Сабақ Пәні: Қазақ тілі Сынып: 10 ә Күні: 18 желтоқсан



Дата08.09.2017
өлшемі47,71 Kb.
#31445
түріСабақ
Бекітемін: Л.Гылымбаева


Сабақ

Пәні: Қазақ тілі

Сынып: 10ә Күні: 18 желтоқсан

Барлық оқушы саны: 16

Қатысқан оқушы:

Сілтеме:

Күнтізбелік жоспар,оқулық. Қазақ тілі (сөз мәдениеті) оқулығы 10-сынып.

Тақырып:

Әдеп, әдептілік ұғымдары


Жалпы мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды әдеп, әдептілік ұғымдарымен таныстыру; әдеп терминінің алғаш қолданылуы; іскерлік қарым-қатынаста сөз әдебін,сөйлеу мәдениетін сақтай білу; әдептіліктің кейбір ұстанымдары: сенім, сабырлық туралы білімді меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасау, өз пікірін еркін жеткізу арқылы жаңа білімді өз бетімен меңгеру қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Ресурстары:

оқулық, бор, тақта, бағалау парақшалары, флипчарт, түрлі-түсті бояғыштар, стикерлер,

Әдіс-тәсілдері:

тәсілі: жекелей, жұппен, топпен

Әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, іздендіру, талдау, «Кубизм», «Фишпул»

Оқыту нәтижелері:

  • Диалог арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады;

  • Өз пікірін негізді, тұжырымды түрде білдіре алады;

  • Тарихи тұлғалардың өмірі мен атқарған қызметі туралы айта алады;

  • Жұптық, топтық жұмыстар негізінде ынтымақтастыққа үйреніп, шығармашылықпен жұмыс жасайды;

  • Мәтіндегі негізгі ойды айта алады;

  • Оқушылар бірін-бірі оқытуға үйренеді;

  • Терминдер мен ұғымдарға анықтама бере алады;

Түйінді идеялар:

Әдеп. «Мінез-құлық ережелері». Ежелгі Мысыр. Аристотель. Конфуций. Кішіпейілділіктің үш түрі. Әдептілік ұстанымдары. Іскерлік қарым-қатынастағы сөз әдебі және сөйлеу мәдениеті.

Дереккөздер:

Оқулық, ғаламтор материалдары.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, түгендеу

«Достық торы» ойынының жүру ережесімен таныстырады.

Топқа бөліп, бағалау парақтарын таратады. Бүгінгі сабақтан жақсы әсер алып, үйге көтеріңкі көңіл-күймен қайтуға тілектеспін.

 Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім тоқыма жіпті бір саусағына іліп алып, өзі қалаған оқушыға жылы лебізін білдіріп лақтырады. Жаттығу осылай жалғасады. Соңында «достық торы» пайда болады.

Топқа бөлу: «Топ таңдау»

/3 топқа бөлінеді: №1, №2, №3/



Үй тапсырмасы

«Этнолингвистика және оның салалары» тақырыбы бойынша сұрақтар жазылған «Құпия хат» таратады.

Әр топтағы оқушылар бірлесіп сұрақтарға жауап береді


Оқушылар бағалау парағының өзін-өзі бағалау бағанын толтырады.

Жаңа тақырып


Қызығушылығын ояту

Жаңа тақырыппен таныстырып, миға шабуылдау арқылы сабақтың мақсатын оқушылармен бірлесе құрады.
Мұғалім екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялатады.

«Бүгінгі сабақта не туралы оқып-білетін боласыңдар?» сұрағына өз ойларын білдіреді.

- Әдепті бала қандай болады?
- Өз іс - әрекетіңнен ұялған кезің болды ма?
- Әдепті адамның бойында қандай қасиеттер болуы қажет?
Сұрақ бойынша әр оқушы жекеше өз ойларын қағазға түсіреді. Содан кейін жұбымен талқылайды, пікірлеседі.

Мұғалімнің мадақтауы

Мағынаны ажырату

Әр топқа тапсырма береді.

«Кубизм» әдісі
Интерактивті тақтадан қысқаша шолу жасау

Рөлдік ойын «Әдептілік»


Әр топтағы оқушылар мәтінмен танысып, жұп болып талдағаннан кейін әр топтан бір оқушыдан шығып «Кубизм» әдісімен сұрақтарға жауап береді.

Алған түсініктерін толықтырады.
70-жаттығу. Ауызша орындау

71-жаттығу. Дәптермен жұмыс. Тақтада орындау.

Оқушылар шағын көрініс тамашалайды, сұрақтарға жауап береді

Тақырыпты түсіну деңгейлерін «Басбармақ» әдісімен бағалайды.




Сергіту сәтін өткізу.


«Жасырынған сөздер» ойыны бойынша сергіп, демалады.




Ой толғаныс

Сабақ барысында меңгерген білімдері негізінде шығармашылық жұмыстар орындауға тапсырма береді.

«Фишпул» әдісі

«Іскерлік-бүгінгі заман адамына қажетті басты қасиет» пікірталас ұйымдастыру.

Әр топтан өз қалауы бойынша оқушылар екі шеңберге отырады.

Топ басшысы бағалау парағына оқушылардың топтық жұмысқа қатысу деңгейлерін бағалайды.

Бағалау

Бағалау парақшасы:


Оқушының аты:

Ұпайы

1 ұпай

2 ұпай

3 ұпай

Өзін-өзі бағалау (үй тапсырмасы)








Топ басшысының бағалауы (шығармашылық жұмыс)









Мұғалімнің бағалауы









Жины:

9 ұпай –«5», 7-8 ұпай –«4», 5-6 ұпай - «3», 3-4 ұпай – «2»


рефлексия

Сабақтан алған әсерін «Ойлану стратегиясы» әдісімен білдіреді

Үйге тапсырма

П. 13.

71-жаттығу аяқтау, 74-жаттығу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет