Сабақ Пән: Жаратылыстану Сынып: 3 Жанды табиғат. Адам



бет42/42
Дата07.02.2022
өлшемі1,58 Mb.
#83737
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
3. Жасанды дене ол-....
А) күн
В) ағаш
С) әйнек
D) су
4. Қатты,сұйық,газ- олар ...
А) табиғи дене түрлері
В) жасанды дене түрлері
С) дененің түрлері
D) заттың күйлері
5. Ағаштан жасалған текше-ол .....
А) жасанды дене
В) табиғи дене
С) дене бола алмайды
D) зат бола алады
6. .... заттардан тұрады.
А) Денелер
В) Сұйықтар
С) Газдар
D) Атомдар
Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері: 47, 48-жұмыс парағы (49, 50 б.)

жұмбақ
суреттер

Шар, инесіз шприц, стақан, шыны аяқ, кесе, шеге


кесте



Сабақтың соңы



Рефлексия

  • Мен …….. ұқтым

  • Мені …….. таңғалдырды

  • Маған …….. ұнады

  • Мен өзімді және достарымды………. үшін мақтай аламын







Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ойлан! Кез келген зат үш күйде де бола ала ма? сұрағына ақпарат іздестіру.

Жұптық зерттеу жұмысын, жеке жұмысты бағалау

Зерттеу тапсырмасымен айналысқанда қауіпсіздік ережелерін сақтау



газ тәрізді

Сұйық

қатты

Пән: Жаратылыстану
Сынып: 3
Заттар және олардың қасиеттері . Заттардың типтері

Мектеп:
Мұғалім:
Қатысқандар саны:
Қатыспаған оқушылар:

Күні:






Тақырыбы:



Ауа неден құралады?

Оқу мақсаты:

3.3.2.1 ауаның құрамын сипаттау;
3.3.2.2 ауаның жануды қолдайтын қасиетін сипаттау;
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу;

Сабақтың
мақсаты:

Оқушылар:
ауаның құрамы туралы түсінік алады;
оттың жануына ауаның әсерін түсінеді.

Бағалау критерийі

Зерттеу экспериментіне болжам жасап, сәйкестігін салыстырады, зерттеу күнделігін толық толтырады

Тілдік мақсат

Оқушылар:
Өз ойларын еркін жеткізеді;
Эксперимент барысын, қорытындысын толық жазады;
Ауа құрамын өзгерту жолдарын ұсынады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

азот, ауаның құрамы

Құндылықтар

Ауаны қорғау

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу

АКТ қолдану
дағдылары

Презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Қатты, сұйық және газ тәрізді заттар туралы біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



Сабақтың басы



Ұйымдастыру. Заттар мен денелер

  1. Кестені толтыр.

    дене

    зат

    балға







    шыны

    доп







    ағаш

    қалам




  2. Сәйкестендір


Кесте
Суреттер



Сабақтың ортасы



Жұмбақ жасыру.
Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
Ол не ?
- Ауа туралы не білесіңдер?

  • Ауа қандай күйде болады?

Айырмашылығын тап
Екі ғаламшардың суретін салыстыру.

  • Ғаламшарлар неге әртүрлі?

  • Жер бетінде неліктен тіршілік бар деп ойлайсың?

  • Балалардың қайсысы Марсқа ұшуға дайын деп ойлайсың? Өз ойыңды түсіндір.

Ауа құрамы.
Ауа құрамының диаграммасын көрсету арқылы ауаның құрамындағы заттармен таныстыру.

  • Ауа құрамында не көп?

  • Ауадағы оттек қайдан пайда болады?

  • Дем шығарғанда қандай газ бөлінеді?

  • Ауадағы басқа да газдар қалай пайда болады?

От пен ауа.

  • От пен ауаның қандай байланысы бар?

  • От жақсы жану үшін не істейді?

  • Қандай от жақсы жанады?

Зертте.
Оттың жануына ауа қажет деген болжамды дәлелдеу.
Балауыз шамдарды жағу.
Екі балауыз шамның үстіне бір уақытта бір литрлік және үш литрлік құтыларды қойып, біреуін ашық қалдыру.
Болжам жасау: Қай шам ұзақ жанады?
От жану үдерісін бақылау.
Қорытындысын жазып, зерттеушінің күнделігіне жасалған эксперименттің суретін салу.
Оқушылар оттың жануы үшін ауа қажет деген қорытындыларын дәлелдейді.
Оқушылар эксперимент барысында кестені ретімен толтыруды қадағалау.
Эксперимент: Оттың жануына ауа қажет

Қажетқұралдар




Эксперимент болжамы




Эксперимент нәтижесі




Қорытынды




Эксперименттен алған әсерім




Жұмыс соңында алдын-ала жасалған болжам мен эксперимент қорытындысын салыстыру, дұрыс болжам жасаған оқушыларды анықтау.


Ойлан.
Суреттерді көрсету.

  • Қай жердің ауасы таза?

  • Қай жерде тұрғанды қалайсың? Неліктен?

  • Ауа құрамын қалай өзгертуге болады?

Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері 49-50 жұмыс парағы (51б,52б.)

Жұмбақ

Сызба


Қажетті құралдар: үш балауыз шам тәрелкелер, бір литрлік және үш литрлік құтылар.

Кесте
суреттер



Сабақтың соңы



Рефлексия

  • Бүгін сен қандай оқушы болдың?

  • Бүгінгі сабақтан қандай қорытынды шығаруға болады?

  • Не оңай болды?

  • Не қиын болды?





Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ауа қалай ластанады ?
Ауаны ластаушы заттар қайданпайда болады ?
Ауаны ластамау ережелері тақырыптарында буклет дайындау

Зерттеушінің күнделігін бағалау.

Эксперимент жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау



Пән: Жаратылыстану
Сынып: 3
Заттар және олардың қасиеттері . Заттардың типтері

Мектеп:
Мұғалім:
Қатысқандар саны:
Қатыспаған оқушылар:

Күні:






Тақырыбы:



Суды қайдан таба аламыз?

Оқу мақсаты:

3.3.3.1судың жанды ағзаларда және жансыз табиғатта кездесетінін түсіндіру;
3.3.3.2 судың негізгі табиғи көздерін салыстыру;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;



Сабақтың
мақсаты:

Оқушылар:
қандай денелерде су болатынын біледі;
табиғи су көздерімен танысады.



Бағалау критерийі

Қазақстандағы суқоймаларын анықтайды

Тілдік мақсат

Оқушылар:
Су туралы жұмбақ шешеді, суретті сипаттайды, өз ойларын дәлелдейді.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

тұщы су

Құндылықтар

Суды қорғау

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу

АКТ қолдану
дағдылары

презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Судың үш күйі туралы біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



Сабақтың басы



Ұйымдастыру. Өткенді еске түсіру.
1. Кез –келген бұйым, кез-келген тіршілік иесі - ... деп аталады.
А) заттар
В) атомдар
С) денелер
D) әлем
2. Табиғаттағы денелер ... бөлінеді.
А) үшке
В) екіге
С) төртке
D) беске
3. Парта, орындық, кітап, қалам ..т.б Олар- ... денелер.
А) табиғи
В) жасанды
С) қатты
D) жанды
4. Заттың күйлерін анықта.
А) жанды,жансыз,табиғи
В) табиғи,жасанды,газ
С) қатты,сұйық,газ
D) табиғи, қатты, сұйық
5. Су тамшысы. Ол-....
А) дене
В) зат
С) қатты
D) газ
6. Денелер .... тұрады.
А) темірлерден
В) ағаштардан
С) заттардан
D) пластмассалардан
Жұмбақ жасыру
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бiрақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң – қорын тек,
Барша тiрлiк қурайды.


ББҮ кестесінің екі бағанын толтыру.



Білемін

Білгім келеді

Үйрендім









Жеке парақшада тест тапсырмалары

Жұмбақ
Кесте




Сабақтың ортасы



Барлық жерде су бар.
- Судың негізгі көзі қайда болады? Суды қайда кездестіре аламыз?
- Жер бетінің қанша бөлігін су алып жатыр?
- Су қандай денелерде болады?
- Өсімдік бойында су бола ма? Оларға су қайдан келеді?
- Адам ағзасында су бола ма? Адам денесінде қанша су бар?
- Бізден басқа тағы нелерге су қажет?
- Қандай ағзалар суды мекен ретінде пайдаланады?
Су көздері. Топтық жұмыс.
1. Әлемде теңіздер көп пе? Олардың сулары қандай деп ойлайсың?
2. Біздің жер шарымызда су жердің қандай бөлігін алып жатыр?
3. Теңіздер мен көлдерде, мұхиттар мен өзендерде су көлемі белгілі бір жағдайға байланысты болмаса неге өзгермейді?
Барлық топқа әртүрлі суқоймаларының аты (мұхит, теңіз, өзен, тоған, көл, бұлақ, хауыз, құдық, арық, жылға) жазылған парақшалар тарату. Оқушыларға үлестірмелі парақшаларды екі топқа топтастырып, бөлуді тапсыру. Кейбір білмеген сөздердің мағынасын түсіну үшін түсіндірмелі сөздіктермен жұмыс жасау. Жұмыстарының нәтижесін сыныптастарымен бөлісу.
Зертте Еліміздің аумағында қандай суқоймалар бар?
-ҚР-ның қандай суқоймаларын білесіңдер? Деп сұрақ қою.
Топтарға ҚР-ның картасын беру. Әр топ картадан суқоймаларды топтарға бөліп кестеге жазады. Уақыт аяқталғанда өз жазбаларымен басқа топтарды таныстыру. Бір-біріне толықтырулар енгізу.



Сен білесің бе? Балқаш көлі туралы ақпарат беру.
Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері 51-52 жұмыс парағы (53 б, 54 б.)
ББҮ кестесінің 3-бағанын толтыру.



Суреттер

Суқоймалары атаулары


Түсіндірмелі сөздік


ҚР-ның картасы

Кесте
Балқаш көлі суреті





Сабақтың соңы



Рефлексия
Сабақтағы белсенділігіңді алақандағы сызықтар бойынша бағалау.







Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Арал теңізі туралы ақпарат жинақтау

Зерттеу тапсырмасы бойынша жұмыстарын бағалау

Топтық ережелерді сақтау



Пән: Жаратылыстану
Сынып: 3
Заттар және олардың қасиеттері . Заттардың типтері

Мектеп:
Мұғалім:
Қатысқандар саны:
Қатыспаған оқушылар:

Күні:






Тақырыбы:



Судың тіршілік үшін маңызы

Оқу мақсаты:

3.3.3.3 ауыз суды үнемді қолдану қажеттілігін түсіндіру;
3.3.3.6 судың тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіру судың тіршілік үшін маңызын түсіндіру;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;

Сабақтың
мақсаты:

Оқушылар:
судың тіршілік үшін маңызын біледі;
ауызсуды үнемді пайдалану қажеттігін түсінеді.

Бағалау критерийі

Суды үнемдеу жолдарын біледі, басқаларға түсіндіре алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:
Суды үнемдеу туралы өз ойлары мен пікірлерін жеткізеді;
Сөздік қорларын дамытады, сұрақтарға жауап береді.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Ауызсу, үнемдеу, тиімді пайдалану

Құндылықтар

суды үнемдеу және қорғау

Пәнаралық байланыс

әдебиеттік оқу, дүниетану

АКТ қолдану
дағдылары

Презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Судың табиғи көздерін біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



Сабақтың басы



Ұйымдастыру
Жеке жұмыс. Су сөзін суретпен сәйкестендіру:
Қызыл сызықпен – судың қатты күйі;
Жасыл сызықпен – судың сұйық күйі;
Көк сызықпен – судың бу күйіндегі түрі.

Суреттер бейнеленген парақша, түсті қарындаштар





Сабақтың ортасы

Суды пайдалану . Жұптық жұмыс
Су қайда пайдаланылады? тақырыбында жұппен сурет салу.Әр суретке ат қойып, қабырғаға іледі.





Судың жарамдылығы.Су тапшылығы бейнеленген суреттер көрсету арқылы оқушыларға сұрақтар қою.




  • Суреттерден не байқадыңдар?

  • Жер бетінің қанша бөлігін су алып жатыр?

  • Неліктен кей жерлерде ауызсу тапшы деп ойлайсың?

  • Ащы су, тұщы су сөздерінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Адам сусыз қанша уақыт өмір сүре алады?

  • Адамдар қандай суды пайдаланады?

Мұғалімнің түсіндіруі.
Тұщы таза су – байлық. Жер шарындағы барлық судың2% ғана тұщы, ал қалған 88 %ащы су. Тұщы суды тек адамдар ішу үшін ғана пайдаланады. Ауызсу – ішуге жарамды су.Дүние жүзінде тұщы суды пайдалану жыл сайын өсіп келеді, сондықтан әлемде ішуге жарамды ауызсу­дың жетіспеушілігі өзекті мәселеге айналды. Табиғи тұщы су көздерін таза ұстау, оны ластамау, тиімді пайдалану қажет.
Қала тұрғыны тәулігіне орташа есеппен 150 л. жуық, ал ауыл тұрғыны 55 литрге жуық су жұмсайды екен. Бірақ көп су тұрмыста тектен-текке жұмсалуда. Әрдайым құбырдан аққан су қажетімізге қарай аға ма? (1 сағ – 12 л.24 сағ – 300 л)



Жұпқа парақша

Суреттер


энциклопедия
газет, журналдар
постер жасау үшін ватман, түсті қарындаш, фломастер




Зертте.Суды қалай үнемдеп пайдалануға болады?
Топтық жұмыс. Оқушыларды бірнеше топтарға бөлу. Ақпаратты топтың бір бөлігі баспа материалдарынан іздестіреді, қалған топ мектеп қауымдастығы мүшелерінен (мұғалімдерден, оқушылардан және басқа мектеп қызметкерлерінен)сұхбат алады. Ең басты сұрақ: Суды қалай үнемдеп пайдалануға болады?
Ақпарат жинақтаған соң топта постер жасау және қорғау.
Мәтінмен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Туындаған сұрақтарды талдау.

ватман қағазы мен фломастерлер энциклопедия журналдар суреттер






Ойлан. Жұптасып «Егер су болмаса, Жер бетіндегі тіршілік қалай өзгерер еді, сусыз тіршілік болуы мүмкін бе?» деген сұрақты талқылап, өз пікірлерін айту. Сусыз өз өлкесінің қандай күйде болатыны жайлы әңгіме құрастыру немесе сурет салу.
Сен білесің бе?

  • Адамдар суды қандай мақсатта көп қолданады?

  • Тұратын өлкеміздің әдемілігіне судың қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?

  • Саяжайда немесе бақшада суды пайдалану жайлы не білесіңдер?

1 килограмм картоп өсіру үшін 300 литр су жұмсалатынын айту.
Бағалауға арналған тапсырма.
1.Су ағынының күшін не үшін пайдаланады?
А) электр энергиясын өндіру үшін
В) жуыну үшін
С) өсімдіктер мен жануарлар үшін
Д) егін суару үшін
2.Жартысы ащы, жартысы тұщы көл қалай аталады?
А) Зайсан
В) Марқакөл
С) Балқаш
Д) Каспий
3. Жер бетінде қандай су көбірек кездеседі?
А) ащы
В) тұщы
С) сұйық
Д) қатты
4. Суды қорғау шараларын жаз:


Қосымша тапсырма: Жұмыс дәптері: 53, 54-жұмыс парағы (55-56б.)

Жұмыс парақшасы




Сабақтың соңы



Рефлексия

  • Сабақта не қызықты болды?

  • Сабақта не қиын болды?

  • Сабақтан не үйрендің?




Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

  1. Су жайлы мақал-мәтелдер кітапшасын жасау.

  2. Суды үнемдеу жайлы үндеу-парақшалар жасау

  3. Үйдегі ас бөлмесіндегі су тамшылап тұрған кранның астына 200 грамдық ыдысты қойып,оның қанша минутта толатынын бақыла.Сол 200 грамды сағатқа,күнге,айға көбейт. Бұзылған бір-ақ краннан қанша су ысырап болатынын анықта. 

Суды үнемдеу әдістеріне арналған постерді бағалау
Мұғалімнің ауызша кері байланысы

Ақпарат іздестіру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау



Пән: Жаратылыстану
Сынып: 3
Заттар және олардың қасиеттері . Заттардың типтері

Мектеп:
Мұғалім:
Қатысқандар саны:
Қатыспаған оқушылар:

Күні:






Тақырыбы:



Суды қалай тазартады?

Оқу мақсаты:

3.3.3.4 суды тазартудың түрлі тәсілдерін ұсыну;
3.3.3.5 суды тазартуға арналған фильтрдің өз моделін ұсыну;
3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау

Сабақтың
мақсаты:

Оқушылар:
суды қалдықтардан қалай тазартатынын біледі;
суды тазалауға арналған сүзгі жасап үйренеді.

Бағалау критерийі

Зерттеу жоспарын құрастыру. Сүзгі ойлап табу

Тілдік мақсат

Оқушылар:
Суды тазарту жолдарына байланысты сұрақтарға жауап береді. Өз ойлары мен пікірлерін дәлелдейді.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

сүзгі

Құндылықтар

Суды қорғау

Пәнаралық байланыс

әдебиеттік оқу

АКТ қолдану
дағдылары

презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Судың тіршілік үшін маңызы

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



Сабақтың басы



Ұйымдастыру. Проблемалық жағдаят
Проблемалық жағдаяттан шығу жолдарын анықтау.

  • Сен шөл далада келе жатырсың. Өзіңмен алған суың таусылып қалды. Бірақ қолыңда үлкен асыл тас бар. Бір шөлмек су үшін не істеуге дайынсың? Қолыңдағы үлкен асыл тасты бір шөлмек суға айырбастар ма едің?

Оқушылардан жағдаяттан шығудың әртүрлі жолдарын сұрау.




Сабақтың ортасы



Суреттермен жұмыс.



  • Суреттерге қара. Бұл суқоймаларының жағасында не бар деп ойлайсың?

  • Бұл жерлерде қандай жануарлар тіршілік етеді?

  • Қандай өсімдік түрлері өседі?

  • Бұл суқоймаларының маңында адамдар демала ма?

  • Қалай ойлайсың, мына суқоймалардан су ішуге бола ма? Неліктен?

  • Кез-келген суды ішуге бола ма?

  • Өздерің ішіп жүрген су қандай? Түсі, дәмі?

  • Біз күнделікті пайдаланатын суды қалай тазартатыны жайлы білгілерің келе ме?

Зертте. Оқушыларды шағын топтарға бөлу. Барлық топқа қажетті құралдар алдын-ала дайындалады. Бір мөлдір ыдысқа су құю. Ішіне ұсақ заттар салу. Суды осы заттардан қалай тазартуға болады деген сұрақ қою. Барлық топтар зерттеу жұмысының жоспарын жасайды. Жоспарды бүкіл сынып болып талдап, ең маңыздысын таңдау.

  1. Су бетіндегі қоқыстарды қасықпен алу.

  2. Суға магнит салу. Не болды?

  3. Басқа денелер неліктен тартылмады?

  4. Қоқыстары бар суды кепсермен сүзу. Кепсер тесіктерінен қандай заттар өтпей қалғанын анықтау.

  5. Не себепті құм әлі де судың құрамында жүр?

  6. Суды құмнан елеуіш арқылы тазарту.

  7. Су алдыңғысынан тазарды ма?

  8. Суды дәке мен сүзгіш қағаздардан өткізу.

  9. Нәтижесін кестеге толтыру.




судан шыққан денелер

шығарған құралдар










  • Біз не істедік?

  • Суды сүзу үшін «Сүзгі» пайдаланатынын білесіңдер ме?

  • Кімнің үйінде су сүзгісі бар?Оқушыларға көзге көрінбейтін қоқысты арнайы сүзгінің көмегімен тазартуға болатынын айту.

Есте сақта.Суды ішуге не тамақ әзірлеуге пайдалану алдында тазарту қажет, ол үшін сүзгіні қолдануға болатынын айту.
Сен білесің бе?Хлорлы су дегенді естігендерің бар ма? Не үшін суды хлорлайтынын оқушылар қосымша ақпарат арқылы біледі.
Ойлан.

  • Ата-аналарымен бірге табиғат аясында демалысқа шықтың. Егер алып шыққан суларың таусылып қалса, көл немесе өзен суын қалай тазартуға болатынын ойланып көр.

Оқушыларға жұпта ойлануға мүмкіндік беру. Болжамдарын тыңдау.

  • Жоғары температурада ғана жойылатын бактериялар мен микробтардан қалай тазартады?

Оқушылардың ойларын тыңдау. Дұрыс жауапты анықтау.
Қосымша тапсырма.Жұмыс дәптері 55, 56-жұмыс парағы (57, 58 б.)



суреттер


стақандар немесе мөлдір ыдыс, қағаз қыстырғыштар, күріш немесе басқа жарма дәндері, құм, магнит, кепсер, ұсақ елеуіш

кесте


Сабақтың соңы



Рефлексия. «Ақылдың алты қалпағы»
Әр топ қалпақтың түсіне қарай өздерінің ойларын айтады.
Ақ-сабаққа қатысты сандық деректер, анықтамалар
Сары- сабақтың сәтті кезеңдері
Қызыл–сабақ барысындағы сезім, эмоция
Қара – сабақтағы сәтсіз кезеңдер
Жасыл – шығармашылық жағы
Көк – саралау, талдау жасау






Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тазартылмаған судың денсаулыққа зияны. Постер құрастыру

Зерттеу жоспарын бағалау

Топтық жұмыста қауіпсіздік ережелерін сақтау



Пән: Жаратылыстану
Сынып: 3
Заттар және олардың қасиеттері . Заттардың типтері

Мектеп:
Мұғалім:
Қатысқандар саны:
Қатыспаған оқушылар:

Күні:






Тақырыбы:



Суқұбырдың қызметі

Оқу мақсаты:

3.3.3.4 суды тазартудың түрлі тәсілдерін ұсыну;
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу;

Сабақтың
мақсаты:

Оқушылар:
судың үйге қалай жететінін және оның қайда кететінін біледі;
сарқынды суларды тазарту қажеттілігін түсінеді.

Бағалау критерийі

Судың қалай тазаланатынын біледі;
Ортақ жұмысқа шығармашылықпен қарайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар:
өз ойларын айтады, талдайды және қорытынды жасайды,
сұрақтарға ойланып жауап береді.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Суқұбыр, сарқынды су

Құндылықтар

Суды қорғау, үнемді болу

Пәнаралық байланыс

әдебиеттік оқу

АКТ қолдану
дағдылары

презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Суды тазарту жолдарын біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



Сабақтың басы



Ұйымдастыру
Проблемалық жағдаят.
Алмас бақша суарып жүрген еді. Досы Айдос:
- Алмас, жылдам кел! Футбол ойнаймыз,- деп шақырды. Алмас бақша суарып жатқан шлангіне жерге тастады да, досына жүгірді.
Айдос одан:
- Алмас, сен тым жылдам келдің, шлангіні жаптың ба?-деп сұрады.
Алмас: - Жоқ, жаппадым. Жауып не керегі бар, аға берсін, онсыз да су көп емес пе, содан соң жабармын, -деді.

  • Балалардың ісіне баға беріңдер. Олар дұрыс істеді ме?

- Қалада барлық үйде су бар. Ол су қайдан келеді, не арқылы келеді және қайда кетеді, білесіңдер ме?
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?



сурет

Сабақтың ортасы



Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аудару.
Жұпта жұмыс жасау. Судың жүретін жолын көрсеткі бағыты арқылы бір-біріне айту. Жұптарды тыңдау. Басқа оқушылардың жауапты толықтыруын сұрау.
Жетекші сұрақтар:
- Су бастауы қай жерден басталады?
- Сорғыларда қандай үдеріс болады?
- Өзеннен су ішуге бола ма?
- Қандай су ішу керек?
Мұғалімнің түсіндіруі.Су ішуге және жалпы қолдануға жарамды болу үшін микробтардан, жағымсыз дәм мен түстен тазартылады.
Су сорғылар арқылы көлдерден, өзендерден немесе су қоймаларынан алынады, ал үлкен құбырлармен су тазарту құрылыстарына жіберіледі. Мұнда қалдықтар, бұтақтар, басқа ірі бөтен заттарды алып тастау үшін су сүзіледі. Содан кейін суды химиялық заттармен тазартады, одан кейін тас пен құмның қабаттарынан өткізеді.Одан кейін судағы микробтарды жою үшін арнайы бактерияларды қосады, хлорлайды. Тек содан кейін ол үйге құбырлар арқылы өтеді.
- Адамдар жақын маңда суқоймалар болмаса, суды қайдан алады?
- Құдықтағы су қайдан пайда болады?
- Құдықтан және ұңғымалардан алған суды тазарту қажет пе?
- Құдыққа қоқыстардың түсуі мүмкін бе?
- Құдыққа қоқыс түспес үшін не істеу керек?
Суды тазарту.

  • Пайдаланған су қандай болады?

  • Қандай суларды сарқынды су деп атайды?

  • Су пайдаланғаннан кейін қайда барады?

  • Лас су сол күйі өзенге құйылса, не болар еді?

  • Неге зияны тиюі мүмкін?

  • Мұндай жағдай болмас үшін қандай шараларды сақтау қажет?

Модель жаса.
Топтық жұмыс. Қажетті ресурстар алдын-ала дайындалады. Пластикалық стақан – тұтынушылар, ал ыдыстағы су – су көзі.

  • Ыдыстағы су бірнеше тұтынушыға жетуі үшін не істеу қажет деп ойлайсыңдар?

Әр топ эксперимент жүргізуге арналған жоспар жасайды. Сыныппен жоспарларды талқылау, қажетті жоспарды таңдау.
Нұсқаулық

  1. Екі орта диаметрлі түтікшені алып, үлкен диаметрлі түтікшеге салу.

  2. Байланысқан жерді скотчпен орау.

  3. Орта диаметрлі түтікшеге ең кіші диаметрдегі екі түтікшені салу.

  4. Жалғасқан жерді скотчпен орау.

  5. Кішкентай диаметрлі төрт түтікшенің астына стақандар қою.

  6. Үлкен диаметрлі түтікшені құйғышпен біріктіру.

  7. Зерттеушінің күнделігіне эксперимент барысының суретін салу.

  8. Қорытынды жасау.

  9. Эксперименттің бастапқы жоспарымен эксперименттің жүргізілу барысын салыстыру.

Талдау сұрақтарымен жұмыс.

  • Модель жасау үшін тағы қандай материалдар қолданар едің?

  • Шынайы суқұбыр мен үлгінің қандай айырмашылығы бар?

  • Суқұбырдың құбырлары қандай болуы керек?

Ойлан.
- Адамдар өзенді не үшін пайдаланады?
- Қаладағы суқұбыр жолының соңынан су тартуға бола ма?
- Суды қай жерге ағызған дұрыс?
Сен білесің бе?Бұрынғы кезде Сарайшық қаласының орнында қазба жұмыстарының нәтижесінде суқұбырлар табылғанын айту.
Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері 57, 58-жұмыс парағы (59, 60 б.)

сурет

коктейльге арналған әртүрлі диаметрдегі үш түтікше; скотч орамы, құйғыш, суы бар ыдыс, штатив, пластикалық төрт стақан.



Сабақтың соңы



Рефлексия

  • Бүгін .................білдім.

  • Мені ...................таңғалдырды.

  • Мені .................ойландырды.

  • Мен басқаларға .....................түсіндіре аламын.


Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өз суқұбырының макетін ойластыру (жеке, жұпта)

Модель жасау

Қауіпсіздік ережелерін сақтау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет