Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы
Жалпы білім беретін Абай атындағы орта мектебі
Ашық сабақ
Пәні : Алгебра
Сыныбы:9 а
Пән мұғалімі: Г.Харесова
2016-2017 оқу жылы
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы
Жалпы білім беретін Абай атындағы орта мектебі
Пән мұғалімі: Гулжазира Харесова
Күні: _2.12.2016
Пән: алгебра
Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласына есептер шығару./3сабақ/
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Арифметикалық прогрессияның анықтамасымен, берілу тәсілдерімен және оның жалпы мүшесімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушыны ұқыпты тыңдауға, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдай білу мақсатында өз білімін нақты көрсете алуға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, математикалық мәдениетке тәрбиелеу, жиелі түрде жұмыс істеуге, өз ойын дәл, тиянақты айта білуге үйрету.
Сабақтың түрі: қорытындылау сабағы
Сабақтың көрнекілігі: слайд, парақшалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушылар тізімін тексеру
б) Сабақтың мақсатын нұсқау
Сабақтың барысы:
1.Үй тапсырмасы
2.Ой қозғау
3.Ой толғау
4.Сергіту сәті
5.Қорытындылау
6.Бағалау
Бүгінгі қорытындылау сабақ тәуелсіздіктің 25 жылдығымен байланыстырылып құрастырылған.1991 жылдан бастап араға 10 жыл сала отырып,әр жылдың өзіндік тапсырмаларын орындау. Оқушылар 3 топқа бөлінді.
1991 жылы І.Үй тапсырмасы Тест тапсырмасы
2001 жылы ІІ. Ой қозғау Математикалық лабиринт
2011 жылы ІІІ.Ой толғау Кітаппен жұмыс
2016жылы IV. Сергіту сәті, қорытындылау
Әр жылдың тапсырмаларын орындау арқылы тәуелсіздіктің 25 жылдығына қол жеткізу.
І.Үй тапсырмасын тексеру. Тест тапсырмасы (тест жауаптары координаталық жүйеде көрсетілген)
1.Натурал аргументті функция............
А) сандар тізбегі В)мүшелері С) тұрақты сан
2. Тізбектің қанша түрі бар?
А)6 В)5 С)3
3.Арифметикалық прогрессияның айырымы қандай әріппен белгіленеді?
А)S В)d С)a
4.Тұрақты тізбекті тап?
А)1,2,3,4...п В)3;6;9;...3п С)5;5;5;5....
5. аn=а1+(n-1)×d мына формула қалай аталады?
А)сандар тізбегі В)қасиеті С) n-ші мүшесінің формуласы
Тест жауабы:
ІІ Ой қозғау. Математикалық лабиринт (3 топ 3түрлі фигура тапсырмасын орындайды)
а10=37
а1=1; d= 4; a10-?
а1=8; d= -5; a11-?
а10=47
а11=-42
а21=35
а1=2; d= 5; a10-?
а1=27; а 2=24; a15-?
а10=37
а15=-15
а3=8;
а1=4; а 2=6; a3-?
а1=-25; а 2=-22; a21-?
ІІІ.Ой толғау Кітаппен жұмыс
І топ.
177 есеп. 106 саны 10;14; ...арифметикалық прогрессисының мүшесі бола ма? Прогрессия мүшесі болған жағдайда реттік нөметрін көрсет
ІІ топ.
178есеп. .(аn) арифметикалық прогрессияның мүшелері
а10=1,9 және a16=6,1; d-? а1 -?
ІІІтоп.
179 есеп. .(сn) арифметикалық прогрессияның мүшелері
с5=8,2; с10=4,7; d-? а1 -?
IV. Сергіту сәті, қорытындылау Математикалық вальс
Бұл бөлімде топтарға араластырылып сұрақ парақшалары беріледі, қалғандарына жауаптары беріледі. Сұрағы барлар өздерінің парларын тауып, ортаға вальс билейді. Вальс біткесін, парлары бойынша парақшаның артындағы сөзді құрастырады. «Тәуелсіздікке 25 жыл !!»
деген сөйлем шығады.Оқушылар тәуелсіздік туралы өз ойларын ортаға салды.
1.Сандар тізбегінің орналасуы
сөзбен берілсе
2.Шекті тізбек
3.Шексіз тізбек
4.Тұрақты тізбек
5.Кемімелі тізбек
6.Кез келген көршілес екі
мүшенің айырымы
7. аn=а1+(n-1)×d
8.
9.Тізбек п-ші мүше формуласы
арқылы берілсе
10. оқылуы
1.Баяндау тәсілі
2.10;20;30;40;,,,90.
3.1;2;3;4;5;,,,,п.
4.5;5;5;5.
5.1;1/2;1/3;1/4;,,,,1/п
6.Арифметикалық прогрессия
айырымы
7.п-ші мүше формуласы
8.Арифмет. прогрессия қасиеті
9.Аналитикалық тәсіл
10.Бірінші мүшесіне ізделінді мүшенің
реттік нөмерінен бірге кем
санға көбейтіндісін қосу
Үйге тапсырма:181.183
Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |