасалған жасанды денелер көбейіп келеді. Бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Әркімге пікірлерін айтқызу. Қорытынды шығару.
Жеке жұмыс.Дене мен затты анықтау. Сызық арқылы байланыстыру. Өзін-өзі бағалау.